|  | 

Руханият

Бішкекте жұма намазына уақыт бөлетін заң жобасын қарамақ

Бішкектегі мешітте жұма намазын оқып отырған азамат. 28 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Бішкектегі мешітте жұма намазын оқып отырған азамат. 28 қазан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Қырғызстанда мемлекет мекемелері, жеке кәсіпорындарда жұмыс істейтін мұсылмандардың жұма намазына қатысуына уақыт бөлу үшін еңбек кодексіне түзету енгізу туралы ұсыныс қаралып жатыр.

Қырғызстанда кейде осындай діни даулар шығып тұрады. Бұл жолы жұма күнгі жұмыстың арасындағы түскі үзілісті ұзарту мәселесі талқыланып жатыр. Бірқанша депутаттар халқының мұсылмандары көп, бірақ ресми түрде зайырлы ел саналатын Қырғызстанда жұмыс берушілер қызметкерлердің жұма намазына баруына жағдай жасауы керек деп санайды.

Жұма намазы – әлемдегі барлық мұсылмандар үшін негізгі құлшылықтың бірі. Осыдан үш жыл бұрын жұмыс аптасын дүйсенбіден жұмаға дейін емес, мұсылмандар тұратын басқа елдердегідей жексенбі мен бейсенбі аралығына жылжытайық деген ұсынысы бар заң жобасы қаралған еді. Бірақ ол жоба өтпей қалған.

Қазір Қырғызстан билігі әсіредіншілдерден қауіптенеді, кейінгі кезде Қырғызстандағы әсіредіншілдер рөлі туралы пікірталастар күшейіп келеді. Бірақ қалыңдық алып қашу немесе көп әйел алу сияқты заңсыз әрекеттерді қасақана байқамау құбылысы да бар.

Жаңа заң жобасындағы ұсыныстар еңбек кодексіне енгізілсе, барлық мемлекеттік мекемелер және жеке кәсіпорындар қызметкерлері 12:30-дан 14:30-ға дейін үзіліс алып, жұма намазын оқып келу мүмкіндігіне ие болмақ. Басқа күндері түскі үзіліс уақыты бұрынғыша бір сағат болып өзгеріссіз қалады.

Қырғызстандағы жұма намазы туралы орыс тіліндегі репортаж:

 Жүктеп алу 

​Күніне бес уақыт намаз оқу – ислам дінінің парызы. Бірақ кейбір діндарлар әйелдердің мешітте намаз оқуын құптамайды. Ал жұма күні түскі үзілісті ұзартуды қолдаушылар «бұл шара жұмысшылардың құқын қорғайды» десе, сынайтындар «діни ережелер зайырлы мемлекеттің еңбек кестесіне ықпал етпеуі керек» деген уәж айтады.

«Бұл күніне бір сағат, аптасына бір күн ғана, бір жылда екі-ақ күнтізбелік күн болады» дейді өзгерісті қолдайтын парламент депутаты Тазабек Икрамов. Оның айтуынша, «заң шығарушылардың көбі бұны құптайды».

Ол «адамдар мешітке намаз оқуға бәрібір бара береді, тіпті заңды өзгертпеген күнде де олар жұма намазынан қалмайды» дейді.

Қырғызстан халқының төрттен үші, яғни 6 миллионға жуық адам – мұсылман. Қырғызстан мүфтиінің орынбасары Акимжан Ергешов заң жобасын қолдайды. «Мұсылман дінін ұстанатын азаматтар солайша заң талабына қайшы келмейтін болады» дейді ол.

Азаттықтың Қырғыз қызметіне сұхбат берген ол «Қазір діндар азаматтар заң бұзуға мәжбүр, жұмыста ескерту алады, дін талабын орындағаны үшін жұмыссыз қалып, нәпақадан қағылып жатады» дейді. Бірақ заң жобасына қарсылар арасында мұсылмандық парызын өтеп жүрген діндар адамдар да кездеседі.

Бішкектегі журналист Баян Кулова «Мұсылманмын, ислам діні талаптарын құрметтеймін, дін ұстаймын, бірақ намаз үшін жұмыс сағатын қысқарту дұрыс емес деп ойлаймын» дейді. Кулованың пікірінше, мұсылмандар жұма намазын кабинеттерінде оқи алады. «Көптеген мекемелерде намаз бөлмесі бар. Әсіресе депуттаттардың жеке кабинеті бар, егер оқығысы келсе намазды сонда оқысын» дейді ол.

Қырғызстан Жоғарғы Кеңесі (парламенті). Бішкек, 28 қазан 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Қырғызстан Жоғарғы Кеңесі (парламенті). Бішкек, 28 қазан 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Адвокат Нурдин Асанов «бұл заң жобасын үлгі тұтқан өзге дін өкілдері де талап қоюы мүмкін» дейді. Оның сөзіне қарағанда, «Басқа діни сенімдегі адамдар заңды өздерінің діндеріне сай өзгертуді талап етуі ықтимал. Қырғызстанда православ шіркеуі өкілдері мен католиктер бар, мұсылмандар сүннит және шиит болып бөлінеді және олардың ғұрыптары да әртүрлі».

Парламент заң жобасын талқылайтын күнді әлі белгілеген жоқ. Қырғызстанның бұрынғы омбудсмені Тұрсынбай Бакирұлы 2013 жылы «басқа мұсылман елдеріндегідей жұмыс аптасын өзгертейік, екі күнге созылатын демалыс жұма басталсын» деген ұсыныс жасаған еді. Бірақ оны қолдаушылар аз болды.

Қырғыз билігі тыйым салынған ұйым «Хизб-ут Тахрир» әсіредіншілдертобы мүшелерін үнемі тұтқындап жатады. Одан бөлек, жастардың радикалданып кетуінен қауіптенеді әрі олардың «Әл-Қаида» мен «Ислам мемлекеті» террористік ұйымдары сияқты топтармен байланысып, Сирия мен Иракқа кетіп жатқанына алаңдайды. Жақында Бішкек елдегі 100-ге жуық ислам діні мектептері немесе медреселерінің ондаған басшысына лицензияға сәйкестіктерін тескеретіні туралы ескерту жасады.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің мақаласы ағылшын тілінен аударылды.

Азаттық радиосы

Динара ӘЛІМЖАН

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: