Алматыда «Юбилейный» супермаркеті өртенді
Төтенше оқиға болған жерге өртке қарсы күрес қызметінің бірнеше тобы апарылған. «Сағат 5.23 кезінде өрт ошағында болған жарылыстан лап берген жалын әсерінен тұрғын үйдің бірінші қабатынан алтыншы қабатына дейінгі аралықтағы балкондардың қаптамасы жана бастаған. 7 адам құтқарылып, тұрғын үйден 120 адам (арасында үш бала бар) эвакуацияланған. Иіс тиген бір адам ауруханаға жеткізілген» деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге жеке құрамдағы 115 адам және 21 техника жұмылдырылған. Таңертеңгі сағат алты жарым кезінде сөндірілген өрттің аумағы 1100 шаршы метрді құраған. Өрттің шығуына не себеп болғаны анықталып жатыр деп хабарлайды төтенше жағдайлар қызметі.
Азат Еуропа / Азаттық радиосы
Пікір қалдыру