|  |  |  | 

Көз қарас Сұхбаттар Шоу-бизнис

Ерболат Беделхан “өзін гейлерді қолдайды” деп қауесет таратқандарға жауап берді

«Орда» тобының мүшесі Ерболат Беделхан желіде тарап кеткен гейлерге қатысты мәлімдеменің оған еш қатысы жоқтығын айтып, NUR.KZ порталына сұхбат берді. Редакция Ерболат Беделханның “гейлерді қолдайтыны” туралы ақпарат бұған дейін порталда шықпағанына баса назар аудартады.

Erbolat BedelhanErbolat BedelhanErbolat BedelhanErbolat BedelhanЕрболат Беделхан "өзін гейлерді қолдайды" деп қауесет таратқандарға жауап берді

ФОТО АСЫЛ БЕДЕЛХАННЫҢ INSTAGRAM ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ

Желіде «Орда» тобының мүшесі Ерболат Беделхан гейлерді қолдайтыны туралы мәлімдеме жасады деген қаңқу сөз тарауда. Желі қолданушылары Instagram желісіндегі shyndykz деп аталатын парақшада жарияланған Ерболат Беделханның «мәлімдемесін» қызу талқылап жатыр.

Аталған парақша авторы белгісіз себептермен осыған қатысты материал NUR.KZ порталында жарияланды деген жалған ақпарат таратқан. NUR.KZ порталы бұл тұрғыда сайтта ешқандай материал жарияланбағанын ескертеді.

Ерболат Беделхан "өзін гейлерді қолдайды" деп қауесет таратқандарға жауап берді

ФОТО SHYNDY.KZ INSTAGRAM ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ

Жалған ақпараттың тақырыбынан бастап, өне-бойында қателердің өріп жүргенін байқауға болады. Бұл мәселеге қатысты ешқандай мәлімдеме жасамағанын және таралып кеткен ақпараттың жалған екенін әншінің өзі де растап отыр. Ол өзінің желідегі парақшасына: «Өтірік ешқашан жерде жатпайды ағайын. Амал бар ма, кешіремін! Сірә, өз қазағым», – деп жазды.

Ерболаттың мұндай мәлімдеме жасағанына оның тыңдармандары да сенбей отыр.

«Ешқандай дəлеліңіз болмағасын осындай нəрсемен жала жапқыңыз келе ме? Ағатай, сыпсың өсекке ере бермеңіз, ұят болады. Біреудің сыртынан еркек басыңызбен ғайбат айту үлкен күнə болып саналады», «Админ! Елді бір-біріне айдап салмай, алдымен сауатты жазып үйрен!», «Сенген де жоқпын» – деп жазды қолданушылар.

Ерболат Беделхан "өзін гейлерді қолдайды" деп қауесет таратқандарға жауап берді

ФОТО АСЫЛ БЕДЕЛХАННЫҢ INSTAGRAM ПАРАҚШАСЫНАН АЛЫНДЫ

Осы орайда NUR.KZ порталының тілшісі Ерболат Беделханның өзінен бұл жайтқа қатысты пікірін сұрап, хабарласты.

- Соңғы таралып жатқан ақпараттарға қатысты сіздің пікіріңізді білейік деп едік…

- Мен бұған қатысты ешқандай агрессия білдіргім келмейді. Кім де кім болмасын, мен оларды кешірем. Себебі, ол жекелеген адамдардың ойы болуы мүмкін. Парақшамда да оларды кешіргенімді жазғанмын. Мен бұдан 17 жыл бұрын жұмыс істей бастағанда, тек қана жастарға жұмыс істейтінімді айтқанмын. Бұл қиын ба? Әрине қиын. Материалдық жағынан да, моральдық жағынан да. Ойын-сауық индустриясы деп жатамыз, ол кімге керек? Үлкен кісілерге керек пе? Әлде жастарға керек пе? Бүкіл әлемдік ойын-сауық индустриясы аудиториясы – жас балалар.

Жастарға үкімет тарапынан болсын, халық тарапынан болсын, кім не істеп жатыр? Ал енді соны дамытуға келген кезде, міне, осындай кедергілер шығады алдыңнан. Бұдан “неге біздің шоу-бизнес дамымайды?” деген сұрақ туындайды. Шоу бизнесті дамытатын – жастар. Тек қана жастар. Ал, қазіргі таңда, біздің шоу-бизнес тойға арналғандықтан, біз тек локальдік, яғни жергілікті тұрғыда ғана дамып жатырмыз.

Содан келеміз де, біз таң қаламыз, неге бізде сапасыз музыка көп,  жақсы музыка жоқ деп. Жастар шаршадық деп айтады. Ал жаңағы оқиғаға байланысты айтарым, мен оларға ешнәрсе демеймін. Ондай адамдардың 21-ғасырға сай емес өмір сүру салтына байланысты мен олардың пікіріне ешнәрсе айта алмаймын. Егер мен айтатын болсам, онда мен ақталғандай боламын. Сонда мен гейлерді қолдап отырғандай болып шығамын.

- Сіз қандай да бір БАҚ көзіне осыған қатысты пікір айттыңыз ба?

- Ешқашан. Менің гейлерге ешқашан ешқандай қатысым болмаған. Оларды қолдаған емеспін. Мен ешқандай БАҚ-қа бұған қатысты мәлімдеме жасаған жоқпын. Ешқашан. Бұны мен ақталып отырмын деп түсінбеңіздер, мен ақталмаймын. Себебі, мен ақталатындай ешкімге ешнәрсе айтқан да жоқпын, жасаған да жоқпын.

Естеріңізге салсақ, Ерболат Беделхан жақында ғана үшінші баланың әкесі атанды. Оның жары –  танымал әнші, бұрынғы “Дауыс International” тобының мүшесі Асыл Беделхан. Бұл сүйінші хабарды естіген желі қолданушылары олардың отбасын бұл қуанышпен құттықтап жатыр.

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: