|  |  | 

Тұлғалар Әдеби әлем

СЕРІК ҚАБШЫҚБАЙҰЛЫ: ТАУДЫҢ ТҮЙЕ ӨРКЕШІНДЕЙ

omar1_0
Өлім, қаза дейтін кәпірді көп елемеуші едім. Сары масаның ызыңындай бір сарынды құбылыс еді ол. Алпысты аралаған мен ондайды аз көріп, аз естідім бе? Бірақ,

мұным өтірік екен. «Омарғазы дүние салды» дегенде төбешашым тік тұрды. Әсілі , өмір өзіммен түйісер жер – сол маңда тірліктің бар шырайы бір жарық етеді білем. Осы жарқ ету жәйшылықтағы сөніп – жанулардан басқа нәрсе. Соңғы тынысында Омарғазының да тірлігі осылай жарқ етті.
Жасы биыл 65ке келетін –ды. Бураның қара санындай көрінер бұл бірқауым жас. Әйтседе, Омарғазы сындыларға аздық етуші еді. Аздық етті де. Кейіндеп сүйекті дүниелерге ден қойған оның ой сорабы ауыр, жоба-жоспары дегеніңіз басынан асатын. Әлгі айтқан 65 жылдың өзі де Омарғазыға толық бұйырмады ғой. 21жасында әдебиетке қалам тартты. Амал не, саяси бұлталақтардың кесірінен жазаланған, айдау-сүргінде қаңғылестеген кездерін есептегенде көп өмірін сел алып, жұт жайлады емес пе? Өз басы жай адам емес, ғажайып жаралған дегдар жан. Зерек-зерделігінде баға жоқ. Жойқын білімдар, түйген-түйс інгені лай теңіз еді-ау. Омыкеңді екі-ақ нәрсе: қиял мен сенім өмір сүргізді. Бір есептен, қиял сол дегеніне жетті де, сенімі ақталды ғой оның. Бұлай дейтініс, әдебиетте маңдайы жарық Сүлейменнің кенішіндей бір қазынаның кілтін қолында ұстады. Жәбір, жаладан жасымады. Бәкін-шүкінге айнала қойған жоқ. «Жығылсаң, Нардан жығылдың» керімен жуандата жазды, жарықтық. «Аң шадырын оқ табады», «Таразы» романдары, Құдай біледі-ау, Қазақ әдебиетінде бұрын тумаған төл. Романнан көп не бар. Ал, Омарғазының мыналары адамзаттың қай-қашанғы ашы жыры есебінде алдына жан сала қоймас. «Аң шадырын оқ табады»дан өрілген қоғамдық қайшылықтардың асқынуы саяси тәсілмен тежелмей, ақындық шабытпен тоғыстырылуы, әрленулі «Таразы» романы тарихи тәбиғилықтықызғышт ай қорушы жандардың өзекжарды арманы болды. Омарғазы осындай қатерлі бір жанама стильдің өнер-өрнегімен «Міне, менмін!» деп кеудесін қаққан жазушы. Мұны бір деп қойыңыз.
Ең қызығы, шығармада көрнеу тұрған ақын да, «Қызғыщтай қорушы» да жоқ. Тек ол романның рухи халынан шырқырай үн қатады. Сол үн сай-сүйекті сырқыратар, әрі қажетті үн. Үстіртті шақ-шұқ ететін тұрпайылықтан, әміршеңдіктен сау. Омыкең шығармасының түймедейінен Түйедейіне шек шыт жаңа. Болары болып, бояуы сіңген әдеби жарлылық ұшыраспайды. Ол жасампаздық өмірінде қақпайға жүрмеді. Құлағына Құдай сыбырлағанды жазған. Өзінше өзгеше жазып, әлем әдебиетінің «Еңсегей бойларымен» қара таласты да отырды. Қайран қаласыз ба, қалмайсыз ба? Қоғамның саяси емеурінісіз әдебиеті бір күн өмір сүре алмайтын елде ол әлгі жанама стильдің тың, бас еркіндігі бар жаңалығын қалай ұстанды, қалай оңына келтіре алды екен? Тегі, салқар ұлы талант дегеніңіз алапат қырсықтыжәйімен бипаздап жеңеді-ақ, сірә. Ақыл-ойдың қуыс-қуысына сол тоңмойындықты қуып тығады-ау, сірә. Кейінірек Қытайдағы әдеби ағымдардың бас жібі босаған сайын бағы жанып, талант иесінің қыр-сыры ашыққа, биік-белеске көтерілген. Оған жаңағы 65 жылдық өмірінің жетіспей қалуы сол-тұғын. Енді бір сілтеп көрейін дегенде ауыру шырмады… ажал қу «Ала баулы құрығын салды-ай!»
Жазушы сомдаған екі роман (Біткені), жеті повэсть (Біткені), он алты дастан менмыңға жуық өлең, драммалық тоғыз туындысының бәрі кемеліне келе кенезіне толған дүниелер. Ала-құласы жоқ. Онан тыс әлеуметтік тақырып пен сын тұрғысындағы мақала, жазбаларының өзі аткөпір. Оңаша әңгіменің үстінде «Әй, Серік, менің ойып алатын он томдық нәрсем бар екен-ау» – дегенін ет құлағыммен естідім. Омар-ғазының ақындық ірілігін бәсірелейтін салмақты монографиялық еңбек те жазып еді. Мұндай ғұмырнам алық толғау ол жақта ешкімнің маңдайына бұйырған жоқ.
Ел іші емес пе, тұу баста Омарғазы жасампаздығына ақилана қарайтындар, қала берді әдебиеттің жаңа сарын жас сұлбасын жатсынатындар өріп жүрсе де, біртіндеп солардың көмейіне құм құйылғанын білеміз. Тегі, дарқан талант бар қиянпұрыстықты алақанында ойнататын сияқты. Қауып-қатердің талайын жөнге салып-ақ, іннен-інге қуып тығама дейім. Адамзаттың әлдебір даналық лебіздері үнсіз мойндайтын құлқының барлығына көзім жетті. Ендеше, жазушының даналығын мойындаған өз ұлты ғана емес-тын. Қытай қауымы да оған қоғадай жапырылып еді. Соның бірін айтсақ, «Ақ мысық» аталған үш бөлімді комедия осыған куә. Адам пендесінің тұңғыш реткі бір қилы төңкерісі делінер айдар тағылып, Қытайға он жыл әлек салған «Мәдениет революциясы» тақырып етілген «Ақ мысық» жазылған кезде Қытайлық есеңгірегеген әдебиет бұл тақырыпқа ауыз ашуға дәт тұтпаған әрі қисынын таппаған еді. Басқа таппаса қойсын, оның бапасын біздің Омыкең тапқан – «Ақмысық» жазылған. Бірақ, жарық көрмеді. Бар себебі – «Әзір кім болуына қарамай, бұрын мемлекет басшылығында болғандарды сайқымазаққа айналдыруға жол қойылмайтын іштей белгілеме бар екен. Қайдам, «ақ мысық» комедиясының кейіпкерлері Мау зы дұңның тоқалы Жияң шчың, бұрынғы мемлекет төрағасы Уаң хуын бастатқан шынжырбалақ-шыбартөстер болатын. Бұған не жорық? Шығарма жарияланбағанмен кей тарау үзінділері Қытай тілінен орын алды. Ауызша тарады. Жұрт дуылдасты-ай келіп. Елдің белді әдебиетшілері қол ұшын беріп көмектесті. Үкімет есігін тоздырды. Көрдіңіз бе, есік тозды десек те тозбайтын нәрсе де бар екен. «Ақ мысық» күні бүгінге дейін бүркеулі күйінде қалды. Ұялмай айта аламын, Омарғазы бір ғана «Ақмысық» комедиясымен-ақ, дүние әдебиетінің есігінен ендіркелей кіретініне жұлдыздың оң-терісі жоқ.
Ұсақ-түйегін қоспағанда Омарғазымен өз басым елу төрт рет оңаша отырған екем. Сонда не айтып, не қоймадық біз. Омыкең үлкендігін бұлдамайтын. Тілі майда, сөзіне қалайда бір қалжың араластырудан жазбаушы еді. Сол оңаша отырудың көбінде ол «Ақ мысығының» бұйығып жатқанына қиналатын. «Қашан Тышқан алар екен?» «Алғашқысын сенің қанжығаңа байлаймын» – десе, мен айтамын: «Қой, әбден ашықты, Мысықтың өзі-ақ жесін» -деп.
Солай да-солай, өмір өтті, дем бітті. Тірісінде мына тұрған жер, бір белдің астында жүрген Омарғазыны Қазақстан оншалық білмесе, бұл – баяғы Қазақтың соры. Ол жағын сөз етсек, ұзақ хикая; бәрін қояйық. Өлім мен өмір түйіліскендежарқ еткен ақын тірлігінің шырай-келбетін енді тануға ден қоя алса да Қазақстан бірдеңеден қысыр қалмас. Омарғазы оңай кісі ме? Оның шығармашылық ауқымында не жоқ. Қазаққа керегінің бәрі бар. Ұлттық психологияның қойнауынан тамырланған әсем, ұлы шығармаларының қадыріне жетсек те, жетпесек те оның түгі кетпейді. Әлдеқашан-ақ өз алдына Қазақ әдебиетінің тау көтерген Толағайына айналып кеткен. Белінен аттар күш бұл маңда жоқ. Ендгі жастар, тәуелсіз елдің ендігі қыршындары, Омарғазы ойларының дәмін татпай, ауызданбай тұрып, байырғы төрт тұрманы сай Қазаққа әм заманға өмешегін созған қазыргі Қазақтай болуы да екіталай. Екіталайылылық, екі ұштылықтан жаман нәрсе жоқ. Көріп жүрсіздер, екі бағлы Қазақ шын Қазақ емес.
Омарғазы поэзиясын танытуда «Жұлдыз» журналының сарайы түзік көрінеді. Таяу жылдары «Құс жолы» дастанын, қыруар өлеңдерін басты. Тартымды алғы сөз жазғанына, бір ойды бүлк еткізгеніне шүкір. «Омарғазы иісі Қазақ поэзиясына жаңалық әкелді» дегенді де естідік. Солайында солай ғой. Дегенмен, төтесінен қойып кеткен арзанқолдылау пікір ме деймін. Төтесінен қойып кеткен арзанқолдылау пікірлермен алдаусыратар кісің ол ма? Оған сай қомақты көзқарас, байыпты бағалау қайда№ бірер жыл аралап, омарғазының он томдығы Қытайда жарық көретініне жүрек сенеді. Көңіл орнықты. Соған ат салысатын белді, біліктілер, аузымен құс тістеген Қазақ зиялылары ол жақта бар. Ең қызығы, жалпақ ел Қазақстан жұртына танытудың қамын ойластыру ғой. Қытайда басылған кітап бұл жердің Қазағына азық бола алмайды. Үйткені арап әрпін танитындар жоққа сәкін. Ау, ағайындар, Омарғазы дүниелерін сендер де шығарыңдар. С онан кедей болып қалмайсың. Анау-мынау да, «Қазақтың бір туар ұлы» делініп жатқан кездегі ауыз байлығыңмен емес, Құдайыңа қарап айтатын «Бір туар ұлым» дейтіндерің сол – Омарғазы.
Марқұмның топырағы торқа, жатқан жері жәйлі болғай.

06.1997

Related Articles

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

  • Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Елдес Орда Сурет: Автордың жеке архивінен алынды. Қазақ қоғамында жаңа интеллектуалдық кезең туып келеді. Бірінші, қазіргі қазақ қоғамында сенім мәселесіне қатысты пікірталастардың күшеюі кездейсоқ құбылыс емес. Бұл дегеніңіз әлеуметтік желілердің, ашық ақпараттық кеңістіктің және жаһандық интеллектуалдық ағымдардың ықпалымен қалыптасқан жаңа қоғамдық ойлау формасының көрінісі. Атеистік көзқарастардың ашық айтылуы, тәңіршілдік идеялардың қайта жаңғыруы және дәстүрлі діни орта арасындағы пікір қақтығысы зиялы ортада алаңдаушылық тудырғанымен, шын мәнінде бұл құбылыс қоғамның рухани әлсіреуін емес, саналы ізденіске бет бұрғанын көрсетеді. Екінші, ұзақ уақыт бойы қазақ қоғамындағы діни дискурс негізінен МОНОЛОГТЫҚсипатта болды. Уағыз айтылды, ал тыңдаушы тарап оны талқылаусыз қабылдауға тиіс еді. Сұрақ қою күмәнмен, күмән әлсіз иманмен теңестірілді. Мұндай ортада сенім дәлелдеуді емес, қайталауды талап етті. Ғылыми

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: