|  | 

Жаһан жаңалықтары

Тартыс тұсында Атамбаев аурухана түсті

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевты ауруханаға алып кеткен сәт. Стамбул. 19 қыркүйек. 2016 жыл.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевты ауруханаға алып кеткен сәт. Стамбул. 19 қыркүйек. 2016 жыл.

Оппозициялық саясаткермен айтыс-тартысы күшейген кезде Қырғызстан президенті сырқаттанып қалды. Ал елде “парламент тарауы мүмкін” деген пікірлер айтыла бастады.

Нью-Йорктегі БҰҰ-ның сессиясына ұшып шыққан президент Алмазбек Атамбаев дүйсенбі кешкісін Стамбул ауруханасына түсті. Сейсенбіде Қырғызстан президент аппаратының жетекшісі Фарид Ниязов Атамбаевпен телефон арқылы сөйлескенін, оның денсаулығы қалыпты, бірақ, тексерілу үшін қысқа демалыс алғанын хабарлады.

ҮКІМЕТТІҢ ТАРАП КЕТУ МҮМКІН БЕ?

Қырғызстанда соңғы күндері президент Алмазбек Атамбаев пен “Ата Мекен” партиясының жетекшісі Омурбек Текебаев арасындағы тартыс күшейе түскен. Парламентте басымдыққа ие “Парламенттегі тұрақтылық, сенім және жаңа мүмкіндік” коалициясы бөлініп кетуі мүмкін деп қауіптенетіндер бар. Бұл одақ тарай қалса, оның артынан үкімет те отставкаға кетуі тиіс.

Қырғызстан социал-демократиялық партиясының (СДПК) жетекшісі Иса Омуркулов парламенттегі басымдыққа ие коалициядан (СДПК, “Қырғызстан”, “Онгугуу”, “Ата Мекен” фракцияларынан құрылған – ред.) “Ата Мекеннің” шығарылуы мүмкін екенін хабарлады. Омаркулов мұндай пікірді “Ата Мекен” партиясы оппозицияға кеткен соң парламенттік коалиция құрамынан шықпай қалғандықтан айтқан.

Қырғызстан парламенті. Бішкек. 30 маусым, 2014 жыл.

Қырғызстан парламенті. Бішкек. 30 маусым, 2014 жыл.

​Қыркүйектің 19-ы күні социал-демократтар конституцияға енетін өзгерістерді талқылады. Оңаша өткен бұл жиында коалициядан шығу мәселесі қосымша қаралатыны айтылған. Бірақ, Омуркулов “күн тәртібінде бұл тақырып қозғалмады” деді. Алайда Азаттықтың Қырғыз қызметіне парламенттегі сенімді ақпарат көзінің хабарлауынша, коалицияның бөлінуі алдағы күннің өзекті мәселесіне айналғалы тұр, парламенттік одақ құрамынан бірінші “Қырғызстан” фракциясы шықпақ.

Парламенттің вице-спикері, “Қырғызстан” фракциясының мүшесі Нурбек Алимбеков бұл мәселені әлі естімегенін, коалициядан фракцияның шығуы мен жаңа одаққа қосылу жайында сөз болмағанын айтады.

- Тұрақтылық керек. Мұндай шешім (коалициядан шығу – ред.) фракция талқысынан кейін шығады. Әзірге бұл мәселе көтерілген жоқ, – деді Алимбеков.

Ал “Ата Мекен” партиясының депутаты Алмамбет Шыкмаматов фракцияларының парламенттегі одақтан шығып қалуы мүмкін екенін айтады.

- Ондай жұмыстың жүріп жатуы әбден мүмкін. Коалициядан өзіміз шықпайтынымызды, шыққысы келгендердің өздері шыға берулерін айттық. Олардың (коалиция құрамындағы өзге үш фракцияны меңзейді – ред.) парламенттегі басымдыққа ие одаққа неге жабысып алғаны, одан не себепті кеткісі келмейтіндері бізге түсініксіз. Бәлкім, коалицияны бүлдіріп, оны кейін қайта құрай алмайтындарына қауіптенетін шығар, – дейді Шыкмаматов.

Жергілікті саясаттанушы Шерадил Бактыгулов парламенттегі коалицияны бөлу “Ата Мекен” партиясына қарсы істелген шара және елдегі саяси жағдайды шиеленістіретін іс деп біледі.

– “Ата Мекенге” бұлай қысым көрсету дұрыс емес. Коалиция құрылған кезде ешқандай фракция билікті қолдауға міндеттеме алған жоқ. Үкіметті жасақтауға құрылған одақты жеке саяси мақсаттарға пайдаланудың қажеті жоқ, – деді Бактыгулов.

Қырғызстан заңы бойынша, парламенттегі басымдыққа ие коалиция тараса, үкімет отставкаға кетуі тиіс. Мамандар мұндай саяси тартыстар онсыз да экономикалық қиын жағдайды одан әрі нашарлатады деп санайды.

ТЕКЕБАЕВТЫҢ АЙЫПТАУЫ

Қырғызстандағы “Ата жұрт” партиясының төрағасы Нурлан Шакиев Азаттықтың Қырғыз қызметіне “Ата мекен” фракциясының жетекшісі Омурбек Текебаевтың президент Алмазбек Атамбаевқа қатысты пікірлерін тексеру үшін тәуелсіз қоғамдық комиссия құрылып, “ауыр айыптауларға қажетті баға берілуі керек” дейді.

- Омурбек Текебаев – тәжірбиелі, белгілі саясаткер. Одан бөлек, парламенттік фракцияның жетекшісі, басымдыққа ие коалицияның мүшесі. Ол мемлекет басшысына айып тағып сөйледі. Оның ішінде Азиз Батукаев (қырғызстандық қылмыс әлемінің ірі өкілі – ред.) ісі де бар. Бұл мәліметтерді тексеру қажет, – дейді Шакиев.

Қырғызстандағы"Ата Журт" партиясының жетекшісі Омурбек Текебаев. 1 қазан. 2015 жыл.

Қырғызстандағы”Ата Журт” партиясының жетекшісі Омурбек Текебаев. 1 қазан. 2015 жыл.

Текебаев өткен аптада Бішкектегі баспасөз мәслихатында қылмыс әлеміндегі аса беделді Азиз Батукаевтың түрмеден Алмазбек Атамбаевтың бұйрығымен босатылғанын айтқан. Одан бөлек, Жалал-Абад облысындағы этникалық қақтығысты ұйымдастырды деп сепаратизм бойынша айыпталған өзбек диаспорасының белсендісі, қазір шет елде жүрген Кадыржан Батыровпен Алмазбек Атамбаев 2010 жылдары жергілікті кадр мәселесін ақылдасып шешті деген мәлімдеме жасаған. Мұның алдында Текебаев президент Атамбаевты “заңсыз алған жер теліміне үй салып жатыр” деп те айыптап шыққан.

Текебаев елдің Бас прокуратурасын сепаратизм ісімен айыпталған Кадыржан Батыровтың шетелге қашып кету ісін тексеруге шақырған. Осы мәлімдемеден соң президент Атамбаев Текебаев айтқан деректерді тексеру үшін Бас прокуратураға “Батыровтың қашуына көмектескендерді табу” туралы тапсырма берді.

Ал президент аппаратының жетекшісі Фарид Ниязов Атамбаев “үй салып жатқан жерін 2015 жылы заңды түрде сатып алғанын” айтып, Текебаевтың “заңсыз жер” мәлімдемесін терістеген.

Президент Атамбаев пен парламенттегі “Ата жұрт” фракциясының жетекшісі Текебаевтың қарым-қатынасы тамыздың 31-інен бері нашарлай түскен. Қырғызстан тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойында Алмазбек Атамбаев бұрынғы уақытша үкіметтің кейбір мүшелерін “өтірікші”, “бәлеқор”, “көреалмаушы” деп сипаттаған.

Жергілікті сарапшылар, президенттің бұлайша сөйлеуіне 2010 жылғы уақытша үкіметтің құрамында болған кейбір саясаткерлердің Атамбаевтың конституцияны өзгертіп, үкіметтің құзырын кеңейтуге қатысты бастамасына қарсы шыққаны себеп болды деп ойлайды.

 

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: