|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Қазақ хандығына 550 жыл

Германияда Еуропа қазақтарының кіші Құрылтайы өтті

 2016 жылы 14-15 мамырда ҚР-ның ГФР-дағы Елшілігінің және Еуропа қазақтары Еуропалық қоғамдастығының қолдауымен Кёльн қаласында Германия, Ұлыбритания, Франция, Венгрия, Австрия, Швейцария, Швеция, Дания, Норвегия, Нидерланд, Түркия, АҚШ елдеріндегі этникалық диаспораның екі мыңға жуық өкілдерінің басын қосқан Еуропа қазақтарының кезекті кіші Құрылтайы өтті.

Қазақстанның Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсултан Назарбаевтың құттықтау жолдауын оқыды. Елбасы қазақ диаспорасын келе жатқан Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25-ші жылдық мерейтойымен құттықтап, «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясының кағидаларына сәйкес, ана тілін сақтау және дамыту, мәдениет және ұлттық салт-дәстүрді, тарихи Отанымен байланысын нығайту сияқты мәселелердің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстандық дипломат мемлекет тарапынан қазақ диаспорасын қолдау бойынша үлкен жұмыс жүргізілгенін хабарлады. Мысалы, 2014 жылы Берлинде ашылған Қазақ мәдени-экономикалық орталығында қазақ әдебиетінің классиктері, кәзіргі заманғы қазақ авторлардың әдибеттері, қазақстандық журналдар мен газеттер, оқулықтар, сөздіктер, мемлекеттік тілді оқытуға арналған оқу-әдістеме құралдары, сонымен қатар баспасөз және еліміз туралы танымал электрондық өнімдер ұсынылады. Осы барлық материалдар қазақ диаспораның өкілдері үшін қолжетімді және талап етілуде. 2010 жылы Берлиндегі Гумбольд университеті жанында ашылған «Қазақстан және қазақ тілі» қызмет етіп жатқан Лекторат қазақ диаспорысының жастарына ана тілін үйренуге, Қазақстанның тарихын және қазіргі заманғы дамуымен танысуға мүмкіндік береді.

Неміс тарапынан Бундестаг депутаты, қаңдастарымыз Генрих Цертик сөз сөйлеп, тұрып жатқан 800 мың этникалық немістер үшін  тарихи отанымен байланыстардың қолдау және дамуының маңыздылығын атап өтті. Германияда тұратын этникалық қазақтардың өзіндік ерекшеліктеріне ол ерекше назар аударды. Г. Цертик неміс халқы қазақтар оларды өз отбасына қабылдап және ажалдан арашалап алып қалу туралы әр қашан есте сақтап, құрметтеу болатынын атап өтті.

Еуропалық қазақтары Қоғамдастығының Басшысы Абдул Каюм Кесичи өз сөзінде еуропалық отандастардың басқосуларын өткізу соңғы он жылда жақсы дәстүрге айналып отырғанын атап өтті. Оның басты мақсаты – өз елінің ұлттық мұрасы мен мәдениетін жастардың естеріне салу. Мұндай кездесулердің өз тарихи Отанынан алыс тұратын қазақтар үшін үлкен маңызы бар. Ең бастысы – осындай Құрылтайлардың отандастар үшін аса өзекті мәселелерді талдауға, оларды шешуге мүмкіндік беретін орынға айналғандығы. А. Кесичи Еуропада тұратын қазақстардың атынан қаңдадастарға жеке қолдауы және қамқорлығы үшін Елбасына алғыс білдірді.

Құрылтай шеңберінде жастар арасында түрлі байқаулар, спорттық сайыстар, суреттер көрмесінің ашылуы, сонымен қатар балалар мерекесі өткізілді.

Танымал қазақ әншілердің орындауындағы дәстүрлі және заманауи музыка мәдениетінің біртума шығармалары аталған шараға ерекше ұлттық нақыш берді.

Еуропадағы қазақ қауымдастығы 7 мың адам құрайды. Негізінде бұл этникалық қазақтар, олардың арғы аталары көп жылдар бұрын әртүрлі елдерден Германияға көшіп келді.

ҚР СІМ баспа сөз қызметі

Related Articles

  • Математик Henry Cohn 12 өлшемде 841 kissing arrangement табылғанын растады.

    Математик Henry Cohn 12 өлшемде 841 kissing arrangement табылғанын растады.

    NU математика тобы үшін ғана емес, жалпы әлемдік математика қауымдастығында маңызды жаңалық. Әріптестеріміз 12 өлшемді евклидтік кеңістіктегі kissing number үшін жаңа төменгі шекара тапты. Бұған дейінгі төменгі шекара 840-қа тең болатын және оны британ математиктері Джон Лич пен Нил Слоун 1971 жылы дәлелдеген еді. 55 жыл бойы математиктер бұл нәтижені жақсартуға тырысып келді. Енді ол нәтиже жақсарды: 12 өлшемде kissing number кемінде 841-ге тең. Жаңа нәтиже терең математикалық идеялар мен қуатты GPU-есептеулердің үйлесімі арқылы алынды. Сфералық кодтар мен шарларды тығыз орналастыру теориясының жетекші мамандарының бірі, MIT профессоры Henry Cohn (Maryna Viazovska-мен бірге 24 өлшемдегі әйгілі жұмыстың авторларының бірі) осы саладағы негізгі ақпарат көзі болып саналатын сайтты жүргізеді. Henry Cohn 12

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Иранның ракетасы азайғанымен нысанаға тию дәлдігі артқан. Себебі неде?

    Иранның ракетасы азайғанымен нысанаға тию дәлдігі артқан. Себебі неде?

    Фруд БЕЖАН Израильге шабуыл жасалған сәт. 29 наурыз 2026 жыл. Соғыстың алғашқы күні Иран Израиль мен АҚШ-тың ракетаға қарсы жүйелерін қирату үшін жүздеген баллистикалық ракета жіберген. Көп ракета құлатылды. Ал қазір Иран ракета атуды азайтып, күніне ондаған ракета жібере бастады. Ашық дереккөздерге сүйенген әскери сарапшылар Иранның ракета атуы азайғанымен дәл тиюі жоғарылған дейді. Мұның себебіне үңіліп көрдік. “АҚШ пен Израильдің соққылары Иранның ракета жіберу қондырғыларына айтарлықтай зиян келтіргені анық. Мұны атылатын ракеталардың азаюынан байқауға болады. Бірақ Иран ракеталарын үнемдеуге үшін кіші, бірақ маңызды деп шешкен нақты нысандарды дәл ата бастады” дейді Вашингтондағы Stimson Center сараптама институтының ғылым қызметкері Келли Грико. Қазір Иран АҚШ-тың Таяу шығыстағы маңызды әскери нысандары мен радиолокация

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: