|  |  | 

Көз қарас Әдеби әлем

МҰҚТАР МАҒАУИН – ҰЛЫ ЖАЗУШЫ немесе  Рақымжан Отарбаевтың бес қателікке ұрынған ызаға толы  пафосы

14222179_1118071148286411_1984849043624903468_n

Сұқбат беруші автордың оңды-солды сілтеген ауыр шоқпарынан қазақ әдебиетінің шаңырағы шайқалып кеткендей екен.
Сыйлайтын ағам еді, неге қазақтың ұстазы, адамзаттың данышпаны Абайға тіл тигізді деп ойладым. Абайды әлем оқырманы өте жақсы қабылдады. Оған дәлел көп.
Ал “Абай жолы” – тарих сахнасынан кетіп бара жатқан, ат үстінен түспеген, жалын тартып мінген жылқының қадіріне жеткен, көшпелі өмірдің соңғы дәуірін жанталаспен бастан кешкен, Батыс техникамен арпалысып жатқанда, ру тартысымен әлек, үнемі көшіп-қонған, жанталаса мұратына қол созған номадтардың бірі – көшпелі қазақтың ой-арманын, тұрмыс-тіршілігін, метафизикалық-философиялық дүниетанымын, ой-санасын мейлінше анық әрі ғажап бейнелеген, ешқашан құны да жоғалмайтын, қадірі де кетпейтін қайталанбас шығарма.
Мұқтар Мағауин десек, көз алдымызға айбынды Қазақ Ордасы елестейді.

Ұлан-байтақ сақарада үдере көшіп-қонып жүріп ұлы Қазақ Ордасын құрған алаштың алып хандары ел үшін бейнет кешті.
Жаудан жағасы босамады. Бейбіт өмір үшін алысты. Жұлысты. Ойы онға, санасы санға бөлінді. Абай жарықтық айтқандай, ақыл алтау, ой жетеу болды.
Мамыражай шақ орнаса, ел алаңсыз шаруашылық жүргізіп, жұрт қала салып, үй тұрғызар еді. Еңбектің жемісін, бейнеттің зейнетін татар еді.
Алыптар аттан түскен жоқ, аяғы үзеңгіде кетті. Жақсылыққа ізденді. Жарыққа ұмтылды.
Хандар басқарған шерік, қолбасшылар бастаған тас түйін әскер қалың бұқараны соңынан ертіп, оқшау қонып отырған әрбір ауылды шепке айналдырып, жан-жақтан анталап ат қойып шапқан, аңдыздап жауар бұлттай қаптаған жауға майдан ашып, дұшпанға лайықты тойтарыс беріп, шапқыншыларды, басқыншыларды туған жерден түре қуып отырды.
Сөйтіп, алыптар Хандық дәуірде мекенімізді Отанға айналдырды. Біз Отанымызға шекарасы толық айқындалған заманауи мемлекеттік сипат беріп, қастерлі тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Хандық дәуірдің күрделі образын Мұқтар Мағауин жасады.
Асқарға байланысты, тіпті, қиянат айтқан екен. Асқар – прозаның табиғатын ашты. Прозаны әлеуметтік тақырыптардан абстракциялық ақындық прозаға қарай сүйреді. Есіктен – төрге…
Рақымжан ағам кешірімі қиын ауыр сөздер айтқан екен. Абайды дәл бұлай аяқасты ету жаудың да қолынан келмейтін сияқты. Абай – қашанда замандас тұлға, пікір таластыр, келіспе, кемшін тұстарын көрсет, Абай, бәрібір, сонысымен ұлы. Бірақ, оған тіл тигізу…
Біз қашанда атағынан ат үркетін аға толқын ақын-жазушылардан салиқалы, сабырлы, зиялы сұқбат күтеміз. Өнер-әдебиеттің бір көрінісі де сол – парасаттылық, әділдік және бүгінде ел ұмытып бара жатқан ұяңдық, болмаса зиялы қарапайымдылық.

Құрметпен Дидар АМАНТАЙ:

1) “Мен сізге бір қызық айтайын, «Абай жолы» романын ендігі уақытта жүз жерден жарнамалап, мың жерден тықпаласаң да бәрібір оқылмайды. Бай-шонжардың баласының әр жерге барып кеңес қылып, жиын-той өткізгені кімге керек”?

2) “Кейбір жиындарда «қазақтың айшықты, көркем тілі менімен бірге өледі» дегенді айтып қалып жүрмін. Сөз – тірі құбылыс. Ана тіліміздің академиялық дәрежесінің астарында қалың ой, сұңғыла сюжеттің сан түрін таба беруге болады. Бірақ, қаламгер үшін әлем қажет деп табатын бір ауыз сөз айту қиын. Қазақтың мен деген жазушылары: Әбіш Кекілбаев, Оралхан Бөкей, Тәкен Әлімқұловтардың өзі бұндай дәрежеге жеткен жоқ. Олар бар болғаны орыс пен еуропа әдебиетінің сәтсіз суррогаттары”.

3) “Сенің қандай деректерге сүйеніп отырғаныңды білмеймін, бірақ мен Мағауинді классик жазушылардың қатарына жатқызбаймын. Ол нашар жазушы, жаман адам. Тұла бойы толған кек, бітпейтін ыза, тарқамайтын ашу. Шығармаларынан да соны байқадым. Ешқандай суреткерлік жоқ. Өзіңіз ойлап қараңызшы, бас аяғы жоқ сынық сөйлеммен көркем шығарма жазуға бола мА”?

4) “Дегенмен, оның табанды еңбегі мен ғалымдығын мойындаймын. Тек, жыраулар поэзиясын ғалым Ханғали Сүйіншәлиевтің еңбегінен ұрлап, өз атына меншіктеп жариялағанын айта кетейін. Оны мен кез-келген жерде дәлелдеп бере аламын”.

5) “Өтежан жақсы ақын. Бастапқы өлеңдері әдеби ортаға жағымды әсер етті. Бірақ ол өмірінің соңында Эйнштейн сияқты бас ауруымен ауырды. Менің мінезім қаншалықты қыңыр болғанымен оның кейінгі өлеңдерін қабылдай алмадым. Асқар Сүлейменов жазушы емес. Оның «Ақ кемпірі» мен «Қара шалынан» басқа жөні түзу көркем шығармасы жоқ. Ол бар болғаны өзінің еркіндігін ғана қорғаған адам. Бірақ, әлемдік деңгейдегі этнограф, ғалым еді. Білмейтін дүниесі жоқ. Дегенмен, екеуі де өздері айтқандай классикалық туынды қалдырған жоқ. Әдебиетті тек қана хобби ретінде қарастыратын бірқатар жазушылар болды”.

Didar Amantayдың  facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: