Назарбаев: Қазақстан президенті әйел адам болуы мүмкін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президентінің әйел адам бола алатынын айтты. Бұл туралы ол Санкт-Петербургте өтіп жатқан экономикалық форум барысында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ. ФОТО RIA.RU
“Сіздер неге Қазақстанда әйел адам президент бола алмайды деп есептейсіздер? Әбден болуы мүмкін. Гендерлік саясат жақсы дамып келе жатыр, билікте әйел адамдар көп. Парламентте 30 депутат әйел бар. Оның үстіне, менің де үш қызым бар”, – деп қалжыңдай жауап берді Назарбаев.
Сөз соңында президент әйелдерге “ерекше көзқараста” екенін айтқан.
Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев ресми іссапармен Санкт-Петебургте жүр.
Пікір қалдыру