|  |  |  | 

Жаңалықтар Көз қарас Саясат

БИЛІК ДИАЛОГҚА КЕЛМЕДІ. ҚАСЫМОВ МЫРЗА ЖАУАП БЕРІҢІЗ!

13239343_1117342744995811_7687343872410883673_n

Сурет әлеуметтік желіден алынды


21-мамыр Қазақстан тарихында қалатыны сөзсіз. Ешкімді алаңға шығуға үгіттемедім. Өзімнің демократиялық құқығым бойынша, ҚР Қылмыстық және әкімшілік кодекстерінде көрсетілген ережелерді сақтай отырып алаңға бардым. Мен журналистпін. БАҚ туралы заңда көрсетілгендей менің ақпарат алуға және таратуға мүмкіндігім бар еді. Алайда, Алматыдағы жағдай астаң-кестең, алағай да, бұлағай болды. Мен не көрдім, не істедім? Билік ше?
Әуелі, Қазақстан азаматтарының Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi заңда бекітіліп берген еді (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U950002126_). Жұрт алаңға «героантократиялық» билікті құлату, немесе мемлекеттік төңкеріс жасау үшін шыққан жоқ еді. Мәсімов Үкіметінің «Жерді сату және жалға беру» туралы шешіміне наразылығын билікке жеткізу еді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл шешімге мораторий жариялағанымен, бұл мәселеде соңғы шешімді жаңадан құрылған «Жер комиссиясы» ұсынатыны тағы белгілі. Алғашында 75 адамнан құрылған комиссияның екі мүшесі Мақсат Ілиясұлы мен Макс Боқаев мүшеліктен өз еріктерімен шыққаннан соң, оларды ІІД қамауға алды. Ал комиссия құрамында қалған азаматтық қоғамның аз өкілі дауыс билікшіл құрамның басым дауысына төтеп бере алмайтыны тағы рас. Демек, ондағы ахуал түсінікті. Халық та, қазір ақпараттан мақұрым емес. Осының бәрін көріп-біліп отырған алматылық жұрт алаңға жиналып, Бауыржан Байбек мырзаға арыз-талаптарын қоймақшы еді. Өкінішке орай, билік диалогқа келмеді. Өтірік болса, айтыңыздар. Алаңға халықтың талап-тілегін тыңдауға кім келді? Алматы қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Саясат Нұрбек келді (https://www.facebook.com/azattyq/?fref=ts). Костюм-шалбар, галстук киіп, бірлі-екілі адамның сөзін тыңдағандай болды. Алматы әкімдігінің өкілі ретінде келген Саясат Нұрбек не деді? «Амал жоқ қой. Диалог құрайық» деді. Дегені сол-ақ, екен, жанында тұрған жандайшаптар (ОМОН, полиция) Саясат Нұрбектің көзінің алдында сөйлесіп тұрған азаматтарды күшпен көлікке сүйреп тықты. Сәкең ше? Қолын беліне қойып тұрып, «ләм-мим» демеді. «Әй, қойыңдар» деген де жоқ. (Осыдан сәл ілгеріде Атырауда өткен бейбіт шеруде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев халық арасына кіріп, костюммен емес, жемпірмен, қолына оралка ұстап тұрып, халықпен ортақ тіл тапқан еді) Ұсталғандар мен ұстағандарға қарап тұрды. Бұл биліктің амбициясын анық көрсетті.
Екінші мәселе, алаңдағы оқиғаларды түсіріп, ақпарат таратуға нөпір журналистер де келді. Беттеріне бетперде киген қасқырлар (ОМОН, полиция) көзіне көрінген, қолына ұсталған адамды көліктерге күштеп тығып, Алматыдағы түрлі АІІБ бөлімшелеріне жеткізді. (Алмалы, Түркісіб т.б.) Осы нөпірдің ішінде алматылық оншақты журналист те бар еді (Тоқтарәлі Таңжарық, Қасым Аманжолұлы, Мақсат Толықбай, Асылхан Мамашұлы, Нұртай Лахан т.б.)
Ал кеше ғана мәлімдеме жасаған Ішкі істер министрі генерал Қалмұхамбет Қасымов «журналистерді қамамаңдар, жіберіңдер» демеп пе еді? Сонда, ІІМ өз жендеттеріне өз сөзін тыңдата алмағаны ма? Дәлірек, алматылық полицейлер үшін министр Қасымовтың сөзінің құны көк тиін болғаны ма? Жоқ, бүгін ІІМ, Әкімшілік полициясының өкілі Игорь Лепаха журналистердің ұсталуын жәй ғана «түсініспеушілік» деді (https://www.nur.kz/1135364-v-mvd-nazvali-zaderzhanie-zhurna…)
Жә, оған да көндік. Сонда алаңдағы оқиғаларды түсіріп жүрген журналистердің кәсіби жұмысына кедергі келтіргені үшін шығынды Қ.Қасымов басқаратын ІІМ өтеп бере ме? Әлде, ІІМ солдаттары (ОМОН, полицейлер) ҚР БАҚ туралы заңына түкіргендері бар ма? (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z990000451_).
Алаңға жұрт жиналды. Жүрт ішінде мен де тұрдым. Өктем билік өгей әкедей, халықтың құқығын таптап, езгілеп, жаншылап, көліктерге сүйреп жатты. Ұсталдым, сытылып шықтым. Өзіме берілген мүмкіндікті (ҚР ҚК, ӘК, БАҚ туралы заңдар негізінде) пайдаландым, журналист екенімді айтып, берілген жоқпын. Бірақ… Ұсталғандар қаншама?!
Бейбіт мақсатта алаңға шыққан жұрттың көздегені не еді? Көздегені билікпен диалог құру. Бірақ, билік мұны қаламапты. Қаматты.
Үшінші біз құқық қорғаушылары деп жүрген, шен таққан полицейлер құқық қорғаушы емес, құқық бұзуші болып шықты. Оған да бүгін көзіміз жетті. Бейбіт жұрттың құқықтарын аяққа таптаған полицейлерге енді кім сенеді? Биліктің жауабы: «олар тыныштықты қорғау үшін келді алаңға». Сұрақ: кімнен? Халықтан ба? Билікті халықтан қорғау үшін бе? Дөп солай. Сонда биліктің негізгі құрылымы қандай? Билік кім үшін? Халық үшін емес пе еді? Ашық диалогтан жалтарған биліктің қулық-сұмдықтары әлі де әшкерелене жатар. Айтпақшы, алаңға шығып, ұсталғандардң әлеуметтік желілерге таратқан бейне жазбаларында полицейлердің ұсталғандарға күш қолданы, соққыға жыққандығы айтылады. Өкінішті жағдай.
Бұған қатысты БҰҰ мәлімдеме жасап, Қазақстан билігінен азаматтардың сөз бостандығы мен журналистердің құқығын бұзбауға шақырды (https://www.facebook.com/azattyq/?fref=ts). Демек, бүгінгі жағдай әлем наразына ілінді.
БҰҰ немесе шетелдік БАҚ десек, Қазақстандағы халықтың демократиялық құқығын аяқа таптап, көпе-көрнеу жала жапқан Еуразия арнасы еске түседі. Кеше арандатушы арна тағы да ақпарат таратты (http://www.1tv.kz/ru/news/video20052016/glavnye/1). Республика мен Алматы алаңдарының мағайынан жарылғыш заттар табылды деді. Кеше аталған ақпарат пайда болған соң, мен Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбекпен жедел сұхбат жасадым. Сол жерде, мен мынау қолдан ұйымдастырылған ақпарат екендігін тікелей айттым. «Жоқ, басымыз екеу емес қой»,-деді Салтанат Әзірбек. Өкінішке орай, Салтанат ханым кім хабарлап айтқанын ашып айтпады. «Халық»,-деді бар болғаны. Бес адамның тұтқындалғанын айтқанымен, олардың кім екендіктерін қанша қазбалап сұрағаныммен айтқан жоқ. Демек, әзірге олардың кім екендіктері белгісіз. Жаңалықтарда арматура, темір-терсектер, жанармай құйылған бөтелкелер мен қару-жарақ көрсетілді. Яғни, алаңға келетіндер дәл осындай жабдықталып келеді деген мәлімет жетті.
Ал кәне, айтыңыздаршы, бүгін алаңға шыққан халыңтың тым болмаса біреуінен жоғарыда аталған тектес заттар табылды ма? Ұсталғандардың тым болмаса біреуінен қару тәркіленді ме? Жоқ, халықтың мақсаты да бұл емес еді. Өкінішке орай, әлгі арна тағы да жалған ақпарат таратқан еді.
Құрметті бауырлар, мен билікке қарсы немесе қандай да бір саяси топтың мүшесі емеспін. Өзімнің азаматтық позициям бар, қатардағы журналистпін.
Кұрметті Қалмұхамбет Қасымов мырза! Бірінші кезекте мен халықпын. Біз халықпыз. Бізді қудалауды, қамауды, бізден арандатушы, билікті төкеруші жасауды доғарыңыздар! Халық билікке қарсы емес. Керісінше, биліктің халыққа келуін, ашық диалогқа шығуын ғана қалайды. Жері үшін, Елі үшін, керек болса Елбасы үшін алаңға шыққан халықтан қылмыскер жасаудың керегі қанша?
Құрметті министр мырза! Мына сұрақтарыма жауап беріңіз! Сіздер кімнің құқығын қорғайсыздар? Кімдерден? Алаңға шыққан халық кім еді? Полицейлер мен ОМОН неге ҚР Конституциясындағы ережелерді ескермеді? Ол үшін кім жауапты?
Нұргелді Әбдіғаниұлы

facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    Мәми би Жұртбайұлының шежіресінде айтылуынша Керей ұлысының арғы тегі – Шеп, Сеп, Байлау, Қойлау, Елдей, Көлдей, Изен, Жусан секілді тайпалардан таралады екен. Аталған тайпалардың біразы ескі тарих беттерінен кездессе, енді бір бөлімі қазірге дейін Керей руындағы аталардың есімі ретінде аталып келеді. Мұның бір себебін арғы тарихтағы аталардың аты өшпесін деп кейінгі ұрпақтарының аталар атын қайта жаңғыртып қойған дәстүрінен қарау керек. Абақ атауына келсек, арыда Керей ханзадалары мен ханышаларының арасында Абақ, Абақберді, Абахан, Абақтай, Абақай, Абақ бике сынды есімдер болған. Сол ата-апаларының жолын жалғаған, тозып кеткен Керей елінің басын қосып, оған әз ана болған Абақ есімді қасиетті ана өмірде болған адам. Қазақ тарихында ру атына айналған әз аналар аз болмаған. Көрнекті жазушы,

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: