ЖҰМА – ДЕМАЛЫС КҮНІ БОЛСА?!
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жұма күні мешітке бармай жұмысқа бару керектігі туралы орыс тілінде кеңес айтуы Қазақстандағы бүкіл қазақ халқына, барша мұсылмандарға тас атқандай көрінді. ДУМК ұйғарымы бойынша жұма намаз жұма күні бүкіл Қазақстан бойынша түскі 13.30-да оқылады. Ол – түскі үзіліс уақыты. Ешқандай кедергісі жоқ. Егер сәл кешігіп келеді десе түскі үзіліс уақытын Астана министрліктеріндегі тәрізді 1,5 сағатқа (13.00 – 14.30) ұзартсын. Жұмысты жарты сағат кеш аяқтайды.
“Әр нәрседе бір қайыр” деген. Дәкең (Даниал Ахметов) жұрттың түсте бір сағат (заңды үзіліс кезінде) мешітке кететінін қаламаса, онда Қазақстанның Ислам Конференциясы ұйымына мүше екендігін ескеріп, ЖҰМА күнді Қазақстан бойынша демалыс күніне айналдыру туралы ұсыныс жасаса біз тіпті рахмет айтар едік!

Пікір қалдыру