|  |  |  | 

Жаңалықтар Көз қарас Саясат

Қуаныш Сұлтан мырзаға уәж? бұл сұхбаты мен үшін жаға ұстатқан сұхбат болды.

maxresdefaultКеше кешкісін телевизор қарасам “Қазақстан ұлттық телеарнасының” «G20 cаммитіне» байланысты арнайы шығарылымында қонақта болған сенатор Қуаныш Сұлтан мырза былай деп сөйлеп жатыр екен: 
«Қытай өзі дәстүрлі халық. Дәстүріне көп сүйенеді. Бұын-соңды олар Қазақстанды ешқашан мемлекет деп мойындаған емес. Кезіндегі шекара бөлістері 1880 жылғы(?), 1860 жылғы(?) шекара бөлістерінің бәрі Қытай мен Ресейдің арасында болған. Біздің қазақтың жерін бөлгенде қазақ қатынаспаған. Неге қатынаспаған? Мемлекет болмағанбыз. Біз Ресейдің құрамында болғанбыз. Осыны біз қадірлей білуіміз керек. Осыны біз бағалай білуіміз керек…» 
Уәж: Қазақстан республикасы құрылғанға небары 25 ақ жыл болды. Бірақ біз «Аспан асты елі» деп атайтын Қытайдың өзі ежелден «Қытай халық республикасы» деп аталмаған. Қытай ертеден Цин, Хан, Таң, Сун, Юан, Мин, Цин, т.б. деп әр түрлі аталған. Біз де 2500 жылдан бері Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы, Түрік, Оғыз, Қарахан, Түркеш, Қарлуқ, Қимақ, Қыпшақ болып әр түрлі аталдық. Олардың толыққанды мемлекет екенін, өздерімен саяси-экономикалық және мәдени байланыста болғанын сол қытай деректерінің өзі баспа-бас дәлелдейді. Ендеше, неге біз осындай пікір алаңдарында «мемлекет болмағанбыз» деген сөзді айтуға дайын тұрамыз? Ондайда «Ежелгі қазақ жерінде мемлекет құрғанымыз» қайда қалады?
Бұл бір. Екіншіден, Қазақ хандығы Абылай ханның дәуірінде Қытаймен тепе-тең қарым қатынаста болған. Ол туралы деректер манжу тіліндегі мұрағат құжаттарында жатыр. Абылай еш қашан да орысқа да, қытайға да бодандық туралы ант бермеген. Қытайларға шекарасын анық айтқан. 1758 жылдың жазында Қазақтың Үш жүзінің батырлары ел үшін, жер үшін жұдырықтай жұмылып Іле өзенінің бойында жүрген. Мақсат манжулар (қытайлар емес) жерімізді алып кетпесін деген алаңдаушылық еді. Манжу үкіметінің өзі «Қазаққа жоңғарлар секілді мәміле жасауға болмайды, олар бөлек ел»-деген. Аблай хан бодан болғанды қойып Манжау мемлекетіне шығыстағы ата мекенімізді қайтарып берсеңіздер деп талап қойған. Қазақ мемлекеті жойылса тек 1822 жылдан соң жойылды. Онда да Ресей қару күшімен басып алды. Ресей мен Қытай арасындағы келісімге қазақ «бұрын мемлекеті болмаған соң қатыспады» емес, мемлекеті күшпен жойылған соң қатыса алмады.
Үшіншіден, біз Ресейге бодан болып тұрған кезде Қытайдың өзі манжуларға бодан болатын. Әйтпесе, Сун Ятсен не үшін күресті? Оны біздің «сарабдал саясатшы», «сұрғыған дипломат», Қытай туралы бас маман неге білмейді? Ресей империясының боданына айналғанымыз үшін оған дейінгі мемлекеттік дәстүрімізді, тарихымызды сызып тастауымыз керек пе еді? Онда Қытай неге 1840 жылғы апиын соғысынан бұрынғы тарихын сызып тастамайды? Неге мемлекет болмағанбыз, өйткені Англияның, Франция мен Германияның, Ресей мен Жапонияның отары болғанбыз, астанамыз Пекинге дейін солар басып алған деп айтпайды?! Не үшін Үндістан, Египет, Иран солай айтпайды?
Төртіншіден, 1880 және 1860 жылғы келісім деген қай келісім? Ресей мен Цин империясы арасында біздің шекарамызға қатысты сырттай бөліп алу келісімдеріне тек 1864 және 1881 жылдары қол қойылмап па еді? Қытайтанушы, білікті саясаткер бұл жерде тағы қандай келісім шарттарды тауып шығып отыр? 
Қорытып айтқанда, сенатор Қуаныш Сұлтанқлының бұл сұхбаты мен үшін жаға ұстатқан сұхбат болды. Қазақта «бояушы бояушы дегенге сақалын бояйды» деген мақал бар. Бізде білгіш, білгіш деген сайын лауазымы мен атақ-абыройына сүйеніп дерек пен қисынды ойдан құрап соғатындар және сол өтірігіне еш шімірікпейтін “білгіштер”, «данышпандар» көбейді. Олар жай, әдеттегі мәселелер туралы пікір білдіріп жатса бір сөз, мемлекет пен ұлттың тарихи санасын шатастыратын керағар пікір айтатыны өте қауіпті. Оның үстіне, бұл сөздер халық сенім білдірген адамдардың аузынан шығып жатса не дейсіз. Мұның аты не? Аңдамай сөйлеу ме? Жауапкерсіздік пе? Жоқ әлде біліп айту ма?!

Тұрсынхан Зәкенұлыың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: