|  |  | 

Жаңалықтар Саясат

Айсұлтан Назарбаев: “Астана әкіміне Талдыкөл маңынан киіз үйді өзім тігіп беремін”

Айсұлтан Назарбаев: "Астана әкіміне Талдыкөл маңынан киіз үйді өзім тігіп беремін"

Елбасы Н.Назарбаевтың жиені, Дариға Нұрсұлтанқызының ұлы Айсұлтан Рахатұлы нағашы атасының тапсырмасын өзі-ақ орындауға дайын екенін жеткізді. Бұл туралы ойын ол «фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.

 

«Сәуір айының соңында Қазақстандағы футболды дамыту жөнінде өз жобамды ұсынбақ болғанмын. Біраз себептер пайда болып, оны бірнеше айға кейінге шегеруге тура келді. Бәлкім бұл уақыт Қазақстан футбол федерациясына міндетті есепті конференциясын өткізіп алуына жеткілікті болған шығар. Дегенмен біздегі футболдың жағдайын бақылап отырып, федерациядан өзіне жүктелген міндетті орындауды күтіп отыру – қисынсыз шаруа екенін білемін.

Жарайды, олар тым ушықтырмайды… Бірақ «попкорн» алып, комедиялы «реалити шоуды» тамашалауға болады.  Әртістер, әрине, болады, олар сыртта да, өз елімізде де елді күлдіруге барынша тырысады»,-деп жазды А.Назарбаев.

Өз сөзінде Мемлекет басшысының жиені Астана қаласының әкімін де сөз еткен. Оның атқарып жатқан жұмысын сынға алған ол елорданың сасық шаһар атанып отырғанына қынжылды.

«Мен Астананы жайлаған сасық иіс туралы айтып отырмын…  Осы үшін Президенттің өзі әкімге  нақты жұмыс жасау керектігін айтып сөкті… Мен қазір Астананың қарапайым тұрғыны ретінде айтып отырмын, сасық қалада тұрғым келмейді. Егер Елбасы  ескерткендей жағдай Талдыкөлде киіз үйде тұруға дейін жетсе, мен өзім оны орнатып беремін. Себебі Президенттің тапсырмасы орындалуы тиіс»,-деп сөзін қорытындылады Айсұлтан Назарбаев. Осы ретте айта кетейік, сәуір айының соңында Мемлекет басшысы бас қаланы сасық иістен арылта алмаған Астана әкімін қатал сынға алған болатын.

- Алты жыл Тасмағамбетов айналысты, ештеңе істемеді, сен келдің, ештеңе бітірмедің. Астанада сасық иіс бар әлі. Егер биыл шешпесеңдер, Хорошун екеуіңе Талдыкөл жағасына киіз үй тіккіземін, сонда тұрасыңдар. 6 млрд теңге жұмсалды, түк бітпеді. Астанаға кім келеді, мынадай жағымсыз иісі мүңкіп тұрса…  Талдыкөл мәселесімен қанша жыл болды мені тойғызғандарыңа. Үкіметпен, кімнің көмегі керек, шешіңдер бұл мәселені. Масқара ғой. Астанамыз мынадай деп мақтанамыз». Астана қалай болады, сасып тұрса? Масқара! – деп ашуланған еді Елбасы. Бұл тапсырманы естіп, сасық судың жағасында тігілген киіз үйде тұрасың дегеннен шошып кеткен болу керек, Астана әкімі жағымсыз иісті биылдан қалдырмай шешетінін уәде етті.

www.korr.kz

Related Articles

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

  • “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    Нұрбек ТҮСІПХАН Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, заңгер Абзал Құспан Азаттыққа сұхбат беріп отыр. Астана, 26 қазан, 2023 жыл Қаңтарды кім ұйымдастырғанын билік біле ме, білсе неге ашық айтпады? Парламентте неге Қаңтар бойынша тағы тыңдау өтпейді? Президент Тоқаев Қаңтар “төңкеріс жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен” ұйымдастырылды деді. Олар кімдер? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы сұрақтарға жауап берді Азаттық: Абзал мырза, сіз – Қаңтар оқиғасына бір тараптан емес, жан-жағынан қарауға мүмкіндік алған адамсыз. Ең алдымен сол оқиғаға тікелей қатыстыңыз, жұртты алаңға шығуға шақырдыңыз. Одан кейін қанды қырғында қамауға алынғандарды босатуға ат салысып, заңгер ретінде де араластыңыз. Одан бөлек мәжіліс депутаты есебінде де жаңа бір ракурстан қарап отырсыз. Айтыңызшы, жан-жағынан қарағанда Қаңтар оқиғасында сізге

  • Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Елдес Орда Сурет: Автордың жеке архивінен алынды. Қазақ қоғамында жаңа интеллектуалдық кезең туып келеді. Бірінші, қазіргі қазақ қоғамында сенім мәселесіне қатысты пікірталастардың күшеюі кездейсоқ құбылыс емес. Бұл дегеніңіз әлеуметтік желілердің, ашық ақпараттық кеңістіктің және жаһандық интеллектуалдық ағымдардың ықпалымен қалыптасқан жаңа қоғамдық ойлау формасының көрінісі. Атеистік көзқарастардың ашық айтылуы, тәңіршілдік идеялардың қайта жаңғыруы және дәстүрлі діни орта арасындағы пікір қақтығысы зиялы ортада алаңдаушылық тудырғанымен, шын мәнінде бұл құбылыс қоғамның рухани әлсіреуін емес, саналы ізденіске бет бұрғанын көрсетеді. Екінші, ұзақ уақыт бойы қазақ қоғамындағы діни дискурс негізінен МОНОЛОГТЫҚсипатта болды. Уағыз айтылды, ал тыңдаушы тарап оны талқылаусыз қабылдауға тиіс еді. Сұрақ қою күмәнмен, күмән әлсіз иманмен теңестірілді. Мұндай ортада сенім дәлелдеуді емес, қайталауды талап етті. Ғылыми

  • Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

    Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

    Қазір әлеуметтік желіде кейбір қазақ зиялыларының қазақ тілін сынаған пікірі тарап жүр. Есіме бір кездері Қытай интеллигенциясының қытай иероглифін сынағаны түсіп кетті. 20- ғасырдың алғашқы ширегінде қытайдың дәстүрлі иероглифтерін сынамаған зиялы кемде кем. *** *** *** “Иероглифтерде заманауи идеялар мен теорияларды жеткізетін сөздік қор жоқ, әрі олар зиянды ойлардың ұясына айналады. Оларды жоюда ұят жоқ” деп жазды 1918 жылы Қытай Коммунистік партиясының негізін қалаушылардың бірі әрі Жаңа мәдениет қозғалысының жетекші қайраткері Чэнь Дусю (陈独秀). Қытай иероглифін қатты сынаушылардың қатарында тағы да Қытай коммунистік қозғалыстың жетекшілерінің бірі Цюй Цюбай (瞿秋白) де болған. Ол тіпті 1931 жылы “Қытай иероглифтері шын мәнінде әлемдегі ең лас, ең жексұрын әрі ең жиренішті нәрсе. Тіпті ортағасырлық

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: