Қытай елшілігіне шабуылды этникалық ұйғыр жасаған
Қырғыз билігі “Қытай елшілігіне шабуылдағандарды” анықтады-деп хабарлайды Аззаттық радиосы.
30 тамызда Бішкекте Қытай елшілігінде жанкешті жарылыс жасап, ресми мәлімет бойынша елшіліктің үш қызметкері жараланған. Мәліметтерге қарағанда, жанкешті “Мицубиси Делика” көлігімен елшіліктің батыс жағындағы брондалған қақпасын соғып кіріп, жарылыс құрылғысын іске қосқан. Жарылыстан жанкештінің көлігі талқан болып, техника қалдықтары жан-жаққа шашылған, женкештінің денесі де бірнеше бөлікке бөлініп кеткен.
МҰҚК мәліметіне қарағанда, қылмыс жасауды дайындауға қатысы бар деген күдікпен Қырғызстан мен Өзбекстанның бес азаматы ұсталған. Тағы төрт қырғызстандыққа халықаралық іздеу жарияланған. Арнайы қызмет терактіні Сирияда исламшыл содырлармен бірге соғысып жүрген бірнеше ұйғыр террористік топтары ұйымдастырған дейді.
Пікір қалдыру