|  |  |  | 

Зуқа батыр 150 жыл Тарих Тұлғалар

Зуқа батыр жане оның елі

Zvuqa batir

 

Әлемдегі қазақтардың бір бұтағы саналатын қытай Қазақтары- Жоңғарлар Шұржен-Манжоу империясы жағынан жойылып , қырғынға ұшырағаннан кейін ата мекеніне қайта ат басын бұрған қазақтар еды. Арғы тегін қуса Алтай, Тарбағатай , Іле, Санжы, Баркөл оңірі бағызы заманнан қазақтың ата-бабасы болған түркілердың жұрты еді.

Мұхаммед хайдар дулати:”…Моғолыстан аталатын аумақтың ұзындығы мен ені жеті-сегіз айлық жол болды. оның шығыс шекарасы қалмақтар жеры-Барыскөл(Баркөл), Еміл және Ертіске тіреледы” дейды. Ал Моғолыстандағы ру-тайпалардың көбі қазақтың ұлы жүзі мен кіші жүзін құраған рулар болатын. Баркөлден Тарбағатай, Алтай, Ілеге жоңғарлардың келуі 1500-жыл шамасы болатын. Сондықтан  Алтай, Тарбағатай, Іле, Санжы, Үрімжі, Баркөл қазақтың ата жұртының бір бөлігі . Сондықтанда 1770-жылдардағы Ер Жәнібек бастаған Абақ Керейлердың Алтайға ауғаны жаудан босаған ата-мекенін иесіз қалдырмаудың қамы еды.

Сол кезде, Ел бастаған батырлардан: жантекей Жәнібек батыр, Жәдік Жантай батыр, шерушы Байтайлақ батыр, ителі Бұқарбай батыр, қарақас Қаптағай батыр, молқы Машан батыр, көнсадақ Жабай батыр, жастабан Сартоғай батыр, шыбарайғыр Қожаберген батыр, меркыт Алманбет батыр болатын.Kerey.

1790-жылы абақ Керей төресі Көгедай Әбілпейісұлы манжоу иымперясынан Гұң(жеке иелігі бар билеуші) лауазымын алып орталыққа төте қарайтын болады.

1836-жылы абақ Керейдың саны 30 мың тұтын,150 мың адамға жетеды,ел басқаруға қолайлы болу үшін төрт би сайланады.

Абақ Керей елі ата мекені Алтайға оралғаннан тартып іргелес моңғолдармен басқада шапқыншы ұлыттармен көп қақтығысады, “Беген шабылған қара сеңгыр оқиғасы”, “Сайын ноян “,”Қызыл аяқтар лаңы”,”Жалғыз айропылан оқиғасы”,”Бөке ауған”,”Хангелді секел қырғыны”,”Әліп шабылған” т.б көптеген оқиғаларды бастан өткізеді. Осындай ел басына күн туған ауыр кезеңдерде талайлаған елім деген ер азаматтар ортаға шығады. Арқалық батыр, Тұрым батыр, Ызғұтты батыр, Бөке батыр, Зуқа батыр, Ақым батыр…ендігі әңгіме осы Зуқа батыр жайында.

 

Зуқа батыр елінің тегі жөнінде

Зуқа қажы тегі жағынан абақ Керейдың ноқта ағасы ителі руынан. Ителі руының лақабы ит елі,бұл жек көру, кемсітуден емес қайта 10-11-ғасырларда сонау сіберядағы ормандарда аңшылықты кәсіп етіп шанаға ит шегетін түркілердің лақабы болған. Қазақта сіберяны әлі күнге “ит шеккен”деп атауы тегін емес. Ал ителі руының арғы атасы Қойлау, қойлау руы батыс түрік қағанатындағы он оқ тайпасының бірі. Бәлкім батыс түрік қағанаты жойылғанда қойлау руы солтүстікке сіберяға ауып кетіп ителі лақабын алуы әбден мүмкін. ителі аталғанымен де арғы тегы қойлау екенін ұмытпағандықтарын осындай тарихи оқиғалармен байланыстыруға болатын сыяқты.Kerey taryhi

Керей шежіресы бойынша Керейден- Абақ, Абақтан-Құтберды, Құтбердыден-Бағаналы-Бағаналыдан-Қойлау,Байлау.Қойлаудан :Ахметәлі(ителі). ителіден: Ақбақты,Ақмерген ,Күйік. Күйіктен: Тоқтағұл, Елтоқ, Дәулет, Бесшал, Қалматай. Ителінің ең өскені осы Күйік саналады. Оны “Үш ителі”, “Бес Күйік ” деп атайды. Бұл Күйік атауы Шыңғысханның ұлы Өгедай қағанның ұлы Күйік қаған(1246-1248-жылдары) ның есімімен байланысты болуы әбден мұмкін. Бұған мынадай мысалдар келтіруге болады:

1. Шыңғысхан имперясы түсында әскери атауға байланысты жаңа ру аттары пайда болумен қатар адам атына байланысты ру аттары пайда болған, Жошының елі жошы ұлысы атанған, кейын Өзбек ханның тұсында Алтын ордадағы тайпалар 92 баулы Өзбек ұлысы атанған. Ал алтын ордадағы қолбасшы ноғайға қараған ел ноғай ұлысы атанып кеткен. Кейін тіпті ұлт атына айналған. 2. қазақ хандығындағы хан сұлтандардың талайының аты озының айналасындағы елдің аты болып қалған, Әз Жәнібектің бір ұлы жәдік сұлтан, қазыргы жәдік руы соның айналасындағы Керейлердың атына айналып Керейдың жәдік руы қалыптасуы мүмкін, ал қазақ хандығында Қасым ханның тұсында миллион халықты он сұлтан 100 мыңнан болып басқарған екен.ал Керей елі ең алдымен аз Жәнібек пен Керей ханға еріп қазақ хандығын құрғанын Мұхаметжан Тынышбаев айтады. Сонда осы екі сұлтанға ең алдымен ерген екі арыс Арғындар мен Керейлер екен, Сонда Керейлер аз Жәнібектің тіке басқаруында болған болса онда Жәдік сұлтан оның ұлы болғандықтан кейін сол Керейды билеуы мұмкін. кейын оның аты елдың бір бөлігінде сақталып қалған. ол ғана емес Әз Жәнібектің бір ұлы Еренші сұлтан, Уақтың бір руы Еренші аталады. Әбілқайыр ханға қараған Ашамайлы Керейдың бірі Нұрәлә руы, ал Нұралы Әбілқайыр ханның ұлының аты.

3. Өгедайдың ордасы Еміл бойында болған, еншісіне тиген жерлер: батыс Моңғолия,Алтай, Тарбағатай, санжы, Баркөл, шығыс қазақыстан болған. бұл жерде бұрын Наймандар,Керейлердың шыңғысханға бағынбай ауып кеткендеры көп болған. тарихшылардың дерегінше Өгедайдың аскерінің дені Керейлермен Наймандар болған. ал онда Үгедай хан Керейді билесе, оның ұлы Күйікте сол елдің бір бөлігін билуі заңды құбылыс, кейін сол елдің бір бөлігі сол сұлтанның атымен аталып қала берген. бырақ ата-тектерін ұмытпаған ителі екенын, оның арғы тегі қойлау екенін ұмытпаған деп қортынды шығаруға болады. ал ол ғана емес кіші жүзде Шағатай атты ру бар, Ашамайлы Керейде Сибан руы бар,ал Сибан жошының бесінші баласының аты.

Ителі руы Сіберия орманында жасаса Тұғырыл ханның інісі Темір тайшыны елдың шетіндегі Қарақас жұртын билуге әкесі жібереді. Қарақастың да Керейдің белді руы екені белгілі. ал сол Қарақастардың бір тобы әлі Сіберияда жасап келе жатыр. ал Байқалдың маңында меркіттер мекендеген. ол заманда сахарада Керей мен Найман да ғана хандық билік болған. ал меркіттің басшысы Бек саналған. Рашид-адинның айтуынша Шыңғысханның қатыны Бөртені меркіттер олжалап алып оны оздерімен жарасып отырған Керей тұғырыл ханға сиға береды, Шыңғысхан оны естіп Тұғырылға адам жіберіп салем айтады ,Тұғырыл елшіге Бөртені қосып жібереді, жол-жөнекей жошы хан туады. демек Ителі, Қарақас рулары сол дәуірде өмір сұрген Керейдің рулары.кейін Шыңғысханның батысқа жорығы, Жошы, Шағатай, Үгедайға енші берілген елдердің қоныс жөткеуі, Арықбөке мен Құбылайдың соғысы сияқты оқиғалардан соң көбі батысқа ауып кеткен. сонымен қатар шыңғысхан Керейді қоңырат, қият, жалайыр сияқты руларға таратқан. Қоңыраттан бөлінген алшын, Қияттан бөлінген үйін, дулат, шапырашты, байұлы руларымен Керейлерде көптеген аттас рулардың болатындығыда содан болса керек.

 

Зуқа батырдың кешірмелері

Zuqa batir sarbazdari

Зуқа Сәбитұлы-Зуқа батыр Сәбитұлының туғанына биыл 150 жыл толады. ол 1866 жылы қазіргі шығыс қазақстан облысының Зайсан ауданының кендірлік деген жерінде дұниеге келген. Зуқаның әкесі шығыс оңіріне аса танымал – Сәбит дамолла. арғы атасы Нұрмұхаммед абыз. Сәбитті жеті жасында Ұпі қаласындағы Уәлдан хазыретке жетектеп апарып аманат етеды. ол он тоғыз жыл оқып, Бұқара, Қазан, Самарқанды аралайды. Сәбит жиырма бес жасқа толғанда оның ақыл-ойына дән ыразы, пәтуа-пайымына тәнті болған хазырет Уәлдан немере  қызы Бәтиманы жары етіп, ақ батасын беріп, ақ жолын тілеп, аса таяғын қолына ұстатып: «мынау сырлы таяқ, жеты пірдің қолынан өткен, шаршағанға дем болады, ауруға ем болады, жаныңнан тастама», – деп атамекеніне аттандырыпты. Сәбит марқакол, маңыраққа мол біліммен оралды.

Осының барлығы зуқаның халықшыл болып қалыптасуына асер етсе керек. ондай көкірегі ояу, көреген «бұзық» ақ патша ұлықтары мен өзара шен үшін итше ырылдасқан ел басшыларына ұнамайды. осындай заман зардабына тозбеген зуқа озіне қарасты және тілеулес ағайын-жұртты ертып, сайқаннан орыстың бодандығынан аулақ сауырға барып қоныстанады.

Бұл уақыт Алтайдың орталыққа төте қарайтын ерекше мәтебесі ақырласып Шынжаң өлкесіне біріктірілген кезі еді. Өлкенің билігін қолына алған Яң Зышин сыртқы Моңғолияның қобда аймағын басып алуына қайғырыпта қоймайды, осылайша Алтайдың екі бетіндегі Керей баласы екі елге қарап қалады,бұған тек Алтайдың төрт би төресі ғана алаң болады. осы орайда елді қырқыстырып пайда таппақ болған Алтайдың билеушысі Жу Дауиың Алтай билерін араға салып қобда еліның Сүгірбай биі өліп орынына немере інісі Қылаң отырған кез болатын. ол Алтай бетіне көшуге қосылмағандықтан 1920-жылы Жоу дауиың Мадарыңды жіберіп Қылаңның басын алады. бұл халықты шошындыра бастайды, әрі ұкіметке кектендіреді.1921-жылы Жоу дауиың шекарадан басып кірген ақтар армясына төтеп бере алмай озін-озі өлтіреды. ақтар әрмясы Алтайдағы елды қырғындап малын тонайды,елде ашаршылық басталады. бұған кектеніп қарулы кұшпен қарсы тұрған батырдың бірі Зуқа батыр болатын. ол 1903-жылы қажылық сапарға барады.зайсаннан сауырға келгеннен кейін Зуқаны сол аймақтың ең ұлкен лауазым иесі, Әбілпейіс хан баласы Көгедайдың немересы Жеңысхан гұң өзіне шақырып, орда медіресесіне молла етіп тағайындап, кейін орда істерінеде араластырып отырады. Зуқа молла алдына келген «айыптыға» үкім шарапатты шариғат созін сөйлеп, біреудің ақысын алып берсе, енді біреудің кеткен есесін қайтарып берді. бай-шонжарлардың зорлық қылып алған алымдарын әшкере етеді. оның бұл қылығы әлсызды жабірлеушілерге жақпайды. осындай қоғамдық теңсыздікке жәні қас Зуқаға мешіт бағып, медресе ұстап, тамағын асырап, бала оқытқан өмір зая кетіп жатқандай көрінеді. Бес шакірттің алдында сопы болып сопайып отырған жылдары ерлык жігерін жасытып, қайрат күшін қапаста қамап қалғандай болды. жасықтығы меңдеп, жалғызсырап, заманы азаматтық арына лайықсыз өтіп жатқандай сезінді. ол бір күнде шешім қабылдап, моллалықты тастап, елі ішіне көшіп кетеды. Сол аймақта жігіт жиып ,топ құрап, парақорлармен, жемеңгерлермен алысып Алтайдың төрт биы мен төресінің әмір-парменін орындамай, Қытай үкіметінің жарлықтарын елемей Бурылтоғай мен Көктоғай арасындағы далаға бекініп орнығады. 1921-жылы ақ орыс лаңынан қашқан,ашаршылыққа ұшыраған кедей-кепшік Зуқаны паналай бастайды. Зуқа пана іздеген елді қолтығына тартып ,бәріне қорған болады. шығыс аймақтағы жауынгер жортуылшы батыр жігіттер Зуқаға арт-артынан қосылады. Зуқа пана іздеген, басшы деп сенім артқан елді дұрыс пайдаланып қай жерде забырлы бай,жемеңгер би болса солардан кеткен есесін алып беріп отырады. күндер өте келе Зуқаның қол астына неше жүздеген ауыл жиналадыда ,арыз-шағым молайып,ізіне Яң зышинның армясы түседы.

Зуқа үкімет армясымен сан рет шайқасып ,Алтаймен Үрімжі арасындағы жолын әлде неше рет кесіп кертартпа үкіметті қатты сескендіреді, Үкімет ыстық-суық тәсілдердің бәрін қолданып алдап та,арбап та,қанды қырғын жүргізіп те ала алмайды.

1928-қылы Яң зышин өліп,орынына Жин шурын шыққаннан кейін Алтай аймағына Уи жұңго дауиың болып келеды.ол Зуқаны алу үшін жаңаша шара іздеп, Қылаңның басын алған Ма дарынды шақыртып,оған құпя міндет тапсырып,бір дүнген саудагерды жансыз етіп Зуқаның еліне жібереді.ол саудагер жыл жүріп ақыры Зуқаның жолына қақпан құрып оралады.бұл қақпан қаңғып,қайыр тілеп жүрген жерінен Зуқа асырап алған жақя атты дүңген баласы еды.саудагер осы баланы алдап қолына қондырады,алтынға қызыққан жас жігіт Зуқаға опасыздық істейді,Зуқаның құпялықтарын,әлсіздіктерін көрсетіп ,күзеулыкке көшетін кезде Зуқаның батырлары жортуылға кеткенде,Зуқа батыр жалғыз қалатын кезін айтып ,сол кезде хабарласып тұруды тапсырады.

Оның уағыдасы бойынша күзде Зуқа ауылдары кұзеулыкке көшкенде  ма дарын жүз жендетімен ұрланып келіп ,Зуқаның ауылын қоршап алып үиіне кіреді.үиқыда жатқан Зуқа батыр ояна сала қаптаған әскерлермен қанжарласып шайқасып бес-алтауынөлтіреді, Өзі жаудың оғынан шейіт болады, үиіндегі қонақтары мен бір баласы бірге қаза табады.

Зуқа батырдың басын денесінен бөлып алып ,қоржынға сала қашқан ма дарын тізгін ұшымен сарсұмбеге(Алтай қаласы) жетеді. Ертеңінде түсте болған оқиғадан хабар тапқан Зуқа батырдың үлкен ұлы Сұлтаншәріп қол бастап ауылға жендеттер бастап әкелген опасыз, тыңшы саудагерлердің көзін жояды.  қалған жауды қуа шыққанда,Зуқаның інысі Төлегетай:”қажы тірі,жаңсақ хабар екен” деп тоқтатып бетін қайтарады.бұндағы мақсат оқиғаның артын тыныштықпен бітіру еды. Бір жылдаг кейін Сұлтан-шәріп көтерісшілермен бірлесіпп Алтай қаласын басып алып,жендеттердің ордасын талқандап, Батыр Зуқа қажының қанды кегін алады.

Уи дауиың Сарсұмбе қаласындағы қыран өзеніне салынған үлкен көпірге Зуқа батырдың басын іліп ,”кім бағынышты болмаса осыны көреды” деп үгіт таратады. Зуқаның артынан іле-шала базарқұл Көбеш батырдың немересы Жантайлақтың басын алдырып халықты шошындырады.proxy.imgsmail.ru12

Ұлыттық езгі мен ауыр алман- салықтан тозған ел арт-артынан ауа бастайды.1930-1933-жылдары Сарай бастаған 700 тұтын Моңғолияға кетеды,Зуқа батырдың ұлы Сұлтаншәріп елімен Баркөлге ауып кетеды,Баркөлде  тайжылык мансап алады.Әліп үкірдай,Қабдолла тайжы,Құсайын бастаған 1500 тұтын Баркөлге ауады.ол жердеде баянды тыныштық болмайды,Құмылдағы Қожа няз бастаған диқандар көтерілісінің кесірі қазақтарға тиеді де,Баркөлдегі ең тіректі болған Әліптің басы алынады,содан Баркөлден 25 мыңнан аса қазақты Елісқан үкірдай,Зайып тайжы,Сұлтан-шәріп тайжы,Құсайын тайжы,Қасым батырлар бастап Гансу,Чиңхайға ауады,ол жерде дүңген милитарис Ма буфаңның жан түршігерлңк қырғынына ұшырайды.Елісқан,Зайыптың елі алдымен Үндыстанға өтіп кетеды.Сұлтан-шәріп Гансудағы елдың тірегінің бірі болады.құлдыққа тұскен 800 ден аса баланың көбін  өлімнен алып қалған осы Сұлтан-шәріп еды. 1946-жылы 9 мыңнан аса қазақ қайтадан Шынжаңға қайтып келеды. Сәбетшіл Үш аймақ үкіметімен соғысқан Оспан батыр, Сұлтаншәріп бастаған ел қайтадан гансуға келеды,1951-жылы көктемде Оспан батыр қолға түседы де,Сұлтаншәріп елімен Қалибек хакім,Құсайын тайжы болып екінші топта Үндыстанға өтіп кетеді.кейін Түркияға барады.осылайша еркіндік,ақиқат іздеген қазақтың көкжал ұлдары Түркия,Еуропа елдеріне кетеді.Қазақыстан тәуелсіздік алғаннан кейін Түркия асқан Зуқа батыр ұрпақтарынан Арыстан қажы бастаған ел елге оралып еліне қызмет етеді.

Ерзат Кәрібай

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жұңго жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер.3-том.

2.’Жамиғ-ат-тауарих” Рашид-адин.1- том.

3.”Тарих-рашыди” Мұхаммед Хайдар Дулати.

4. Қазақ шежірелері.

5. “Абақ Керей шежіресі”.

6.”Тарихи дерек,келелі кеңес”.Асқар Татанайұлы.

7.”Керей Ителі шежіресі” ,”Сағыныш” романы Байахмет Жұмабайұлы

8.”Киелі көш” Әпетай Мұқарапұлы.

9.”Аласапыран жылдарының арыстаны” Бақытбек Бәмішұлы

Арнайы kerey.kz үшін Астанадан    Ерзат Кәрібай

 

Related Articles

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

  • Шағын сараптама:Шыңжаң өлкелік үкіметі, шетелге оқушы жіберу жұмысы

    Шағын сараптама 1934-35 жылы жаңа Шыңжаң өлкелік үкіметі құрылған соң шетелден оқу, шетелге оқушы жіберу жұмысы кешенді жүзеге асты. Соның негізінде өлкелік үкімет Совет Одағынан оқитын жас талапкерлерге конкурс жариялап арнайы үкіметтің оқу стипендиясын бөлді, нәтижесінде 1935-39 жылдары ұзын саны 300-ге тарта студент Совет Одағында білім алды. 1935 жылдары Шығыс Түркістандық студенттердің ең көп оқуға түскен білім ордасы- Ташкендегі САГУ еді, атап айтқанда Орталық Азия Мемлекеттік Университеті. Ташкеннен оқыған Шыңжаңдық студенттер Шығыс Түркістанның барлық аймақтарында түрлі қызметте жұмыс істеді, оларды кейін “Ташкентшілдер” деп те атады. 1939 жылдан кейін Мәскеу мен Шыңжаң өлкелік үкіметтің арасы дипломатиялық дағдарысқа ұшырады, соның кесірінен ресми Үрімжі Совет Одағы құрамындағы студент азаматтарды елге шақыртып алды. Білім

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: