|  |  |  | 

Жаһан жаңалықтары Көз қарас Саясат

Украина мен Қазақстан — «комсомолдың соңынан ере беретін» боқмұрын бала емес

2016 жылғы тамызда Қазақстан «халықаралық терроризмнің нысанасына айналмас үшін» іске Ресей араласуға мәжбүр болады, — деп есептейді белгілі ресейлік сарапшы. Альпари компаниясы (Мәскеу) Сараптама департаментінің директоры Александр Разуваев 2016 жылдың тамызына жұлдыз жорамал жасаған сыңайлы.

Калашников автоматын кезенген мәскеулік сарапшы

Razuvaev-e1469611899228
Александр Разуваев

Сарапшы өз сәуегейлігін тамыз айының Ресей үшін әрқашан ауыр болатынынан бастапты. 1991 жылы путч және ГКЧП, 2008 жылы — орыс-грузин соғысы, ол Ресейдің Батыспен алғашқы ашық қақтығысына ұласты, соның салдарынан ресейлік қаржы нарығынан қомақты капитал кетті. Сондай-ақ, Разуваев Lehman Brothers-тің банкротқа ұшырауы мен жаһандық қаржы дағдарысын да еске түсірді.

Одан кейін мәскеулік сәуегей қазіргі уақытқа көшіпті.

«Енді, 2016 жылғы тамызда қауіп ең алдымен Украинаның Шығысы мен Қазақстаннан келгелі тұр», — дейді тосын мәлімдеме жасаған Разуваев.

«Қазақстан – Еуразиялық одақтағы негізгі ел, Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының мүшесі және халықаралық терроризм үшін жаңа нысана.

Жағдай күрделенсе Ресей іске араласуға мәжбүр болады

Мәскеуге оңтүстік шекарадағы тағы бір «Шешенстанның» (Қазақстанды меңзеп отыр) қажеті жоқ», — деген Разуваев Украинаның да „сыбағасын„ берді.

«Украинаның Шығысындағы ахуал да соншалықты тыныш көрінбейді, — деп атап өтті көріпкел. — Батыс Ресейге, ең алдымен, экономикалық қысым көрсету үшін кез-келген арандатушылықтарға барады.

Егер Киевтегі бүлікшілдер Донбассты қайтадан басып алса, ДХР мен ЛХР жұртшылығына қарсы геноцид орын алуы мүмкін, ондай жағдайда Ресей іске тікелей араласуға мәжбүр болады».

Өз болжамының соңында Альпари компаниясының қызметкері Еуропаны оңдырмады, «кәрі құрлықта» банк дағдарысын тудырамыз деп уәде берген сәуегей сөзін тіпті әзілмен тәмәмдапты: «Оптимист ағылшын, пессимист – қытай тілін оқиды, ал реалист – Калашников автоматын қолға алады».

Мәселені күшпен шешуге болмайды

Мәскеулік сәуегейдің «сандырағына» қазақстандық саясаттанушы Сұлтанбек Сұлтанғалиев былай жауап береді:

12549091_939190789464094_9174807470252656907_n-e1469613757777
Сұлтанбек Сұлтанғалие

— Разуваев мырзаңыздың пікірі даулы. «Қазақстан — халықаралық терроризмнің нысанасы» және «Жағдай күрделенсе Ресей іске араласуға мәжбүр» дегені артық енді.

«Халықаралық терроризм» деген пайымы да күмән тудырады. Әзірге Ақтөбе мен Алматыда орын алған оқиғалар бойынша тергеу комиссиясының материалдары жарық көрген жоқ.

Сондықтан

Ақтөбе мен Алматыда болған атыс — «халықаралық террористердің әрекеттері» деген қорытынды жасауға ерте.

Қазақстан қалаларындағы қайғылы оқиғалар үшін бірде бір террористік ұйым өз мойнына жауапкершілік алған жоқ. Мұның ИГИЛ (ДАИШ) содырларына тән емес екендігімен келісетін шығарсыз.

Иә, Қазақстанда билік пен қоғам арасындағы әлеуметтік байланыс мәселесінде қиындықтар бар, бірақ оның терроризм мәселесіне ешқандай қатысы жоқ

Ал «Ресей іске араласуға мәжбүр болады» деген пайымы сұрақ тудырады. Біз Ресей Федерациясының субъектісі емеспіз, өзінің жері, халқы, заңдары мен егемендігі бар тәуелсіз мемлекетпіз.

Мұндай „пайымдаулар„ түсінбестік туғызып қана қоймай, еуразиялық интеграцияны қолдайтын менің өзімді Ресейден, Еуразиялық одақ идеясынан бас тартуға итермелейді.

Ресей де, Қытай да өз шекарасының маңынан шиеленіс ошағын тудыруға мүдделі емес. Бірақ

бұл мәселемен қорғаныс министрлігі емес, мемелекеттің сыртқы саясат ведомствосы айналасуы тиіс

Қазақстан Ресейдің «қолбаласы» емес

— Ресейлік саясаттанушылар Қазақстан туралы пайымдағанда баяғы КПСС-тің идеологиясынан әріге аса алмай отыр: «біз бауырмыз», «аталарымыз бірге соғысты» және т.б., — дейді әңгімесін жалғастырған Сұлтанбек Сұлтанғалиев. — Бұл ақымақтық. Бауырлас халық деген дүние болмайды. Әр мемлекеттің өзінің саяси, экономикалық мүдделері болады, міне, соларға сәйкес әр ел өзінің сыртқы саясатын жүзеге асырып, өзіне одақтастар мен серіктестер табады. Осындай қарапайым нәрсені түсінбеу, немесе елемеу бұрмаланған саяси бағдарға әкеліп соғады. Осындай жағдай Украинада орын алды, ол жерде орыс дипломатиясы жойқын жеңіліс тапты.

Сондықтан Разуваевтың «Егер Киев бүлікшілері Донбассты қайтадан басып алуға талпынса, Ресей іске тікелей араласуға мәжбүр болады» дегені көңіл алаңдатады.

Шынын айтсақ, Ресей өзінің экономикалық ахуалына байланысты Донбасты федерация субъектісі ретінде асырай алмайды

Донбастағы тартысты қазіргідей жылы жауып қоя тұру әрине, Кремль үшін тиімді. Бұл президент Путиннің ішкі рейтингінің құлауына жол бермейді, бірақ Батыспен диалог жүргізіп, Киевті өзінен ұзатпауға мүмкіндік беріп отыр. Шындық осы, қалғаны құр үгіт-насихат қана. Сондықтан саясатта табысты болу үшін, ең алдымен өзіңе өзің адал болуың керек.

Украина мен Қазақстан — «комсомолдың соңынан ере беретін» боқмұрын бала емес

Біздің өз мүдделеріміз, саяси және экономикалық үрдістерге өз көзқарасымыз бар. Сондықтан оларды ресейлік ресми билік немесе жекелеген сарапшылар тарапынан менсінбеушілік Қазақстан қоғамында кері пікір тудырып, екі ел арасындағы қарым-қатынасты күрделендіруі әбден мүмкін.

Ресей сыртқы саясатының ақпараттық трендтерін қалыптастыратындарға осы тұрғыда дұрыстап ойланған жөн.

365info.kz

Түп нұсқадағы тақырып :Ресейлік сарапшы: «Қазақстанға орыс әскері енгізіледі»

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: