|  |  |  | 

Жаңалықтар Саясат Әлеумет

РЕСЕЙ тілінде сөйлеген ҚАСЫМОВТЫ ШИПОВСКИХ ҚАЗАҚША сөйлете алмады…

Жарайсың, депутат!  Жарамайсың министр!

Жезқазғандағы көлік жүргізушісі бетіне кіші дәретін шашып жіберген полицейге қатысты үкім қайта қаралуы мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.

 Калмуханбет касымов 2  5 жылға сотталған Төлеген Игібековке Ішкі істер министрінің өзі араша түсті. Қалмұхамбет Қасымов кесілген жазамен келіспей, Жоғары сотқа хат жазыпты. Мәжіліске есеп беруге келген министрден қарамағындағы сақшыны қалайда қорғап қалуды депутаттар да талап етті.

Әдетте, әр дүйсенбі мәжіліс министрлерді қабылдайды. Кезек Қалмұхамбет Қасымовқа келіпті. Ішкі істер министрі есеп бермес бұрын полицейлердің жаңа құрал-жабдықтарын көрсетіп, депутаттардың көңілін ауламақ болған. Мәжілісмендер көрмеге аса қызыға қоймады. Бірден министрден 5 жылға сотталған жезқазғандық полицейдің тағдырына араша түсуді талап етті. Қасымов та қарап қалмапты.

“Үкімге қарсылық білдірдік. Жоғары сотқа хат жаздым. Полицей 5 жылға сотталды. Ал, тәртіпсіз жүргізуші жазаланбады. Сот сараптамасы да оның денесі жарақтанбағанын дәлелдеп берді”, – дейді Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов.

Оқиға былтыр болған. Төлеген Игібеков кезекшілік кезінде мас жүргізушіні тоқтатады. Оның спирттік ішімдік ішкенін дәрігерлер де растаған. Алайда, мұны мойындамаған жүргізуші кіші дәретін сақшының бетіне шашып жіберген. Жауап ретінде полицейдің жүргізушіні шапалақпен тартып жіберуін, сот ауыр қылмыс деп, 5 жылға соттап жіберген. Мәжілісмендер енді мас азаматтың да жазалануын талап етуде. Қазір онсыз да бұл салада адам тұрақтамайды. Жылына 6 жарым мың полицей қызметтін тастап кетеді екен. Өйткені, жұмыс ауыр, жалақы өте төмен.

“Енді осының алдын тоқтатпайтын болатын болсақ, халқымыз осы ішкі істер қызметкерлерін ауданнан қуып шығатын шығар. Осыны сіз тікелей бақылауыңызға ала аласыз ба?”, – деді мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың статистикасынан да адам шошиды. Кәмелеттік жасқа толмаған 100 мыңнан астам бала Ішкі істер министрілігінің бақылауында тұр. Жасөспірімдердің қолынан былтыр 23 азамат өлім құшқан. Бұған жүздеген ұрлық-қарлық, ұрып-соғуды қосыңыз. шиповских

“Соңғы 8 жылдың көлемінде республика бойынша уақытша оқшаулау орталығы, бейімделу мекемелеріне 70 мыңнан астам кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер жеткізілді. Сізге сұрағым, осы көрсеткіштерді азайту үшін қазіргі кезде нақты қандай іс-шаралар қолданып жатырсыздар?”, – деді мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских.

Бұл ең жас мәжілісменнің алғаш рет депутат ретінде сөз алуы. Алайда, қазақша сұрақ қойған Шиповскихке Қасымов мемлекеттік тілінде жауап беруге жарамады.

“Сұраққа рахмет! Рұқсат болса, мен орысша жауап берейін. Я сказал, что нам надо заниматься. Какие школы нам надо решать. Всего у нас 8 учебных заведений и всего одна спецшкола для тех, кто совершил преступление”, – деді Ішкі істер министрі.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың артуына бірден-бір себеп – мектеп инспекторлары жетіспейді екен. Оған қоса, тәртібі қиын балаларды оқытатын арнайы мекеме де жоқтың қасы.

Бұдан бөлек, мәжілісмендер Ішкі істер министрінен жұрт түнде көңіл көтеретін орындарда қатаң тәртіп ортануды талап етті. Басқа қаланы айтпағанда, Астанада жеңіл жүрісті қыздар мен нашақорлар бас қосатын кафе, бардың қаптап кеткені соншалық, Лас Вегас жолда қалады дейді депутаттар. Сондықтан, мәжілісмендер түнгі 12-ден кейін спирттік ішімдікті тұтынуға мүлдем тыйым салуды ұсынды.

Дерек көзі: КТК

Related Articles

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • Қызық…

    Қызық…

    1989 жылы Қазақ ССР-дың мемлекеттік тілі біреу, ол қазақ тілі болған. 2026 жылы Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл біреу, ол қазақ тілі болмақ. Мәселе, 37 жылдан бері публикацияға тіл туралы баптың 1- тармағын көрсетіп (қоғамдағы ұлтшылдықты басу үшін) ал ісжүзінде 2- тармақпен баса жұмыс істеуінде жатыр. 1989 жылдан бері қазақ тілінің құзіреті конституцияның күшінен көбірек қазақ ұлтшыларының инерциясының арқасында өркендеді. Өйткені қазақтілді орта урбанизацияланды, былайша айтқанда қаладағы мәдени аймақтарды қазақтілді ішкі миграция басып алды. Қазақша мектеп, бала-бақша, орта және шағын бизнес тб бәрі ішкі миграция мен урбанизацияның есебінде көбейді. Конституцияда мем-тіл қазақ тілі деп көрсетілсе де мем-жүйе 2-тармақпен жұмыс жасады. Ал кейбір мекемелер мен облыстардағы қазақ тіліне басымдықтың берілуі тікелей демографиялық

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: