|  |  |  |  | 

Тарих Тұлғалар Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі

Дүңгендер қырғыны: Қазақтың батыр әйелдері

Иммиграция казахов из Восточного Туркестана (Китай) в Турцию. 1940-1950 годы..

Шыңжаңды қытай отарына бермеу жолында аянбай қан төккен қазақ халқының қанды тарихы бүгіндері біртіндеп ашыққа шығып жатыр. Желіккен қанішер дүнген билеушісі Мабуфаңның қолтығына су бүріккен қытайлар қаншама қазақ ауылдарын түгелдей қырып салғаны бүгінгі ұрпақтарының әлі есінде

Төменде Үрімжі ауданында тұратын зейнеткер жазушы Алқарнай Ескендірдің сол қанды жылдарда ерлік көрсеткен қазақ әйелдері жазған шағын жазбасын ұсынамыз.

1942 жылы Сайдам ойпатынң тауындағы Қажырада отырған Мейрамханың ауылын Мабуфаңының қалың қолы тұтқиыл басып қалады. Бейғам отырған ел қапыда қоршауда қалады да, ауыл әзаматтарі бет-бетіне бас сауғалап, айелдер мен балалар түгел қолға түседі. Шабындыға ұшыраған елдің ілікке жарайтынын түгел қиыдай сыпырып, мал-мүлкін тегіс талан-таржылаған Мабуфаңның жендеттері әйелдер мен балаларды алдыға салып, айдауға жарамаған карі құртаң, шал-шауқандарды найза мен түйреп өлтіріп, артынан мүрделерді өзенге тастайді.

Олар Ұтымұрын деген жерге келгенде, Гансудан Махайды басып келіп, Қарадөң деген жерде отырған Тұрды батыр ауылының үстінен түседі. Тұрды батыр ауылы бір апта бойы сусысз тандыр даланы басып, ауыздары суға енді тигені сол еді, Мейрамхан ауылын шапқан жау оларды да шауып, қорғасын оқты жаңбрша төкті. Бұл ауылдан қолға түскендерді де бұрынғы тұтқындарға қосып, Мабуфаң жендеттері шығысқа жалғасты жылжи берді. Екі ауылдан қосылып айдалған ел Құлмұтының Там өзені бойына келгенде «Қатын балашағамыздан тірі айырлғанша жаулармен айқасып, басымызға бірнешуін жастай кетбейміз бе» – деп Мейрамхан ауылынң 40 неше жігіті арттан қуып жетіп, жау әскерлерімен қиянкесксі соғыс салады. Бір күн толассз соғысқанда олардың үшеуінен басқасы түгел шейіт болады. Осы боздаған боздақтарымыздың ішінде марққұм Бурақанды Там өзенінде қамауда жатқан әйелімен баларының көзінше Мабуфаңның қанішерлері кескілеп өлтіріпті.

Рахымсыз әскерлер қолды болған елді айдаған беті Шиниңге апарып абақтыға қамайды. (Шиниң қаласы Чиңхай өлкесінң орталығы). Осы кезде Тұрды батырдың әйелі Бәкен бес-алты әйелді бастап, абақтыдан қашады. Бұлар күндіз жасырынып, түнде жүріп, ашыққанда құрт-қоңыз, жемтікке дейін жеп, жартастың қуысына ұйықтап, бірнеше ай дегенде Доландағы қазақ ауылдарына келіп қосылылады. Олардың ажал ауызынан аман-есен құтылуы қазақ айелдерінің қайсарлғын, ұлт намысын қорғаудағы адал қасиетін әйгілеп, ұрпақтан ұрпаққа жыр болып қала берді.

1943 жылы Бәти есімді қазақ әйелі түрме қарауылын буындырып өлтіріп, атына мініп қашады. Бірақ, байқұс әйел жол білмегендіктен қанішерлердің қолына қайта түсіпті.

1525353_681473475276976_6328693590343648986_n

Шашақ – Руы шеруші Жақсылық деген кісінің қызы . 1942 жылы Тұрды батыр ауылы Гансу жерінен қотарыла көшіп, жарым айға жуық уақытта Қарадоң, Ұтымұрын деген жерге келіп ат дамылдатып, неше күндік шөл азабынан құтылып ауыздары енді ас-суға тие бергенде Мабуфаң жендеттері сау етіп жетіп келеді де, бейкүнә елге оқ жаудырып қынадай қырады. Есі шыққан ел жан-жаққа бытырай қашады. Тұрды батыр бастаған бірқанша азаматтар жаумен айқасып, түгел шейіт болады.

Осы апалас-төпелесте Шашақтың күйеуі қой бағып кеткен екі ұлын іздеп шығып, қопалы қамысқа барып тығылады, ал Шашақ жеті жасар ұлы Байғұзар екеуі жау қолына тұсіп, Қажырадан айдалып келе жатқан Мейрамхан ауылындағы әйелдердің қатарына қосылады. Жол бойы ол қалай қашу туралы ой ойлаумен болады. Өзіне берген нанының жарымын жол шетіне тастап отырады. Бір күні олар бір үлкен өзеннің жағасына келіп қонады. Арып-ашқан айдаудағы ел де, әскерлер де өз-өздерімен болғанда, баласын қолтығына қысқан Шашақ терең өзенге қойып кетеді.

Ол өзеннен бес шақырымдай жерге барғанда жағаға әзер шығып баспалап жүріп, өздерінің жүрген жолының сорабын тауып алып, әр жерде озі тастаған нанды тауып алып, аужал қылып алға тарта береді. Жұт жеті ағайынды ғой, жол бойында ол тағы Мабуфаңның мал айдаған әскерлеріне жолығып қалып қайтадан қолды болады. Бұл жолы Шашақ өзін еркін ұстап, елін таба алмай жүрген кейіпте болады. Бұларға қосылғанына қуанған бейне көрсетеді. Әскерлер бір араға дамылдағанда күндізгі ойға алған жоспары бойынша әскерлердің біреуінің атын мініп қаша жөнеледі. Артына да қарамайды, ақыры күйеуін тауып еліне келіп қосылады.

Сол Шашақтың балалары қазір Ақсай ауданында бір-бір ауыл болды. Төркіндері Баркөл ауданында тұрады.

1949 жылыдың қазан айында, Гансудың Шушаңху деген жерінде отырған тағы бір бейғам ел тұтқиыл қаумалаған жау әскерінің қоршауында қалады. Ауыл адамдарының бір бөлімі қоршауды бұзып, қашып шығады да, Сарғалжың деген өзеннің жағасына келіп дамылдайды. Бірақ, ізге түскен қуғыншылар босқын ел шайға енді отыра бергенде, сау етіп келіп, екі жақ атысып кетеді. «Сойыл сорылыға бұрын тиеді» демекші, Шекен деген әйелдің жалғыз жүк артқан атаны оқ тиіп өліп, басқа аяқ артар ештемесі қалмаған соң, Тәліп, Халық деген екі баласын қолтықтап, бір сайды өрлеген беті, сай басындағы бұта-бүгені мол қорым тастың арасына сіңіп кетеді. Ертесі сәскеге дейін ашыққа шықпай баспалап жатып, өздерін іздеп келер деген дәмемен күйеуі Бекейді күтеді. Қанша күтсе де ешкім келмейді.

Күздің қара суығына дірдектеп тоңған әрі ашыққан балалар қыңқылдап Шекеннің мазасын ала берген соң, тәуекелге бел буған ол екі баласын жартас қуысына жасырып қойып, күйеуін іздеп, кешегі жау шапқан жұртқа қарай жолға шығады. Шабындыға ұшыраған жұртқа келгенде, ол шашылып жатқан ыдыс-аяқ, ескі құрым кигіз, жапырылған шелек сияқты ұсақ-түйек нәрселер арасынан керекке жарайтындай бірдемелерді алып, тауға қарай келе жатқан жолында, аласа жырашықта денесі жартылай көрініп жатқан мүрдені көреді. «Бекей болып жүрмесін» деген қорқынышпен мелшиіп аз түраді да, мүрденің жанана келеді. Мүрденің аяғына киген етігі мен, үстіне киген шапанына қарап ол өз ауылындағы Шатырхан деген жігіт екенін біледі. Ағыл-тегіл жылаған ол Шатырханның мүрдесін қайтып қиып кете алсын, мүрденің қасындағы құмнан шұқанақ қазып сол араға жерлейді де: «Қош! Махшарда кезігелік!» – деп жылаған беті балаларының қасына қайтып келеді.

Қасқыры ұлып, аюы ақырған сүркейлі далада оларға жыртқыш аңдардан басқа жау жоқ еді. Қу құлқын үшін қоянның жымына, шыл-кекіліктің ұясына тұзақ құрып, тау үңгірін паналап күндерін көре берді. Бастабында біреу-міреу іздеп келер деген үмітпен астарға көз сәлумен болды. Алайда ешікім іздеп келмей, күдері де үзіле бастайды. Жабайылық тұрмысқа да ақырын-ақырын бойы үйірлесе бастайды. Тіпті, жыртқыштардың ауызындағы елікті, бұғыны, тау ешкіні бүтін күйінде тартып алады. Балаларын қолтықтап жүріп, аяғы жеткен жерден азық іздейді.

Қыс өтіп, көктемінің сылбыр балшығы кепкен соң, екі баласын қолтықтап Алтын таудың құбылмалы климатымен алыса жүріп, елін іздеуге белін буады. Ол осылай көш кеткен бағытпен жүре берді. Жүре-жүре 1951 жылы мамырда ел шетіне әрең ілінеді. Алғашында бірнеше моңғол малшылары ұш бебақты тауып алып, ауылдарына алып келеді. Оның қазақ екенін білген соң моңғолдар сол арадағы қазақтарға үгіт айтып жүретін Ақынқожа атты жігітке ертіп келеді. Ақынқожа мән-жайды әбден білген соң Шекенді Чиңхай өлкесінің Шапша ауданына ертіп әкеледі. Үкімет жақ Гансумен Чиңхайда босқын қазақтарды осы араға жиып жатқан екен, оларға қамқор болып, бір ауызды үй, көрпе-жастық, ыдыс-аяқ қатарлы тұрмыстық бүйымдармен қамдайды. Ақынқожа басқа жерлердегі қазақтар арасынан жөн сұрай жүріп, бір жарым ай дегенде Шекеннің жолдасы Бәкейді іздеп тауып, оларды аман-сау қауыштырған. Әсілінде, Бәкей ағасы Мұхтар екеуі Сарғалжыңдағы қырғынан аман құтылып, қытайдың коммунистік азаттық армиясына жолығып қалады. Азаттық армия оларды Шиниңге әкеліп, зауытқа жұмышылыққа орналастырған екен.

1952 жылы Бәкей батыс терстік ересектер университетінің қысқа мерзімді курсын тауысып, 1953 жылы Құлмұтыға қызметке тұрады. 1957 жылы ата мекендері Алтайдың Коктоғай ауданына қоныс аударды.

Дайындаған: Ұларбек Дәлейұлы

baq.kz

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: