|  | 

Сұхбаттар

Мемлекеттiң өгей баласы

ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ ОСЫНДАЙ ПIКIРЛЕР НЕГЕ АЙТЫЛАДЫ?

Қазақстанда ғылымға бөлiнетiн қаржы жылдан-жылға азайып, биылғы жылы бұл саланы дамытуға жалпы iшкi өнiмнiң небәрi 0,076 пайызы ғана жұмсалмақ. Бұл салада еңбектенетiн ғалымдардың жағдайы да мемлекет назарынан тыс қалғалы қашан. Жақсы жалақыны былай қойғанда, белдi ғылыми институттар таратылып, ендi бiрi бiрiгудiң алдында тұрғандықтан, бiрер жылда ғылымды дамыту емес, сақтап қалу төңiрегiнде сөз қозғауымыз бек мүмкiн. Елiмiздегi Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбасары Нұрлан АТЫҒАЕВ мырзамен Қазақстан ғылымының жағдайы жайлы әңгiмелесiп, осы мәселелер төңiрегiндегi ой-пiкiрiн сұрап бiлдiк.
– Нұрлан Әдiлбекұлы, ең алдымен Қазақстан ғылымының қазiргi жағдайы қандай, әңгiменi содан бастасақ.
– Шындығын айтсақ, қазiр Қазақстанда ғылым өте қиын жағдайда. Әлемдiк тәжiрибеге сәйкес, ғылымның тұрақты дамуы үшiн оған бөлiнетiн қаржы мемле­кеттiң жалпы iшкi өнiмiнiң (ЖIӨ) кемiнде 1,5 пайызын құрауы керек. Дамыған елдерде ғылымға жалпы iшкi өнiмнiң 2-3 пайызы, кей мемлекеттерде одан да үлкен қаржы жұмсалады. Мысалы, Қытай мен Швецияда мемлекет ғылымға ЖIӨ 3-4 пайыз қаржысын жұмсайды. 2013 жылғы мәлiмет­тер­ге сәйкес, Финляндияда бұл көрсеткiш – 3,5 пайыз, Жапонияда – 3,04 пайыз, Швейцарияда — 2,73 пайыз, ал көршi Ресейде – 1,7 пайызды құраған.
Ал Қазақстанда 2015 жылы ғылымға 43,6 млрд теңге жұмсалған, бұл жалпы iшкi өнiмнiң 0,15 пайызы едi. 2016 жылы жағдай мүлдем қиындады. Академик Зулхаир Мансуровтың келтiрген мәлi­метiнше, Республикалық бюд­жеттiк комиссия осы жылға ғы­лым­ға 21,226 млрд теңге қаржы бөлiп отыр, бұл жалпы iшкi өнiмнiң 0,076 пайызын құрайды. Сонымен қатар бұл бөлiнген қаржы да ғалымдарға толық жетпейтiнiн ескеру керек. 2015 жылы келтi­рiл­ген Есеп комитетi­нiң мәлiме­тiн­ше, соңғы уақытта ғылымға бөлiнген ақшаның 51 млрд тең­гесi талан-таражға түс­кен. Бұл ғылымға жетпей, заңсыз жоғал­ған қаржы болса, мұнымен қоса заңға сәйкес ұсталатын ақша бар. Мысалы, ғылымға бөлiнген ақшаның бiрталай бөлiгi қазiргi күнi “Ғылым қоры” АҚ арқылы өтедi. Ал бұл қор әр жобадан делдал ретiнде тағы 8 пайызын ұстап қалады. Сонымен қатар осы бөлiнген қаржыдан 12 пайызы қосымша құн салығы ретiнде ұсталады. Мұның сыртында бас­қа әлеуметтiк аударымдар бар.
Негiзi бұл “Ғылым қорының” қаншалықты қажет екенi түсiнiк­сiз. Мысалы, гранттық жобаларды қаржыландыру Ғылым коми­те­тi арқылы өтедi, сондықтан олардан ешқандай делдалдық пайыздар ұсталмайды. Неге бас­қа мемлекеттiк тапсырыстарды да тiкелей Ғылым комитетi қаржыландырмайды?
Кезiнде мемлекет тарапынан ғылымды қолдау шаралары жақсы жасалғаны белгiлi. Мысалы, 1970-80 жылдары Кеңестер Одағында оған ЖIӨ-нiң 3 пайызы жұмсалатын. Соның арқасында 1946 жылы құрылған Қазақстан Ғылым академиясының ғылыми әлеуетi жоғары мамандары, мықты материалдық базасы болған. Мысалы, оның 600 автомашинаға жуық өз автопаркi, бiрнеше корпустан тұратын “Зерде” деген санаторийi бар едi. Санаторийде ғалымдар демалып, тыныштықта ғылыми еңбектер жазатын. Сол “Зерде” де, автопарк та баяғыда сатылып кеткен.
Кеңестiк заманда ғылыми мекемелерге өз қызметкер­лерiне беру үшiн мемлекеттен арнайы пәтерлер бөлiнетiн. Мысалы, тоқыраудағы 1983 жылы бiздiң Тарих және этнология институтынан 15 қызметкер пәтер алған. Ал 1991 жылдан берi институтқа бiрде-бiр пәтер берiлмедi.
Бұрындары Ғылым академиясының өз жатақханалары болған, сондықтан өзге қаладан келген дарынды жастарды жұмысқа алып, оны тұратын жермен қамтамасыз етуге мүмкiндiк жасалды. Ал қазiр ғылыми-зерттеу ме­кемелерi осы жатақханалар бая­ғыда сатылып кеткендiктен, ондай мүмкiндiктерден айырылған.
Жалақы мәселесiне келсек, Кеңестiк кезеңде ғалымдардың жалақысы елдегi орта жалақыдан (120-150 сом) 2 есе үлкен (300 сомнан жоғары) болған. Қ.Сәтбаевтың естелiгiнше, сонау соғыс жылдарының өзiнде елiмiздегi ғылымның болашағын ойлаған Қазақстанның сол кез­дегi басшысы Ж.Шаяхметов қар­жы тауып, аспиранттар мен докторанттардың стипендиясын ха­лық комиссарының (министр) орынбасарының жалақысымен теңестiрген.
Ал қазiргi күнгi ғылыми мекемеде iстегеннен ЖОО-да iстеген қаржы жағынан пайдалы. Ғылыми-зерттеу институттарында же­тек­шi мамандар, ғылым докторлары еңбек өтiмiне байланысты 80-100 мың теңге, кiшi ғылыми қызметкерлер 45-50 мың теңге жалақы алады. Бұлардан заңда көрсетiлген мiндеттi аударылымдар тағы да ұсталынып қалады. Сондықтан өткенде академик О.Сәбденовтiң ғылым докторының жалақысы бiр компанияның есiгiндегi қарапайым күзетшiнiң жалақысынан аз дегенi шындық.
Бұл өткен Кеңестер Одағын сағыну емес. Тәуелсiздiктiң қа­дiрi биiк қой, бiрақ мемлекет пен ғылымның қазiргi қарым-қатынасының ақиқаты осы.
Негiзi Қазақстан – КСРО-дан шыққан елдердiң iшiнде өз Ұлттық Ғылым академиясын сақтамаған жалғыз ел. 2003 жылы ол таратылып, оның орнына өзiнiң еш мүлкi, ешқандай билiк тетiгi жоқ “Ғылым академиясы” деген аты ғана бар қоғамдық бiрлестiк құрылған.
Сондықтан өкiнiшке қарай, бүгiнгi күнi әңгiме Қазақстанда ғылымды дамыту туралы емес, ғылымды сақтап қалу туралы өрбу керек. Қазiр елiмiздiң ғылыми-зерттеу институттары жабылып қалу алдында тұр. Мысалы, кезiнде 75 адам қызмет еткен Адам мен жануар физиологиясы институтында осы жылы 6 ғылыми қызметкер қалды. Қазiр үкiметте Алматыдағы А.Байтұрсынов атындағы Тiл бiлiмi институтын, Астанадағы Шаяхметов атындағы Тiлдердi дамыту орталығы және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық бiлiм беру академия­сымен бiрiктiру мәселесi қарастырылып жатыр. Ал бұл 3 меке­менiң атқаратын қызметi әртүрлi екенi ескерiле ме, бұл жағы белгiсiз. Оларды бiрiктiрсе, әлем­де қазақ тiлiн зерттейтiн жалғыз ғылыми институттан айырыламыз. Мұндай тәжiрибе Тәуелсiз Қазақстан тәжiрибесiн­де бар. БҒМ қарасты Мемлекет және құқық институты 2000 жылдары Қазақ гуманитарлық заң уни­верситетiне қосылған, қазiр ол институт жоқ.
Қазiр ғылыми-зерттеу институттарының жағдайы өте мүшкiл. Тiл бiлiмi институты сияқты бiрнеше мыңжылдық қазақ тарихын, этнографиясын зерттейтiн әлемде тек жалғыз ғылыми мекеме – Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, қазақ әдебиетi мен өнерiн зерттейтiн жалғыз ғылыми мекеме – М. Әуезов атындағы Әде­биет және өнер институты, қазақ философиясын зерттейтiн – Философия, саясаттану және дiн­тану институты бар. Бұл институттардың тағдыры қазiр қыл үстiнде тұр. Бiрнеше жыл болды оларды ҚазҰУ-ге қосу туралы әңгiме жүрiп жатыр. Және де бәрi соған келе жатқан тәрiздi.
Ғылымның университеттер жанында дамуы бұл әлемдiк тәжiрибе дейдi. АҚШ пен Еуропа елдерiнде көп жағдайда же­ке­меншiк қаржы есебiнен университеттерде ғылыми зерттеулер жүргiзiлетiндiгi шындық. Бiрақ сонымен қатар бұл елдерде мемлекет мүддесiне жұмыс iстейтiн, үкiмет қаржыландыратын жеке, кей жағдайда жабық ғылыми-зерттеу институттары да жұмыс iстейдi. Ал бұл жағы бiзде көп айтылмайды.
Сонымен қатар Қазақстанда Назарбаев университетi болмаса, қазiр жоғарғы деңгейде ғы­лыми зерттеулер жүргiзетiн өзге жоғары оқу орындары бiзде жоқ. Себебi ғылым деген ол жаңалық, жаңа дерек, жаңа пайым, ол үлкен еңбектi, iзденiстi талап етедi. Ал университет ұстазының оқу жүктемесi 800-1000 сағат құрайды, сонымен қатар олардың сабақ беруден басқа көптеген мiндеттерi бар. Тек пәннiң оқу методикалық курсын дайындаудың өзi – адамды шаршататын нәрсе. Университет оқытушысы өз демалыс уа­қытында ғана iс-сапарға шығып, мұрағаттарда жұмыс iстеуге мүмкiндiк алады. Мұндай жағдайда одан қандай iзденiс, қандай жаңалық талап етуге болады? Қазiргi жағдайда шындығында iргелi ғылым тек ғылыми-зерттеу институттарда ғана бар.
Шындығында, елiмiзде ғы­лым­ды дамытудың, ғалымдарды қолдаудың нақты, жүйелi саясаттың болмауы ғылымның әлеу­е­­тiн әлсiретiп жiбердi. Кезiнде “етi тiрi”, орта жастағы жақсы мамандар тiрлiк қамымен өзге салаларға кетiп, ғылымда әлi ғалым болып қалыптаспаған жас­тар мен зейнеткерлер қалған. Қазiргi күнi ғалымдардың жастық пайыздық көрсеткiшi шамамен мынандай: 25-35 жастағылар – 40 %, 35-45 жастағылар – 15%, 45-55 жастағылар – 20%, 55-65 жастағылар – 15%, 65 жастан асқандар 10%-ды құрайды. Жастардың пайыздық көрсеткiшi жоғары болғанымен, бұлар денi әлi ғылымға толық келе қоймаған магистранттар мен докторанттар, ғалым болып қалыптаспаған ғылыми қызметкерлер. Сондықтан отандық ғылымды негiзiнен орта жастан асқан, зейнеткерлiк жасқа жақындаған немесе зей­неттегi мамандар жасап жатқанын мойындау керек. Өкiнiштiсi, жастарды ғылымға баулитын орта буын жоқтың қасы. Бұлай жалғаса берсе, жекелеген ға­лымдар болса да, 2-3 жылда Қазақстанда ғылым терең дағдарысқа түсуi бек мүмкiн.
2014 жылдан берi 10 ғылыми-зерттеу институты ҚазҰУ-мен бiрлесiп магистрантура мен докторантурада жас ғалымдарды дайындап жатыр. Бұл жаңа, жақсы бастама болды, бiрақ менi олардың бiтiргеннен кейiн ғылымда қалу мәселелерi алаңдатады. Қазiр институттарда қаражаттың жетiспеуiне байланысты қысқартулар жүрiп жатыр, жастарды жұмысқа алу түгiлi қалыптасқан мамандарды сақтап қалу қиын. Сондықтан осы жастардың ғылымда қалуы екiталай.
– Жақында ендi жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы оқылмайды, деген ақпарат естi­дiм. Бұл солай ма?
– Менiң бiлуiмше, қазiр ЖОО-ға арналған Мемлекеттiк стандарттың жобасы талқылануда. Ендi мiндеттi түрде оқылатын пәндер қатарына Қазақстан тарихының орнына Қазақстанның қазiргi заман тарихы оқылады. Бұл да – бiздi толғандырып отырған мәселе. Сонда саналы түрде бiрнеше мыңжылдық тарихымыздан бас тартқанымыз ба? Түсiнiк­сiз. Тарихтың күштi идеологиялық құрал екенiн кей кезде билiк түсiнбейтiн тәрiздi.
–             ­Өзiңiз қызмет ететiн Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жағдайы қалай?
–             Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жағдайына келсек, биыл бiздiң ғылыми зерттеулерiмiзге 47 млн теңге бөлiнедi деген ақпарат бар. Бiрақ бүгiн 14 сә­уiр, ал бiз әлi жылдың басынан берi мемлекеттен бiр тиын да алған жоқпыз. Сондықтан был­тыр­ғы тәжiрибенi ескере (2015 жылы зерттеулерге қаржыны “Ғылым қоры” тек шiлденiң соңында берген) жылдың басында ғылыми қызметкерлердi олардың келiсiмiмен ақысыз демалысқа жiберуге мәжбүр болдық.
Негiзi ғалымдардың жылдың басында 3-4 ай жалақысыз отыруы бiрнеше жыл бойы қайталанып отырған жаман тәжiрибе. Өкiнiшке қарай, ешбiр министр бұл мәселенi шеше алмады.
Қазiр институтқа тағы да 30 млн қаржы бөлiнедi деген үмiт бар. Алайда бұл қаржы 49 ғылыми қызметкерi бар мекемеге не болады? Бұл қаржыдан 8% “Ғылым қоры” және 12% қосымша құн салығы ұсталынады. Мұ­нымен қоса әлеуметтiк аударымдар бар, сонда ғылыми қызметкерлерге не қалады? Негiзi Инс­титутқа қызметкерлер алаңдамай жұмыс iстеу үшiн жылына кемiнде 150-160 млн теңге қар­жы қажет. Сондықтан бiзге ендi қызметкерлердiң санын қысқарту немесе олардың жалақы мөл­шерлемесiн өзгерту керек болып тұр.
Бұл жерде түсiнiксiз жағдай орын алып отыр. Институт минис­трлiктiң ғылыми-зерттеулерге жариялайтын байқауларына қатысып, бiрнеше жоба ұтып алған. Әр жобаны жүзеге асыруға жылына 12-15 млн қаржы керектiгi көрсетiлген. Қаржы мөлшерi есеп­телген, негiзделген. Оның iшiнде 7-8 адамның жалақысы, iс-сапарлар, мұрағат материалдарын (сирек тарихи құжаттың көшiрмесiнiң 1 бетi 100 теңгеден 50 АҚШ доллары шамасында) және басқа қажеттi заттарды сатып алу жоспарланған. Алайда қаржы бөлiнер кезде белгiсiз себеппен оған бар-жоғы 3-5 млн теңге бөлiнедi. Бұл жобаны жүзеге асыруға жетпейдi десек, қаржыландыратын мекемелер “онда жобадан бас тартыңдар, қаржыны бiз басқаларға бере­мiз” дейдi. Шындығында, олардың ар жағында жобаны осы қаржыға жасайтын бiр топ да­йын тұрады. Әрине, ендi бұл жобада iс-сапарлар, мұрағат материалдарын сатып алу болмайды, тек бiрнеше кiтаптың негiзiнде еш ғылыми маңызы, жаңалығы жоқ “зерттеу” мәтiнi дайындалады. Сондықтан институтты сақтау мақсатында жобаны жасауға кiрiсемiз, орындаушылар санын қысқартып, жобаны жасайтын негiзгi 3-4 адам ғана қалдырамыз, қаржы жетсе қысқа мерзiмге 1-2 iс-сапар ұйымдастырамыз, жетпесе ол да жоқ. Сонымен жоба орындалса да, ол толыққанды зерттеу болмайды.
Сондай-ақ ғылымның дамуына кедергi келтiретiн мәселелер көп. Соның бiрi – ғылымды басқарушы органдардың ғылымға қатысы жоқ мiндеттер қоюы. Бүгiнгi күнi Министрлiк ғылыми қызметкерлерден шетелдерден импакт факторы бар мақалалар шығаруды талап етiп жатыр. Осы арқылы ғылыми мекемелердiң ғылыми деңгейiн бағалаймыз дейдi. Және де шетелде импакт факторы бар журналдарда мақала шығармасаң, докторлық (PhD) диссертация қорғай алмайсың, осындай 2-3 мақала шығармасаң, доцент, профессор атағын да ала алмайсың. Ал мұндай импакт факторы бар мақала шығарудың құны 1 мың АҚШ доллары шамасында екенi және ол өте ұзақ уақыт алатыны ес­керiл­мейдi. Импакт факторы бар мақалаларды ақысыз шығаратын кейбiр журналдар бар, бiрақ онда мақаланы шығару 4-5 жыл уақыт алуы мүмкiн. Сондықтан қазiр бiрнеше ғалым бiрiгiп, импакт факторы бар шетелдiк журналдарға мақала бередi. Бұл журналдардың өз талаптары бар, мақала бiрнеше сатыдан тұратын iрiктеуден өтуi, оған пiкiрлер жазылуы керек. Осылай бiр жыл шығаруға дайындаумен өтуi мүмкiн, бiрақ барлық сатыдан өткеннен кейiн де мақала жарияланады деп сенiммен айтуға болмайды. Мысалы, “Сiздiң тақырып журналды қызықтырмайды” деген жауап қайтара салуы да ғажап емес. Негiзi шет­елдiң журналдарын қазақ тарихы, қазақ тiлi мәселелерi аса қызықтырмайды. Шындығында бұл мәселелер – тек қазаққа ғана керек мәселелер.
Сонымен қатар шетелдерде импакт факторы бар мақалаларды ақылы түрде шығаратын журналдар бар. Ақшасын төлесең, ғылыми сапасы қандай болса да мақалаңды шығара бередi, бiрақ ертең сол журналдың импакт факторын алып тастаса, онда төлеген ақшаң далаға ке­тедi. Сөйтiп, бiр жағы өз ғалымдарымызды қажетсiз әбiгерге түсiремiз, екiншi жағы шетелге ақшаны бекер ақша шашып жатырмыз.
Қазiргi күнi қолданыстағы ережеге сай конкурсқа ұсынылған жобаларға отандық ғалымдармен қоса шетелдiк ғалымдар сараптама жасайды. Бiрақ қазақ тарихы, әдебиетi, тiлiнiң мәсе­лелерi бойынша шетелдерде өзiмiздiң мамандардан артық мамандар жоқ, сонда кiмдердi бiз сарапшы ретiнде шақырып отырмыз, кiмдерге сараптама үшiн ақша төлеймiз? Және де төленетiн аз ақша емес қой. Отандық ғалымдар әр жобаға жасаған сараптама үшiн 10-15 мың теңге алса, шетелдiк ғалымдар 2-3 бет сараптама жазып, 200-300 АҚШ долларын сұрайды! Өткенде бiр жиналыста академик Едiл Ерғожин бұл мә­селенiң басқа жағына да назар аударды. Оның айтуынша, бiздiң ғалымдар ұсынған жобаларды кейбiр шетелдiк сарапшылар маңызы жоқ деп төмен баға берiп, жобаның авторының идея­сын (ғылымда ең бастысы – идея ғой) алып, өз елдерiнде зерттей бастаған мысалдар кездескен.
Сонымен қатар қазiр ғылыми-зерттеу мекемелерде құжат айналымы өсiп кеттi. Күнiне бiз 3-4 хатқа жауап жазуымыз қажет. Олардың да өз қиыншылықтары жеткiлiктi. Бiздiң бiраз уақытымыз зерттеулермен емес, осындай берекесiз жұмыстармен кетедi.
Мұның сыртында институттар үкiметтiк органдардың тапсырмаларымен, айтулы мереке күн­дермен (елбасының жолдауы, Жеңiс күнi, Конституция күнi, Тәуелсiздiк күнi, тұңғыш президент күнi және т.б.) байланысты iс-шаралар (конференциялар, дөң­гелек үстелдер, мақалалар, баяндамалар) өткiзедi. Оларда уақыт пен қаржылық шығындарды талап етедi. Ал бұл мәсе­лердi Ғылым басшылары жете түсiнбейдi.
– Былтыр елiмiзде Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтiлдi. Оған бiрталай қаржы бөлiнгенi белгiлi. Сiздiң институт­қа содан қаржы тидi ме?
– Жоқ, институтқа ешқандай қаржы бөлiнбедi. Бiз министр­лiкке Қазақ хандығы тарихына арналған арнайы ғылыми жоба жүргiзудi ұсынғанбыз, алайда ұсынысымыз белгiсiз себептермен қолдау таппады. Алайда атаулы мерекенi атап өтуге бiздiң ғалымдар жақсы атсалыс­ты. Қазақ хандығына арналған 60-қа жуық ғылыми және ғылыми-танымдық мақалалар шығардық, конференцияларда баяндамалар жасалып, БАҚ-та сұхбат берiлдi, 5 ғылыми конференция өткiздiк, 1 монографиямыз жарық көрдi.
– Сiздiң ойыңызша, ғылымдағы осындай келеңсiздiк неден?
– Келеңсiздiктiң себептерi көп. Оның бiрi бүгiнгi күнi ғылымды ғылымнан алыс адамдар бас­қаратынында. Менiң ойымша, Ғылым комитетiн қазiргiдей шаруашылық, сауда саласының маманы емес, кемiнде 2-3 жыл ғылыми мекемеде қызмет еткен, ғылыми-зерттеу институттарының тiрлiгiн, проблемаларын iшi­нен бiлетiн тәжiрибелi адам бас­қаруы керек. Комитет басшылығы қазiр көп жағдайда оларға бағынышты мекемелердiң функциясы олардың тапсырмаларын орындау ғана деп түсiнедi. Сондықтан бүгiнгi күнi бiздiң Комитетпен қарым-қатынасымыз тек олардың бiзге тапсырма беруi, бiздiң оларды орындаумен шек­теледi. Бiздiң қажеттiлiгiмiздi бiлiп, оны шешуге тырысып жатқан Комитетте адам жоқ. Сонымен қатар Ғылым комитетiнде жаңадан келген жастар көп, қарапайым нәрселердi түсiн­бейдi. Мысалы, жақында бiр хатта ғылыми-зерттеу институты дегендi қысқартып “ҒЗИ” деп, жетекшi ғылыми қызметкердi қысқартып “ЖҒҚ” деп жазсақ, Комитет қызметкерi телефон соғып, “бұлар не?” – деп сұрайды!
Сондықтан ғылымды дамыту үшiн ғылымды басқаратын мекемелерде ғылымды түсiнетiн адамдар қызмет атқаруы керек деп санаймыз.
– Нұрлан Әдiлбекұлы, сонда ғылымды дамыту үшiн не iстеу керек?
–             Елiмiзде ғылымды сақтап қалу үшiн қазiр келесi басты бiрнеше шаралар жүзеге асырылуы қажет:
1.            Ғылыми мекемеде қызмет еткен, тәжiрибелi адамдар басқаратын жеке Ғылым министр­лiгiн, болмаса Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар академиясын құру;
2.            Қоғамдық-гуманитарлық ғылыми-зерттеу институттарына ұлттық мәртебесiн беру;
3.            Ғылымға бөлiнген қаржыны шашыратпай, ғылыми-зерттеу мекемелерiн арнайы қаржыландыру жүйесiн енгiзу;
4.            Ғалымдарды материалдық және моралдық ынталандыру жүйесiн енгiзу;
5.            Ғалымның мәртебесiн кө­теру керек.
Осы шараларды мүмкiн­дi­гiнше тез жүзеге асырсақ, отандық ғылымды сақтап, одан әрi қарай дамыта аламыз.
Әңгiмеңiзге рақмет!
Әңгiмелескен Елнұр Бақытқызы.

Related Articles

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • Саясаттанушы: Еуроодақпен әріптестікке Орталық Азия көбірек мүдделі

    Саясаттанушы: Еуроодақпен әріптестікке Орталық Азия көбірек мүдделі

    Нұрбек ТҮСІПХАН Еуроодақ жетекшілері мен Орталық Азия елдерінің басшылары “Орталық Азия – Еуроодақ” саммиті кезінде. Самарқан, Өзбекстан 4 сәуір 2025 жыл 3-4 сәуірде Самарқанда “Орталық Азия – Еуропа одағы” саммиті өтті. Орталық Азияның ресми БАҚ-тары мен мемлекеттік құрылым сайттары Самарқан саммитінің “тарихи маңызын” айтып жатыр. Ал екі аймақ арасында осындай форматтағы алғашқы кездесуді сарапшылар қалай бағалайды? Азаттық тілшісінің сұрақтарына саясаттанушы Жәнібек Арынов жауап береді. – Орталық Азия және Еуроодақ саммиті қаншалықты тең жағдайда өтіп жатыр деп айта аламыз? – Орталық Азия мемлекеттерінің 30 жылдық сыртқы саясатына, тарихына үңілсек, Еуроодақ әрдайым тең дәрежеде жұмыс жасауға тырысатын үлкен әріптестердің бірі. Мысалы, АҚШ немесе Ресей не болмаса Қытаймен салыстырғанда мемлекет тарапынан болсын, қоғам

  • Жин Нода: Қазақ хандары мен Цинь империясының байланысы тым терең

    Жин Нода: Қазақ хандары мен Цинь империясының байланысы тым терең

    Өткен жылы қолыма Токио шет тілдер университетінің профессоры Жин Ноданың «Ресей мен Цин империялары арасындағы Қазақ хандықтары: XVIII-XIX ғасырлардағы Орталық Еуразия халықаралық қатынастары» атты зерттеу еңбегі түсті. Өз тарихымызға қатысты болған соң, бір деммен оқып шықтым. Аталған кітапта қазақ ханы Абылай мен өзге сұлтандардың Цин императорына жазған хаттары туралы баяндалады. Жақында Жин Нодамен хабарласып, көкейімізде жүрген сұрақтарды қойдық. – Ғылыми зерттеу кітабыңыз ерте­дегі Қазақ-Цинь империясы қатына­сын өзгеше тануға арналған академия­лық еңбек екен. Бұндай зерттеуге бет бұруға не түрткі болды? – Мен Орталық Азияны зерттеу барысында Ресей және Цинь империясы туралы көзқарастарда үлкен алшақтық бар екенін байқадым. Осы алшақтықты жою мақсатында мен қазақтардың тарихын ресейлік және қытайлық дереккөздер негізінде зерттеуге кірістім.

  • Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка.

    Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка.

    “Сұхбатты” енді ғана оқып шықтым. Әзірге, сипаты туралы аз сөз: Әлбетте, бұл – журналистика стандарттарына сай, шынайы, нағыз сұхбат емес. Конституциялық құқығы тең, екі саналы азаматтың өзара пікірлескен, еменжарқын әңгімесі емес. Бұл – советтік һәм назарбаевтық кезеңнен қалған, журналистиканы жағымпаз қолбала, шауыпкел құрал деңгейіне түсірген шенеуніктік штамповка. Пәленбай адам түзеп-күзеген, ананы да, мынаны қамтуға тырысқан, аяғында жаны жоқ мәтіндер жиынтығы туған. Тоқаев айналасындағыларға: “осыншалық жасанды кейіппен халық алдында көрінуім ұят болады, қойыңдар, айналайындар, қателессем де өз болмысыммен шығам” деуге түсінігі жетпегені өкінішті. Былтыр “Егеменде” “сұхбаттасқан” Дихан Қамзабек те, биыл “Ана тілінде” “әңгімелескен” Ерлан Жүніс те, кешіріңіздер, ешқандай да интервьюер емес. Иә, біреуі терең ғалым, екіншісі тамаша ақын, бірақ, өмірінде бір

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: