ПРЕЗИДЕНТТЕРДІҢ ҰРСЫСЫ
Энди Боровиц (Andy Borowitz) «The New Yorker» басылымында кеше, 5-қыркүйекте G20 (Үлкен жиырмалық) саммитінің соңы үлкен даумен аяқталғанын хабарлайды.
АҚШ Президенті Барак Обама Ресей президенті Владимир Путинмен бірлескен баспасөз мәслихаты кезінде «Мұндағылардың бәрі сізді нақұрыс деп есептейді!» деп лақ еткізіп бетіне айта салған ғой. Бұдан кейін тағы да он минуттай жерден алып, жерге салған.
«Тек мен ғана сөйтіп сөйлеп тұрған шығар деп дәмеленбей-ақ қой. Міне, мына тұрған Ангель Меркельден сұра. Дэвид Камероннан сұра. Анау түрік досыңнан сұра. Иә, солардың бәрі сені барып тұрған ақымақ (you’re a dick)» санайды».
Ресей президенті В.Путин бұған: «Не, мен осы арық-тұрақтан қорқуым керек пе? Мен аюлармен арпалысып жүріп күреске жаттыққанмын» деп айбат шегіпті. Осыдан кейін әр президент өз еліне жетуге асығып аттанып кеткен көрінеді.
Мұның алдында ғана Филиппин елінің президенті Родриго Дутерте “ішкі істеріне араласқаны үшін “Барак Обаманы «жезөкшенің ұлысың» деп сөккені бар. Сөйтіп мына саммит «президенттердің ұрсысуына» айналып кеткен көрінеді.
Пікір қалдыру