|  | 

Әлеумет

ҚҰРМЕТТІ ЕЛБАСЫ, САҒАДИЕВ ТӨҢКЕРІС ЖАСАМАҚШЫ МА?..

АШЫҚ ХАТ

Құрметті, Нұрсұлтан  Әбішұлы!

Сіз  жаңа  тағайындаған министр  Е. Сағадиев  бүкіл  білім,  ғылым  және  мәдениет  саласында  реформа  емес, төңкеріс  жасамақшы. Ал әлемдік  тәжірибеде  білім, тіл  мәселесі  және  мәдениет  эволюциялық  даму  жолымен өркендейді.  

Министрдің  айтуы бойынша,  әлемде  жоқ  3 тілді  мектеп  моделінің  негізінде  қазақ  тілі  мен  әдебиеті, Қазақстан  тарихы  пәндерін – қазақ тілінде, орыс  тілі мен  орыс  әдебиетін, дүниежүзі  тарихын  – орыс  тілінде, ал  жаратылыстану  пәндерінің барлығын  – ағылшын  тілінде  оқыту  көзделіп  отыр. Келесі 2017 жылғы оқу жылынан  бастап жаратылыстану пәндері жоғарғы сыныптарда  ағылшын  тілінде  оқытыла бастамақ. Бұл  не  деген  асығыстық, бүгінде  мектепте ағылшын  тілін  жетік  білетін  мұғалімдер жоқтың  қасы, ал  кейбір  ауыл,  аудан  мектептерінде  ағылшын  тілі  үйретілмейді. Сонда  дүниежүзі  тарихы, география, математика, физика, информатика, химия, астрономия  және  тағы  басқа  пәндер  мектепте  мүлдем  қазақша  оқытылмайтын  бола ма? Бұл әрекет  онсыз  да  мүшкіл  қазақ  тілі мен  мәдениетіне  жалпы, қазақ халқының  болашағына  орасан  зиян  келтіреді. 

Министр  қазаққа  жаны  ашыған  болып:  «Қазақ  мектептерінде  оқыған  жастардың  әрі  қарай  сапалы  білім  алуының  шектеулі  екенін көріп  отырмыз. Мысалы біздің  ең  жоғарғы  ағылшын  тілінде  дәріс  беретін  Назарбаев  университетіне, ҚМЭБИ, ҚБТУ университеттеріне  ауыл  жастарының  түсуіне  біраз  қиыншылықтардың  бар  екенін  өзім көрдім»  дейді.  Олай  болса,  ауыл  жастары  жақсы  білетін  ана тілінде  сол  жоғарғы  оқу  орындарында  сабақ  беру  керек,  қазақ  тілінде  сапалы  оқулықтар  шығару  қажет. Мектептің  мақсаты  балаларға  жан-жақты  білім  беру, тек  ағылшын  тілін  үйрету емес. Оқушылар  қай  тілді  жақсы  білсе, сол  тілде оқып,  мамандық  алуы  керек. 

“Екіншіден, бізде  орыс  тілінде  оқытатын  мектептер де  бар. Онда көптеген  қазақ  жастары  оқиды. Шынын  айтсақ, сол  қазақ  жастарының   көбі  қазақ  тілін  дұрыс  білмейді, дұрыс   түсінбейді. Осы  себептерге  байланысты  біздегі  білім  алу  жүйесінде  тепе-теңдік  жоқ” – дейді Ерлан  Сағадиев. Министр айтқандай, орыс мектептерінде  мемлекеттік  тілді дұрыс оқытпайтыны рас. Десек те, министр бірінші кезекте Конституцияда  жазылған  мемлекеттік  тілді  оқытуды  жолға  қою  керектігін неге білмей  білмей отыр?   

Тәуелсіздік  алған тұста біздің  Үкімет  «Қазақтардың  елдегі үлес салмағы  44 пайыз, 50 пайызға жеткен соң ғана мемлекеттік тілді білуді талап етуге болады. Сол себепті, мемлекеттік  тіл  туралы  мәселені  қозғамай  тыныш  отырыңдар» деген-ді. Арада  міне, 25 жыл  өтті,  қазақтардың  үлес салмағы 67  пайыздан  асты. Енді «орыс  тілімен  қоса  ағылшын  тілін  де үйрен» деген басқа сылтау табылды.    

Мына  түрімізбен  жуық  арада  қазақ  тілінің  көсегесі  көгермейді  деген  сөз. Кезінде  Кеңес одағының тұсында  орыстардың еліміздегі үлес салмағы 43  пайызды  құраған, соған  қарамастан  бүкіл  халық болып орысша  сөйлемедік пе?.. Қазіргі  таңда, Иран елінде  парсылардың  үлесі  35  пайызды  құрағанымен, өзге  ұлт   өкілдері  парсыша  сөйлейді. Басқа  де  ТМД  елдерінде  солай, біз  ғана  артта  қалып  жатырмыз. Келімсектердің  жергілікті  халықтың  тілінде  сөйлеуі – бұл  дүниежүзінде  қалыптасқан  үрдіс. Тек бізде ғана қазақты, қазақтың тілін ешкім менсінбейді. 

«Жуас  түйе  жүндеуге  жақсы» демекші,  тәуелсіздік  алғанымызға  25 жыл  өтсе де, әлі  күні  Премьер-министр, министрлердің, әкім-қаралардың  көбі  орыс  тілінде  сөйлеседі. Өз  елін  менсінбейтін  шенеуніктер  Қазақстанды  техникасы мен  электроникасы  дамыған  Америка, Франция, Германия, Жапония, Сингапур сияқты елдермен  салыстырады. Ал  біз  шикізат  шығарушы, мал  шаруашылығы  басым  елміз. Әр  халық  өз   деңгейінде  жұмыс  істеу  арқылы  дамиды.  

Иә, ағылшын  тілі    дипломаттарға,  ғалымдарға, бизнесмендерге керек.  Ал, «Ағылшын  тілін  үйренсе  болды, әлемдік  білім-ғылымға,  байлыққа  апарады»  деген  сөз барып  тұрған  сауатсыздың сөзі. Ағылшындар  жаулап  алып, өз  тілін  күштеп  енгізген  Африканың  20-ға  жуық  бұрынғы  бодан  мемлекеттері,  Азиядағы  Үндістан, Камбодже, Бангладеш, Шри Ланка, Индонезия, Филлипин және т.б. елдер  дамып  кетті ме?.. Оларды дамыған елдер дей аламыз ба? Жоқ, әрине. 

Аталған елдің халқы ағылшын  тілінде ағып тұрғанымен  әлі  күнге  аш-жалаңаш  кедейшілікте  өмір  сүріп  жатыр. Осындайда  ғұлама  Бенедик  Спинозаның: “Тек құл ғана қожайынының тілінде сөйлейді” («Только  рабы  разговаривают  на  языке  хозяина») деген  сөзі  қаны  шығып  тұрған  шындық екендігін мойндайсыз. Ахмет  Байтұрсынұлының  «Сөзі  жоғалған  жұрттың  өзі  де  жоғалады» дегені  осындайда және еріксіз  ойға  оралады.  

Құрметті, Президент   мырза!

Өзіңіз  Жарлығыңызбен  бекіткен  2011-2020  жылға  арналған  тілді  дамыту  Бағдарламасында  орта  мектеп  бітірген  азаматтар 2020 жылы  толық  қазақша  сөйлейді  деп  жазылған. Осыны  орындаудың  орнына  Ерлан  Сағадиев  қазақ  мектептерін  жаппақшы. Бұл  ұсыныс   мүлдем  ақылға  сыймайды. Сонда  министр  қай  халыққа,   қай  мемлекетке  қызмет  етіп жүр?  Елді  дүрліктірмей  бұндай  қателікті  түзетуіңізді  сұраймыз.  

Әлемде  ғылым, білім, жаңа  технология  тек  ағылшын  тілінде  емес, техникалық  прогресс, электроника  француз, испан, бенгал, жапон, кәріс, қытай, италян, неміс және орыс  тілдерінде  жазылады. Жаңа  министр  соны  да   білмегені  ме? 

Біз – сан  ғасырлар  ұстанған  тілі  мен  діні, салт-дәстүрі, әдебиет  пен  мәдениеті  қалыптасқан  елміз,  сондықтан  да  біз  ешқашан  өз  тілімізден  айырылмаймыз. 

Жұмамұрат  Шәмші, журналист,  Тарих  ғылымдарының  кандидаты

Мұхтар  Шаханов, ақын, «Мемлекеттік  тіл»  қозғалысының  төрағасы

Жангелді  Шымшықов, Экономика  ғылымдарының  кандидаты, профессор

Мұхтарбай  Өтелбаев, Физика-математика  ғылымдарының  докторы,  академик

 

Бауыржан  Исабеков, Экономика  ғылымдарының  докторы,  профессор

Серік  Тұрғынбекұлы, ақын, Алаш  сыйлығының  лауреаты

Бақытжан  Тобаяқов, ақын, Жазушылар одағының  мүшесі

Сланқожа  Қарақыстық, Ақын, композитор, запастағы  полковник

Бұл тізімге 500 адам қолын  қойып,  сізге  ұсынып  отырмыз.

 

Abai.kz

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: