|  |  |  | 

Жаңалықтар Көз қарас Саясат

Ескі тәсілмен жазалаушы жүйе осы екпінмен кете берсе, келесі жолы тіпті “Егемен” мен “КазПравданың” тілшілері де алаңға шығып кетер…

13238996_10153852571747182_6335980836183475701_n

Сурет әлеметтк желіден алынды

21 мамыр күнгі жер реформасына қатысты стихиялық жиындар туралы хабар тарату кезінде полиция ұстап әкеткен журналистер арасында Азаттықтың сегіз тілшісі де болды. Журналистердің кәсіби қызметін атқару құқығының барлық өңірлерде бұлайша дөрекі түрде бұзылуын бірінші рет көрдім. Ұсталған журналистердің барлығы заңды түрде тіркелген БАҚ өкілдері (оппозициялық БАҚ-тар елде онсыз да қудаланып, жабылып бітті ғой). Ескі тәсілмен жазалаушы жүйе осы екпінмен кете берсе, келесі жолы тіпті “Егемен” мен “КазПравданың” тілшілері де алаңға шығып кетер:) Билік басында ақылы сау, есі дұрыс адамдар қалса, бұл сенбі халықпен тең диалог орнату, жемқорлықтан арылу және ашық жүйе құруға қатысты елдің сеніміне ие болу (жер мәселесі тек түрткі) және сырттан арандатушы дұшпан іздейтін большевиктік конспирология принциптерінен бас тарту қажеттігін ұқтырып тұр. Жер комиссиясындағы кейбір белсенділер билік шақырған сайын Астанаға елпілдей ұшып, халық наразылығын қозғап жіберген көп түрткінің бірін ғана ауыздары көпіріп талқылай берсе болады, әрине. Бірақ жазалаушы жүйенің көшедегі мына бассыздығы мен ел ішіндегі запыранды ызаның шын себебін көрмей отыра берсе, үкімет құрған көп кеңестің бірі болып қалады-ау деп қауіптенем.

Айтпақшы, Азаттықтың блокталған сайтын аша алмасаңыздар azatkaz.info сілтемесі арқылы кіріңіздер.

Ғалым БОҚАШТЫҢ facebook парақшасынан алынды

13239343_1117342744995811_7687343872410883673_n

Сурет әлеметтк желіден алынды

Сурет әлеметтк желіден алынды

Сурет әлеметтк желіден алынды

1936281_1114728141924658_890288507284992012_n

Сурет әлеметтк желіден алынды

13220837_1701648806775439_4223026482874809966_n

Сурет әлеметтк желіден алынды

13254152_607155872772659_655721872838018191_n

Сурет әлеметтк желіден алынды

13267777_10153852570592182_9124655189836153778_n

Сурет әлеметтк желіден алынды

13267894_1114727981924674_6195860823886275356_n

Сурет әлеметтк желіден алынды

Related Articles

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    Мәми би Жұртбайұлының шежіресінде айтылуынша Керей ұлысының арғы тегі – Шеп, Сеп, Байлау, Қойлау, Елдей, Көлдей, Изен, Жусан секілді тайпалардан таралады екен. Аталған тайпалардың біразы ескі тарих беттерінен кездессе, енді бір бөлімі қазірге дейін Керей руындағы аталардың есімі ретінде аталып келеді. Мұның бір себебін арғы тарихтағы аталардың аты өшпесін деп кейінгі ұрпақтарының аталар атын қайта жаңғыртып қойған дәстүрінен қарау керек. Абақ атауына келсек, арыда Керей ханзадалары мен ханышаларының арасында Абақ, Абақберді, Абахан, Абақтай, Абақай, Абақ бике сынды есімдер болған. Сол ата-апаларының жолын жалғаған, тозып кеткен Керей елінің басын қосып, оған әз ана болған Абақ есімді қасиетті ана өмірде болған адам. Қазақ тарихында ру атына айналған әз аналар аз болмаған. Көрнекті жазушы,

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: