Жаңалықтар Зуқа батыр 150 жыл Руханият Қазақ хандығына 550 жыл
“Тұғыры биік мәңгілік ел”атты Зуқа батырдың туғанына150 жыл және Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық ақындар айтысы өтті.
“Тұғыры биік мәңгілік ел”.
Талдықорғанда осындай тақырыппен әйгілі қолбасшы, көрнекті дін және ұлт қайраткері Зуқа батырдың 150 жылдығына және ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық ақындар айтысы өтті. Оған облысымыздың аудан-қалалары мен және Алматы қаласынан барлығы 14 ақын келіп қатысты. Жыр додасына өңірдегі “Жас Отан” жастар қанаты мен “Жасыл ел” штабы және батыр баба атындағы қоғамдық қор ұйытқы болған. Жалпы, айтыс сүйер қауым алдында 7 жұп өнер көрсетті. Өзара сөз қағыстырып, ер Зуқаның ел басына күн туғанда, жұртына пана болып, халықты біріктіре білген, жауға қарсы бас көтерген батырлығын жырлады. Баһадүр бабалардың арқасында азаттыққа қол жеткізіп, бүгінде егемендігіміздің 25 жылдық тойын тойлап жатқанымызды да тілге тиек етті. Өрелі сөз айтып, әдемі айтыс жасай білді. Қазылар шешімімен финалдық кезеңге 2 жұп сурылып шығып, шаппа-шап айтыс үлгісін көрсетті. Жыр бәйгесінде оза шапқан ескелділік Алғысбек Дәуен 150 мың теңгелік бас жүлдені еншілесе, бірінші орынды Ақсулық Қанат Боқан жеңіп алды.
“Жеті су” теле арнасы

Пікір қалдыру