Илья – нағыз жігіт!
ЖАП-ЖАҢАЛЫҚ:
“Олимпийский чемпион Илья Ильин пришел на судебное заседание поддержать Талғата Ермегияева”.
АУЫЛ ШОПЫРЫНЫҢ ПІКІРСЫМАҒЫ:
Илья – нағыз жігіт!
Әкелі-балалы Ермегияевтардың жақсылығын көрген адам көп қой.
Әсіресе, өнер саласында…
Көбісі “ішерін ішіп, жейтінін жеп” алып, енді “керует астында тығылып жатыр”.
Талғатты сот шешімінен бұрын қорғайын деп отырған жоқпын. “Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды”. Халық қазынасынан бірдеңе жырып қалу, қазақ атқамінерінің қанына сіңген қасиет. “Ұлттық мінез”. Талғат та басқа әріптестері сияқты қарпып қалушының бірі болса керек-ті. Бірақ, адами қарым-қатынас деген бар емес пе? Жаны қысылған азаматты (тым құрығанда) руxани жағынан қолдауға болады ғой. Мұндайда айтылатын бір ауыз жақсы сөздің өзі адамға үлкен қуат береді.
Ал, сатқындық деген өте жаман нәрсе.. Соған қатты бейімдеу сияқтымыз.
Ескерту: Тақырып “кейіпкері” – айыпталушы (кіші) Ермегияев емес.
Пікір қалдыру