«Жас қазаққа» мәлім болғандай осы жылдың 29 қазанында кәсіпқой боксшы Қанат Ислам WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді.
Жекпе-жек «ЖЕРСУ» корпарациясының бас демеушілігімен Алматы қаласында ұйымдастырылады. Боксшы үшін бұл өте жауапты әрі көптен күткен кездесу болмақ. Енді Қанаттың кездесуін көру үшін жанкүйерлер құрлық аспай-ақ қазан айында Алматыға келетін болады. Қанаттың қарсыласы кім екенін жақын күндері жариялайтын боламыз. Айта кетейік Қанат Ислам — WBA Fedecaribe тұжырымының чемпионы, осы уақытқа дейін 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
Пікір қалдыру