|  |  |  | 

Жаңалықтар Зуқа батыр 150 жыл Қазақ хандығына 550 жыл

Алматыда дүниежүзі қазақтарының халықаралық өнер фестивалі өтеді

Фото: qazaq-alemi.kz

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы дәстүрлі шетелдегі қазақтар арасында өтетін өнер фестивалін өткізеді. Қазан айының 7-сі күні өтетін халықаралық өнер додасы “Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі” деп аталады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толуына және Алматы қаласының 1000 жылдығына орай өтетін шара алыстағы ағайынды бір-бірімен байланыстырып, бір-бірімен таныстыруды көздейді, дейді BAQ.kz тілшісі.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ұйымдастырып отырған халықаралық фестивальге 21 мемлекетте тұратын қандастарымыз қатысуға ниет білдіріп отыр. Фестиваль аясында “дөңгелек үстел”, сурет көрмесі, мүшайра, терме сайысы және гала концерт өтетін болады.

Сонымен қатар, биылғы фестиваль барысында Зуха батырдың 150 жылдығына қатысты да алыс-жақыннан келген қандастарымыздың арасында толықтай таныстыру жұмыстары жүріліп, батырдың қазақ тарихында алар орыны туралы сөз болмақшы.

Іс-шара қазан айының 7-сі күні Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өтеді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 2016 жылдың қазан айында Алматы қаласында «Алматы – тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты шетелде тұратын және оралман қазақ жастарының өнер фестивалі аясында сурет көрмесін өткізуді жоспарлап отыр.

ЕРЕЖЕСІ

Мақсаты: шетелдегі дарынды қазақ жастарының бейнелеу өнері түрлерін меңгерудегі шығармашылық шеберлігіне баса назар аудару. Олардың отансүйгіштік, рухани, ұлттық нақышта бейнеленген, сомдалған тың тақырыптағы шығармаларын насихаттау.

Міндеті: бейнелеу өнері түрлері саласында шығармашылық шынайы туындыларын шыңдап жүрген шетелдегі қандас жастарымыз бен оралман қазақ жастарының еңбектерін көпшілікке таныту.

Көрмеге қатысу шарттары:

1. суретшінің жас мөлшері 18-35 жас аралығында болуы тиіс,

2. автордың өмірбаяны, толық мекенжайы және оқу орны, жұмысы, телефоны көрсетілуі керек,

3. кескіндеме шығарма көлемі 100×150 см-ден кем немесе аспауы тиіс (материалдары: майлы бояу, гуашь, акварель, кенеп, картон, ақ қағаз)

4. Графикалық шығарма көлемі 40×90 см (материалдары: офорт, линогравюра, гравюра, литография т.б.) көркемдік деңгейі талапқа сай, тақырыпқа мейлінше лайық болуы тиіс.

Әрбір автордың көркем шығармасы талапқа сай безендіріліп (багет), саны

5-7-ден аспауы керек.

Суретшілер өздерінің толық аты-жөні, өмірбаяны, байланыс телефондары, тұрғылықты мекенжайын көрсетіп, хат жазуы керек. Ұйымдастырушылар авторларға өздері көрсеткен байланыс телефондары арқылы хабарласады.

Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Суретшілер өздерінің хаттарын мына мекенжайға жібере алады:

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының үйі (Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 43А немесе электрондық адрес: kazaktar.kz@mail.ru, tugan_til79@mail.ru

 

Тел.: 8(727) 2739025; тел./факс: 8(727) 2739997

 

Оған қоса:

Шетелдік және оралман қазақ жастарының арасында Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жыр мүшәйрасы мен термешілер сайысы өтеді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 2016 жылдың қазан айында Алматы қаласында «Алматы – тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты шетелде тұратын және оралман қазақ жастарының өнер фестивалі аясында жыр мүшәйрасы мен термешілер сайысын өткізеді.

ЕРЕЖЕСІ

Мүшәйра мен терме сайысының мақсаты:

- Шетелдегі жас қазақ ақындарының жырларын байқауға қатыстыру арқылы олардың ұлттық, отаншылдық сезімін, Атажұртқа деген махаббатын арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін одан әрі көтеру, әлі таныла қоймаған ақындарды, жыршы-термешілерді анықтау, жас дарын иелерін жұртшылыққа таныстыру;

- Қазақ жастары арасында отансүйгіштікті кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіру, тәуелсіздікті терең сезіндіру, елдік мәселелерге сергек қарау.

Мүшәйра мен терме сайысының шарты:

Мүшәйра мен терме сайысына 35 жасқа дейінгі шетелде тұратын және елімізден тыс аймақтарда туып-өсіп, қазір атажұртқа оралған жас қазақ ақындары мен жыршы-термешілері қатыса алады.

Автордың шығармасы бұрын еш жерде жарияланбаған болуы керек.

Бір ақын үш өлеңмен қатыса алады.

Бірінші өлеңі – атамекен, ел мен жер, елдік, патриоттық мәселелер тақырыбында болуы керек (міндетті);

Екінші өлеңі – Зуқа батырдың туғанына 150 жыл толуына орай батырдың ерлігі мен өмірі туралы (міндетті);

Үшіншісі еркін тақырыптағы өлең болуы қажет.

Терме сайысы еркін тақырыпқа құрылады. Термешілердің орындаушылық шеберлігіне баға беріледі.

Термешілер Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығына алдын ала хабарласып, тіркеуден өтуге, мүмкіндігі болса, орындайтын термелерінің үнжазбасын тапсыруға міндетті.

Өлеңдер 2016 жылдың 15 қыргүйегіне дейін қабылданады. Жіберілетін өлең мәтінінің астына автордың толық аты-жөні, өмірбаяны, байланыс телефондары, тұрғылықты мекенжайы көрсетілуі шарт.

Ұйымдастырушылар авторларға өздері көрсеткен байланыс телефондары арқылы хабарласады. Алдын ала іріктеуден өтіп, конкурсқа жіберілгендердің арасынан арнайы әділқазылар алқасының қатысуымен жүлдегерлерді анықтау, оларды марапаттау рәсімі 2016 жылдың қазан айындағы фестиваль аясында өткізіледі.

Әділқазылар алқасының шешімімен жеңімпаздарға бес дәреже бойынша жүлде (ақындарға бөлек, термешілерге бөлек) тағайындалады.

Мүшәйра мен терме сайысының жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Ақындар өлеңдерін «Мүшәрайға» деген атпен мына мекенжайға жібере алады: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының үйі (Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 43А немесе электрондық адрес: kazaktar.kz@mail.ru, tugan_til79@mail.ru

Тел.: 8(727) 2739025; тел./факс: 8(727) 2739997

Related Articles

  • Алматыда аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы: күдікті ұсталды

    видео кадры Қазнетте аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы тарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz . Видеода белгісіз адам жігітке бірнеше соққы жасайды. Диалогтан жәбірленушінің қандай да бір қаржылық қарызы бар екені белгілі болады. Кадр сыртындағы дауыс оның басынан ұрмауды сұрайды. Скриншот Алматы полициясы күдіктілерді ұстады. “Зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр”, – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі болды

    Алматы көшелерінде тұрған адамдар. 24 қаңтар 2024 жыл. 23 қаңтар сағат 00.09-да Алматыда қатты жер сілкінді. Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысынан 264 шақырымда, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған. Жер дүмпуінің магнитудасы 6,7. МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда жер дүмпуі – 5 балл, Шымкентте 2 балл болған. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев адам шығыны мен қираған ғимараттар жайлы ақпарат түспегенін мәлімдеді. ТЖД халықты лифт қолданбауға, тез арада үйлерінен шығып, қауіпсіз аймақ табуға, газ, су және жарықты сөндіруге шақырды. Ведомство халықты сабыр сақтауға үндеді. Ал сағат 00:44-те Алматыда жүр дүмпуі қайталанғаны, екінші жер сілкінісі шамамен 2-3 балл болғаны

  • “Жеңіліс ауыр тиді”. Қазақстан Еуро-2024 додасына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ әлі бір мүмкіндігі бар

    Словения-Қазақстан матчы. Любляна, 20 қараша, 2023 жыл Футболдан Қазақстан құрамасы Люблянада Словения құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп, 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ Қазақстан келесі жылы наурызда Еуро-2024 додасына лицензия алуға тағы бір рет талпынып көрмек. Словениядағы ойын қалай өтті? Қазақстан құрамасының бас бапкері жеңіліс жайлы не деді? Люблянадағы матчқа барған Азаттық тілшісінің репортажы. МАТЧ ҚАЛАЙ ӨТТІ? Ойын бастала сала Словения құрамасы шабуылға көшіп, матчтағы басымдықты өз қолына алуға тырысты. Матчтың 26-минутына дейін Словения ойыншылары Қазақстан қақпасына төрт рет қауіпті соққы жасап үлгерді. Ойынның 40-минутында қазақстандық қорғаушы Ян Вороговский Петар Стояновичті қақпа маңында шалып шығып, польшалық төреші Шимон Марчиняк Қазақстан қақпасына пенальти белгіледі. Бұл 11-метрлік пенальтиден

  • Мәжіліс әскери резервті жасақтау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

    Қазақстан әскері жаттығу кезінде. 15 қарашада Қазақстан парламентінің төменгі палатасы әскери резервті жасақтау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжаттың ресми атауы – “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы. Құжат Қазақстанда “әскери қызметтің жаңа түрі – резервтегі қызметті енгізуді қарастырады” деп жазды ресми БАҚ. “Заң жобасын іске асыру азаматтарға резервте әскери қызмет етуге мүмкіндік береді. Ол үшін келісімшарт ерікті түрде үш жылға жасалады. Даярлық бір жылда екі айдан аспайды. Жауынгерлік жиындар 30 күнде іске асырылады. Резервтегілерге арналған сабақтар ай сайын екі-үш күн болады” деді парламент отырысында қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов. Ресми ақпаратқа қарағанда, әскери резерв 2025 жылға қарай жасақталады. Бірінші

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: