Жаһан жаңалықтары Спорт Шоу-бизнис
Қанат Исламның қарсыласы жекпе-жектен кейін ауруханаға жеткізілді
Қазақстандық боксшы Қанат Исламның қарсыласы колумбиялық Хуан Де Анхель рингте кездесуде жарақат алған.
ФОТО: VESTI.KZ
Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап Қазақпарат хабарлайды.
«Алтыншы раундта Ислам де Анхельдің нокдаунымен аяқталған сәтті соққы жасады. Бұған дейін бірнеше секунд бұрын колумбиялық боксшы аяғын қайырып алған. Қанат ұзаққа созбай, жекпе-жекті аяқтауды шешті. Де Анхель айқастан кейін жіліншігі зақымданып, ауруханаға жеткізілді», – деп жазды басылым.
Бұл Исламның кәсіби рингтегі 21-ші жеңісі, ол бірде-бір рет жеңілмеген.
Пікір қалдыру