|  | 

Тұлғалар

Мұрат ҚАЛМАТАЕВ:”Желтоқсан көтерілісінде солдаттардың дубинкасына ұрылмасам да, моральдық таяқ жедім.”

Murat QalmatayЖелтоқсан көтерілісінде солдаттардың дубинкасына ұрылмасам да, моральдық таяқ жедім. Колбиннің кезіндегі жүйемен, əсіресе, Ішкі Істер министрлігі мен Ұлттық Қауіпсіздік комитетіндегі азаматтардың іс-əрекетімен келіспейтіндігімді айтқаным үшін айыпты болдым. Мен ол кезде Ішкі Істер министрінің орынбасары, республика бойынша саяси бөлімнің бастығы, милиция генералы болатынмын. Бастапқыда Желтоқсанда алаңға шыққан жастарды шынымен тəртіп бұзған шығар деп ойлап жүргем. Бірақ тəртіп бұзған адамды жазалаудың да заңды жолы болады. Ал бұлар жазалаудың дөрекі түрін жасай бастады. Солдаттар алаңға шыққан жігіттерімізді соққының астына алды, қыздарымыздың шашынан сүйреді. Шешіндіріп тастап, мұзға жатқызып қойды. Басын көтерсе болды, солдаттар дубинкамен ұрып, естерінен тандырып отырды. Мұндай қатыгездікке шыдай алмаған соң, мен мұны жасаған адамдарға қарсы келдім. Мəскеуден келген Кеңес Одағы Ішкі Істер министрінің орынбасарымен қарсыластым. Қазақстан Орталық партия комитетінің екінші хатшысына жолығып: «Мынау не сұмдық, мұны тоқтатпайсыз ба? Фашистер де бұлай істеген жоқ. Бұлар кінəлі болса заңды түрде соттайық. Жазасын сот берсін. Бұл қалай болғаны?» – деп едім, сонда ол: «Сенің оларға жаның ашыса мен саған бір ақыл айтайын», – деді. Мен бірдеңе айтқалы отыр ма десем, ол: «Үйіңе барып көрпе-жастық əкеп бұлардың астына жайып қой, сонда бұлар жылы жатады», – деді. Əлгіні естігенде партияға деген сенімім бір шайқалып қалды, себебі мен 40 жыл коммунист болған адам едім…
…Желтоқсан көтерілісі кезінде маған жоғары жақтан 400 əскери адамның жараланғанын радиодан хабарлау тапсырылды. Анық-қанығын білейін деп, госпитальға бардым. Барсам шетінен басы-қолы байлаулы əскерилер госпитальға сыймай тұр. Қолым сынды деп байланып алған біреуін жаныма шақырып алдым да: «Мынаны ала тұршы», – деп қаламымды беріп едім, əлгі шап беріп ұстап алды. Негізі, қолы сынған адамның саусағы істемейді. Сосын бас дəрігерді шақыртып алып: «Бұлардың басы-қолы сынса, рентгенді көрсет», – деп едім, жоқ болып шықты. Сосын əлгі солдаттың қолын шешкіздім. Қолын шешсе, түгі жоқ. Басым жарылды деген бір орысты шешіндіріп едім, жарылмақ тұрмақ бөріткен болса бұйырмасын. Ақыры анығына жеткен соң госпитальда жатқан 200 адамды түн ішінде түгел шығартып жібердім. Сол əрекетім Мəскеудегі адамдардың құлағына жеткен. Артынша мені сотқа бермек болып, дау-дамай басталды. Көтеріліс басылғаннан кейін маған Мəскеуден Қазақстанда тұруға болмайды деген шешім шығарып, бір-ақ күннің ішінде Ауғанстанға айдап жіберді. Ол кезде мен елудемін, тіпті немерем бар болатын. Амалсыз Ауған соғысына кете бардым…

Мұрат ҚАЛМАТАЕВ

Related Articles

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: