|  |  |  | 

Көз қарас Сұхбаттар Тұлғалар

«Біздің заңның торынан үлкен шыбындар да шығып кете береді»

Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза “Жұмадағы” жүздесудің” қонағы

– Денсаулығыңыз жақсы ма Шер ата? Біздің өтпелі кезең деп жүргеніміз қашан таусылады?
– Денсаулығым ептеп жақсы. айналайын. Өтпелі кезең бізді өкіндіргелі қашан. Шығыстағы көршіміз Қытайдың бір мақалы ойыма оралып отыр. Қытай қарғысының ең жаманы – «Ауыспалы кезеңде туғыр». Яғни, императорлар, династиялар әулеті ауысып, жаңа дәуір басталар аласапыран шақ. Біздің өтпелі кезең осындай дүдәмал халде болды.
– Шерхан ата, бүгінгі атқарушы билікке қандай баға бересіз? Атқамінерлердің ұстанған бағыт-бағдарын Сіздің көкейіңіздегі бағаммен өлшеп көрсек…
– Тәуелсіздік алғанға дейін: «Шіркін-ай, Қазақстанның байлығы өз қолымызға тисе ғой! Сонда ма, сонда…», – деп армандап едік. Енді не болды? Байлық өз қолымызда. Бірақ, бүйіріміз неге томпаймайды? Қарнымыз қабырғамызға неге қабысып қалды? Осылай дей бастасаң басшылар ашуланады. Өйткені, олардың ел аралап  жүріп өткен жерінің бәрі жайнап тұр. Ел тоқ, киім көп, жұрт тыныш, күнде думан, күнде той. Мұның атын «Потемкин деревнясы» дейді. Кезінде патша-қатын Екатерина Ресейдің оңтүстігін аралап келе жатса, ертегідегідей әп-әдемі әсем үйлер көздің жауын алып жарқырап тұратын көрінеді. Сөйтсе, патшаның Потемкин дейтін министрі жол бойына жұқа тақтайдан үйлердің көркем суретін салдыртып қояды екен. Біздің әкімдеріміздің әрекеті, көбінесе, осы Потемкин атаның қулығына ұқсап кетеді. Олар шалғайдағы Торғайдың, Ырғыздың түкпіріндегі ауылдарға, Шетке, Абдалыға, Шудың құрдымына, Зайсанның, Тарбағатайдың пұшпақтарына барып, қарапайым халықтың хал-жайын біліпті дегенді оқыған да, естіген де емеспін.
«Қазақстанның Көк Тәңірі сыйлаған бай қазынасы қандай?» деген сұрақ көкейден кетпейді-ақ. Сол қазына халықтың мұқтажына жетпей жатқандықтан халық жоғары жаққа жаутаңкөз.
Құдайға шүкір, дәл қазір мемлекетімізге зеңбірекпен төніп тұрған қауіп жоқ. Бірақ, зарығып жеткен тәуелсіздігімізге төніп тұрған орасан қауіп – жемқорлық, парақорлық, ұрлық-қарлық! Мемлекет қазынасын, қалың халықтың несібесін солқылдата сорып жатқан осылар. Ал, дүниежүзілік банктен миллиардтаған қарыз аламыз. «Неге?» десеңіз, «Бюджетте ақша жоқ» деген жауап аласыз. Жылда 7-8 миллиард теңге игерілмей қалады. Сол ақша қайтадан бюджетке қайтарылмай ма, қалай өзі?! Әйтеуір адам түсініп болмайды. Осы орайда, Шекспирдің даналығы еске түседі. Қылмысты алтынмен көмкеріп қойсаң, заңның найзасы майысып қалады. Көк соққанда біздің найзаларымыз, әсіресе, майысқақ келе ме деп сескенемін. Неліктен? Заңның найзасы майысқақ мемлекеттің іргетасы бекем бола қояр ма екен? Өрмекшінің торына түссе, шыбын-шіркей ғана түседі. Ал ара, сона дегендер сол  торды елең қылмай бұзып кете береді. Сор болғанда біздің заңның торынан үлкен шыбындар да шығып кете береді.
– Шерхан ата, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық қай саланы болмасын жайлап алған. Аса ірі көлемін көлеңкелі бизнестен іздейміз бе? Әлде…
– Жемқорлық пен парақорлық батпан құйрығы – шетелдерден алынып жатқан несие және Үкіметтен несиені миллиондап алып, бір теңге де қайтармай отырған алпауыттар. Екеуі де Үкіметтің тікелей қатысы бар. Үкімет әлгі алпауыттарға несиені оңды-солды аямай бергенде – Атымтай жомарт. Ал, қарызды қайтар деп айтуға келгенде дәрменсіз. Неге? Сен қалай ойлайсың? Неге? Қарызды қайтар деп айтуға келгенде, Қажыгелдиндер неге күмілжи береді? Қағазға қол қойған сол ғой. Міне, батпан құйрықтың жатқан жері. Алтын сауытқа оранған қылмысты заң найзасы дәл жүректен түйрейтін шақ осы. Бұл жерде майысқақ найзаны лақтырып тастаған жөн. Майысқақ найза болмаса, Шумов пен Малахов, Смағұлов қайда? Заң қорғаушылар дәрменсіз дегенге кім сенеді. Бірақ, осылармен пәрменді күрес жоқ.
– Маңдайының соры бес елі қазақ тілінің көсегесі  қашан көгереді? Депутат кезіңізде емес пе еді, «жыланның ғана екі тілі бар» дегеніңіз? 
– Иә, дәл сол заманда. Ой, айналайын-ай, қазір менен не қал сұрайсың? Қызметте отырғанда өзімізге берілген міндетті толығымен орындауға тырыстым. Қазір мен «Егеменбіз, Тәуелсізбіз» деген шырын сөздерге бұрынғыдай масаттанбайтын болып барамын. Ол – ол ма, азаттық алғанымызға де сенім азайды. Алматыда жүрсем де шет елде жүрген сияқтымын. Қала толы жарнама. Бұрын орысшасы көп те – ептеп түсінуші едім, енді не жазу екенін мүлде түсінбеймін. Өйткені, қаптаған ағылшынша мен қытайша, ал соған енді түсініп көр. Көшеде адамдар бір-бірімен көпшілігі орысша сөйлеседі, одан қала берді ағылшынша, қытайша бірдеңе дейді. Қай елде жүргеніңе шатасып қаласың. Азаттық алғанымыз осы ма?
– Шерхан ата, Сіз Астананың болашағына сендіңіз бе?
– Мен Астанаға Целиноград болған тұсында да, Ақмола болғанында да талай мәрте барғанмын. Ол кезде батпақ белуардан келіп, аяқ алып жүре алмайтынбыз. Амалсыз кәдімгі керзі етік киіп алатынбыз. Қарлы боран, жауынға қарамай Сарыарқаның төсіндегі осы қаланы талай кезгенмін. Қазір Астана адам танымастай өзгерді. Өте көп күш, қаншама қажыр мен қайрат жұмсалуда. Бір байқағаным, біз өте әсірешіл, даурықпа болып кетіппіз. «Дүниежүзінде мұндай керемет қала жоқ» деп, даусымыз жеткенше айқайлап жатырмыз. Ал ақын-жазушылар Астананың кереметіне тамсанып, талай туындылар тудырып та тастады. Өз басым, әлемнің түкпір-түкпірінде, мұхиттың арғы және бергі бетінде де болдым.  Қаншама елдің астанасын, сұлу қалаларын көрдім. Ал енді «осы қалалардың барлығынан басып оздық» дегеніміз астамшылдық болады. Уақыт өтер, Астана түрленіп, заман талабына сай бой түзер. Құр бөрікті аспанға ата беруге болмайды, ақиқатын, шындығын айтуымыз керек, шырағым.
– Әңгімеңізге рақмет, Шер ата!

Сұхбаттасқан: Жұмамұрат Шәмші

qazaq1913.kz

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: