Тұлғалар Қазақ хандығына 550 жыл Әдеби әлем
«Оспанды қазір атады»
Жәркен Бөдешұлы
Бөрідей шулы атағы,
Оспанды қазір атады.
Көріңдер, әне, келеді ол,
Ешкіммен жоқтай шатағы.
Түнерген түнек түс-өңі,
Шойындай қара кісі еді.
Қолында – көзір, аяқта –
Білеудей темір кісені:
“Рұқсат болса, ағайын,
Дәретімді алайын.
Дұғамды оқып соңғы рет,
Құбыла жаққа қарайын…”
Оқ тиді. Оспан құлады,
Шулады елдің құлағы.
Анадай жерге кетті ұшып,
Алтайы пұшпақ тымағы.
Жолбарыс сынды ақырғы,
Басы бар батыр атылды.
Басы жоқ тобыр селк етіп,
Қарасын құмға батырды.
kerey.kz


Пікір қалдыру