|  | 

Жаңалықтар

Үкіметтегі ауыс-түйісте Назарбаева сенат депутаты атанды


Дариға Назарбаева. Алматы, 1 мамыр 2016 жыл.

Дариға Назарбаева. Алматы, 1 мамыр 2016 жыл.

Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министрдің екі орынбасарын және министрлерді тағайындады. Президент Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева сенат депутаты атанды.

Бұған дейін қорғаныс министрі болған Иманғали Тасмағамбетов бүгіннен бастап премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың орынбасары болып тағайындалды. Премьер-министрдің бүгін белгілі болған тағы бір орынбасары – Асқар Мырзахметов ауыл шаруашылығы министр қызметін де қосып атқармақ. Ал премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне қыркүйектің 10-ында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын басқарып келген Асқар Мамин тағайындалған еді.

Президент Назарбаевтың қызы, 2015 жылдың қыркүйек айынан бері Қазақстан үкіметінде премьер-министрдің орынбасары болып келген Дариға Назарбаева сенат депутаты атанды.

ҮКІМЕТТЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

Қазақстан президенті үкімет құрамына құрылымдық өзгерістер енгізіп, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл министрлігін агенттікке ауыстырды. Президентке тікелей бағынатын агенттіктің төрағасына Қайрат Қожамжаров тағайындалды. 2014 жылы осы агенттік министрлікке ауыстырылған болатын.

Жаңадан дін істері мен азаматтық қоғам министрлігі ашылып, оған бұған дейін президент көмекшісі – қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болған Нұрлан Ермекбаев тағайындалды. Ал оның орнына ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Владимир Жұмаханов барды.

Үкімет құрамындағы жаңа есімдер – қорғаныс министрі болып тағайындалған Қазақстан қарулы күштері бас штабының басшысы, генерал-полковник Сәкен Жасұзақов пен әділет министрі Марат Бекетаев. Ал осы күнге дейін әділет министрі болған Берік Имашев бүгін орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалды.

Өзге министрлердің көпшілігі өз орындарында қалды. Қазақстан президенті жарлығы бойынша Ерлан Ыдырысов – сыртқы істер министрі, Қалмұханбет Қасымов – ішкі істер министрі, Дәурен Абаев – ақпарат және байланыс министрі, Ерлан Сағадиев – білім және ғылым министрі, Тамара Дүйсенова – денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, Жеңіс Қасымбек – инвестициялар және даму министрі, Бақыт Сұлтанов – қаржы министрі, Арыстанбек Мұхамедиұлы – мәдениет және спорт министрі, Қуандық Бишімбаев – ұлттық экономика министрі, Қанат Бозымбаев энергетика министрі болып қала берді.

Бұл – өткен аптада 2014 жылдан бері Қазақстан үкіметін басқарған Кәрім Мәсімовтің ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағалығына жіберілгелі бергі кезекті өзгеріс. Өткен жұмада Қазақстан премьер-министрі болып Бақытжан Сағынтаев тағайындалған.

Related Articles

  • Алматыда аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы: күдікті ұсталды

    видео кадры Қазнетте аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы тарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz . Видеода белгісіз адам жігітке бірнеше соққы жасайды. Диалогтан жәбірленушінің қандай да бір қаржылық қарызы бар екені белгілі болады. Кадр сыртындағы дауыс оның басынан ұрмауды сұрайды. Скриншот Алматы полициясы күдіктілерді ұстады. “Зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр”, – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі болды

    Алматы көшелерінде тұрған адамдар. 24 қаңтар 2024 жыл. 23 қаңтар сағат 00.09-да Алматыда қатты жер сілкінді. Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысынан 264 шақырымда, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған. Жер дүмпуінің магнитудасы 6,7. МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда жер дүмпуі – 5 балл, Шымкентте 2 балл болған. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев адам шығыны мен қираған ғимараттар жайлы ақпарат түспегенін мәлімдеді. ТЖД халықты лифт қолданбауға, тез арада үйлерінен шығып, қауіпсіз аймақ табуға, газ, су және жарықты сөндіруге шақырды. Ведомство халықты сабыр сақтауға үндеді. Ал сағат 00:44-те Алматыда жүр дүмпуі қайталанғаны, екінші жер сілкінісі шамамен 2-3 балл болғаны

  • “Жеңіліс ауыр тиді”. Қазақстан Еуро-2024 додасына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ әлі бір мүмкіндігі бар

    Словения-Қазақстан матчы. Любляна, 20 қараша, 2023 жыл Футболдан Қазақстан құрамасы Люблянада Словения құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп, 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ Қазақстан келесі жылы наурызда Еуро-2024 додасына лицензия алуға тағы бір рет талпынып көрмек. Словениядағы ойын қалай өтті? Қазақстан құрамасының бас бапкері жеңіліс жайлы не деді? Люблянадағы матчқа барған Азаттық тілшісінің репортажы. МАТЧ ҚАЛАЙ ӨТТІ? Ойын бастала сала Словения құрамасы шабуылға көшіп, матчтағы басымдықты өз қолына алуға тырысты. Матчтың 26-минутына дейін Словения ойыншылары Қазақстан қақпасына төрт рет қауіпті соққы жасап үлгерді. Ойынның 40-минутында қазақстандық қорғаушы Ян Вороговский Петар Стояновичті қақпа маңында шалып шығып, польшалық төреші Шимон Марчиняк Қазақстан қақпасына пенальти белгіледі. Бұл 11-метрлік пенальтиден

  • Мәжіліс әскери резервті жасақтау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

    Қазақстан әскері жаттығу кезінде. 15 қарашада Қазақстан парламентінің төменгі палатасы әскери резервті жасақтау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжаттың ресми атауы – “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы. Құжат Қазақстанда “әскери қызметтің жаңа түрі – резервтегі қызметті енгізуді қарастырады” деп жазды ресми БАҚ. “Заң жобасын іске асыру азаматтарға резервте әскери қызмет етуге мүмкіндік береді. Ол үшін келісімшарт ерікті түрде үш жылға жасалады. Даярлық бір жылда екі айдан аспайды. Жауынгерлік жиындар 30 күнде іске асырылады. Резервтегілерге арналған сабақтар ай сайын екі-үш күн болады” деді парламент отырысында қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов. Ресми ақпаратқа қарағанда, әскери резерв 2025 жылға қарай жасақталады. Бірінші

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: