|  |  | 

Көз қарас Оқиға

Челахтың анасы Ресейге көшуге неге асықты?

Fhrfyrthuty

Ресей басылымдарының шулата жазған: «Майқұдықта қоңырқай тіршілік кешіп жатқан Светлана аяқ астынан, «Отандастарды көшіріп әкелу» бағдарламасы бойынша Калининградқа көшетін болды…», — деген ақпаратына көзім түскен еді. Мән бермеппін.
Жақында қоғамдық орында сыраға қызара бөртіп, даурыға сөйлескен екі жігіттің әңгімесіне құлақ түруге тура келді. Басты тақырып осы «Арқанкерген» оқиғасы жайлы еді. Екі жігіт те кезінде ішкі әскер қатарында қызмет жасап, демалысқа шығыпты. 2012 жылы «Челах ісімен» айналысқан екен. «Негізгі мәселе – «Арқанкергендегі» контрабандалық канал болатын. Ол жерден жылына миллиондаған доллардың тауары ішке заңсыз ағылып жатты. Бұл каналды – мемлекеттік үлкен шенеуніктің бауыры ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында ұстады. Кейін, Кедендік Одақ құрылған соң, заңсыз арнаны жабуға орыстар да белсене кірісті. Бірақ нәтиже шыққан жоқ. Анығында, әлгі дәудің бауырына «тәйт» деуге біздегі министрдің ешқайсысының жүрегі дауаламады. Орыстар ештеңеге қараған жоқ. Бір түнде арнайы жасағын тікұшақпен жіберді де, бүтіндей бір заставаны қырып салды. Шекарашының ішінде славян тектес екі жігіт бар еді. Біреуі, Денис Рей, екіншісі Владимир Челах. Азиат тектестерді түгел қырып салды да, екі славян баласына тимеді. Қағазға жазылған сценарийді Челахқа әбден жаттатты. Басында Челах та мұндай «мойындаудан» бас тартқан еді. Бірақ әке-шешесін, артында қалған бауырларын түгел жоямыз деген соң, амал жоқ, айтқанға көнді. Осы уақытқа дейін жасалған баллистикалық, криминалистикалық, анау-мынау деген түрлі сараптамаларды мұқият қарап шықсаңыз да осыған көзіңіз жетеді. Жағдайдың дәл осылай өрбігенін біздің тергеу орындарымыз бен билігіміз баяғыдан біледі. Бірақ Челахты кінәлі етіп тану – біздің билікке де, Ресейге де өте тиімді еді. Сондықтан, Челахтың варианты жүзеге асты. Ал, Денис Рейдің қайда кеткенін ешкім білмейді…»- деп жатты. Мән бермесіме болмады. Есіме қайтадан Светлана Ващенконың аяқ астынан қоныс аударуға асыққаны туралы ақпарат түсе қалды. Бұл көшке көңіл аудармасқа болмайтын екі басты деталь бар еді. Оның бірі – Светлана Ващенко «Арқанкергенде» қаруластарын қырып салды» деп айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтың туған анасы. Екінші мәселе – Ресейдің «Отандастарды көшіріп әкелу» бағдарламасы бойынша көшіп келушілерді ең алдымен — Шығыс Сібірге, Сібірге, Орталық Ресейге орналастырады. Еуропаның төріндегі Калининградқа кез-келген кісіні жібере қоймайды. Калининградқа ауқатты, ақшалы адамдар қоныс аударады. Светлана секілді қарапайым әйел өз орнын тауып кете қоюы екіталай. Өйткені, Калининградта жұмыссыздық ең басты проблема. Яғни, Светлана Ващенко  әлдебір күшке сүйенбесе, жылы орнын суыта салуға басқаша себеп жоқ. Оның үстіне, Светлана Ващенко ұлымен кездескенде, Владиславтың: «Мама, менің барлық кінәм — тірі қалғаным!» деген сөзі тағы да ойландырады. Сонда, «Арқанкергендегі» сұмдық жайлы әлгі қауесеттің рас болғаны ма? Әйтпесе, мәңгі қапасқа қамалған ұлына дені дұрыс ана айына-жылына қолдан тоқаш пісіріп тасып отырса да дәтке қуат емес пе еді?
Тоқтар Жақаш
Halyknews.kz

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: