“Мен Қазақстанда тұрамын, бұл – менің туған жерім. Қазақстанда тұрғаным үшін мақтанамын. Қазақ тілі маған жеңіл, сөйлеу қиын емес. Өзгелерге де қиын емес, қазақша сөйлеуге тиіссіңдер! Қазақстанда тұрасыңдар, бұл – туған жерлерің”, – дейді Вахнина өзінің ана тілін білмейтін отандастарына арнаған видеоүндеуінде.
Елена күнделікті тұрмыста да тек қазақ тілін пайдаланады екен. Орысшаны өте сирек қолданады, өйткені ол тілде еркін сөйлеуден қалған.
Оның айтуынша, Үржарда мемлекеттік тілде сөйлейтін орыс ұлтының өкілдері көп. Үйренгісі келген адам үшін қазақ тілі оңай, көпшілік ерінгендіктен үйренбей жүр дейді Елена Вахнина.
Пікір қалдыру