|  |  | 

Оқиға Әлеумет

Көлдiң құртына қараған қазақтың күнi

Павлодар облысы Ертiс ауданы Қызылқақ ауылында полиция қызметкерлерiнiң тарапынан бол­ған бассыздық жайлы бүгiнде ел-жұрт құлақтанып қалды. 14 қыркүйек, яғни Құрбан айтының үшiншi күнi ауылға басып кiрiп, беттерiне маска киген полицияның автоматты арнайы жасағы көзге түскен тұрғындарды ұрып-соға бастаған. Бұлардың арасында егде жастағы адамдар мен 15 жасар бiр оқушы бар. Ербол Қабылбеков деген ауыл жыл­қышысын бiр үйге Айт дастарханынан дәм татуға бара жатқан жерiнен ұстап алып, сабаған. Алған соққыдан оның бiрнеше қабырғасы сынып, миы шайқалыпты. Оқушы бала Темiрлан Ахметов өз үйiнiң ауласында полиция жасағы ұрып-соғып жатқан әкесiне ара түспекшi болған. Оны кеудеден бiр ұрып құлатқан полициялар сосын тепкiнiң астына алады. Қазiр оның да миы шайқалып, кеуде сүйегiне зақым келген. Жалпы, бұл бассыздықтан Қызылқақта 11 адамның зардап шеккенi анықталып отыр. Ертiс аудандық емханасындағы хирургия бөлiмiнiң берген мә­лiметi бойынша, сол күнi келген 5 адамның бiрiнiң 8 қабырғасы қатарынан күйреп, көк етiне зақым келiп, басқадай зардаптар алған.

Ел аман, жұрт тынышта бей­бiт ауылдың тұрғындарын соншама соққыға жығатындай бұлар­ға не көрiнген дейсiз. Бiр қы­зығы, облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Нариман Әлиев: “Бiз “Құқық қорғау туралы” заңның шеңберiнде әрекет еттiк. Ол заңда қандай жағдайда күш қолдану туралы анық жазылған. Қызылқақтағы жанжалда бiз “самбо” әдiсiн қолдандық”–деген мәлiмет берiптi. Полиция шенеунiгiнiң айтуынша, жергi­лiктi тұрғындар оларға қарсылық көрсеткен.
Ендi ­осыншама шуға не себеп болды десек, ол–artemia salina (артемия салина) деп аталатын тұзды көлдерде өмiр сүретiн ұсақ қызыл шаян. Бұлардың ұсақтығы құмның түйiрiндей ғана. Ғалымдардың анықтамасына сенсек, бұл жәндiктер жер бетiнде 100 миллион жылдан аса жасап келе жатқан, сонау динозаврлардың дәуiрлесi екен. Шаянның құрамы көптеген био­логия­лық витаминдерге аса бай дейдi. Мысалы, треонин, валин, метионин, изолейцин, лейцин, фениланин, лизин, гистидин деген сирек кездесетiн аминоқышқылдар осы шаяндардың бойынан табылады. Және қолдан өсiрiлетiн бекiре секiлдi қымбат балықтар осымен қоректенсе, тез үлкейедi екен. Содан болар, артемия салинаның бiр келiсiнiң құны 30-дан 100 долларға дейiн бағаланатын көрiнедi.
Бұрын ешкiмге белгiсiз бұл жәндiктерге деген қызығушылық бертiн, Қытаймен екi арада қарым-қатынас басталғасын пайда болған. Сөйтiп, кейiнгi 7-8 жылдың iшiнде жан адамға керексiз, иесiз жатқан тұзды, сорлы көлдер аяқ астынан байлықтың көзiне айналып шыға келдi. Әрине, ақша жүрген жерде мiндеттi түрде iрi кәсiп­кер­лер, қолында билiгi бар шенеу­нiк­тер мен құқық қорғау орындарының басшылары бiрге жүредi. Қолы жеткендер қазiр тез арада сол көлдердi мен­шiктеп алып, маңайдағы елдi жолатпай, тонналаған қызыл шаяндарды шетел асырып жатыр.
Қызылқақтағы шулы оқиға да осы артемия салинаға байла­ныс­ты. Бұл ауыл аудан орталығынан 120 шақырым қашықтықта, өте шалғайда орналасқан. Ауылдың Қызылқақ атану себебi, бұл жақта осы аттас үлкен көл бар. Қызыл шаяндар осы көлде, Шал­ғайдағы ауылдардың жайы бел­гiлi. Сонау тоқсаныншы жылдардан берi жұмыссыз отырған Қы­зылқақтың тұрғындары ауылдың iргесiнен шығып жатқан бұл байлықты неге пайдаланбасқа? Бiр­ақ көлдi иеленiп алған мықтылар оларды жолатпай қойған. Мiне, барлық дау-жанжал осыдан шыққан. Былтыр Шарбақты ауданындағы көлге таласқан жергiлiктi тұрғындар мен күзет­шiлердiң арасында атыс та болған.
Егер осы көлдердi меншiк­теген кәсiпкерлер төңiректегi ауыл тұрғындарын жұмысқа тартып, еңбекақыларын төлеп отырса, мұндай жанжал тумас едi. Соның бәрiн реттеп, бұларға төбе би болатын әкiмдердiң түрi анау. Олар ешқашан елдiң сөзiн сөйлемейдi. Ертең көлдiң құрты бiткен күнi, кәсiпкер өз жөнiне кетедi. Сол жерде қалатындар – ауылдың адамдары. Бiрақ олар ел iргесiндегi табыстың игiлiгiн көре алмай зар. “Аспаннан киiз жауса да, құлға ұлтарақ тимей­дiнiң” керi осы.
Баянауыл ауданындағы Жаңа­тiлек ауылының жанындағы көл­ден осындай су құрты өн­дiрi­летiнiн жазған едiк. Бұл ауылдың жiгiттерiнiң еттерi тiрi. Көлге ие болып жүрген кәсiпкер­лермен келiсiп, құртты өздерi жинап тапсырады. “Алғашында 40 келiлiк бiр қап құртты бiзден 5 мың теңгеге ғана алатын. Сосын ғаламторды ашып көрсек, Қытайда мұның әр қабы бiздiң ақшамен 450 мың теңгенiң маңайында екен. Сосын кәсiпкер­ге шарт қойып, қымбатырақ тапсыратын болдық. Осының арқасында, кейiнгi бiр-екi жылда халықтың әл-ауқаты бiраз көтерiлiп қалды” дейдi ауыл азаматтары.
Мұның бәрiн реттейтiн – облыс пен аудан әкiмдерi. Бiрақ олар әзiрше еш әрекетсiз. Құдайдың өзi берiп отырған осы ризықты жөнiмен пайдаланып, кәсiп­керлердi ақылға шақырып, ауыл адамдарын жұмыспен қамтитын-ақ жағдай. Бiрақ неге екенi белгiсiз, жергiлiктi билiк мұндай игiлiктi шаруаға баратын емес.
Арнаулы қызмет орындарының берген мәлiметiне сенсек, облыс көлемiндегi 340 табиғи су көздерiнiң көпшiлiгi әлi толық зерттелiп, игерiлiп, ешбiр заңды тұлғаға бекiтiлмеген. Тұзды көлдердегi артемия салина заңды, заңсыз жолмен ауланып жатыр. Осының салдарынан былтыр ғана бiр Маралды көлiнен 150 тонна артемия салина заңсыз ауланып, Қытайға жiберiлген. Былтыр облыс бойынша осы шаяндарды аулауға 807 тонна квота бөлiнген екен. Ал, бюджетке түскен салық бар болғаны 68,4 миллион теңге. Жергiлiктi билiк ендi шаяны бар көлдердi кәсiп­керлерге бекiтiп берiп, әр жыл сайын 70 миллион салық төлеуге мәжбүрлемек көрiнедi. Бiрақ мұның барлығы – әлi қағаз жүзiн­дегi шаруа.
Артемия салина дәл осындай жолмен аулана берсе, ендi бiрер жылдан соң, олар да таусылып бiтедi. Одан кейiн әрине, табиғи көлдердiң экологиялық тепе-теңдiгi бұзылады. Зардап ше­гетiн жергiлiктi халық пен даламыздың табиғаты. Ал, қазiр бұл шаяндардың арқасында кiмдер байып жатқаны тағы белгiсiз. Тек әйтеуiр жергiлiктi тұрғындар емес екенi анық.
Облыс басшылығы неге осыны қолға алып, сол шаяндарды өңдейтiн кәсiпорындар ашпайды? Бiрiншiден, жергiлiктi халыққа жұмыс болар едi, екiн­шiден, қазынаға да ұшан-теңiз пайда түсер едi. Бiрақ жай адамның ақылы жететiн нәрсеге, жоғарыдағылардың санасы жетпей ме? Оған таңдануға болмайды, бiздiң қоғамда заңды түрде жасалған шаруадан гөрi, заңсыз әрекет жылдам қолдау табатыны ақиқат. Бұл да – соның бiр мысалы.

Сайлау Байбосын,
Павлодар облысы
zhasalash.kz

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: