ПИЯЗ ДЕБАТЫ
28-қыркүйек күні Мұхтар Тайжан мен Геройхан Қыстаубаев арасындағы дебатты жазбасынан қарап шықтым. Бір емес екі рет көрдім. Тегінде екеуі де жақсы жігіт. Мұхтардың сабыры мен табандылығы, сұрақтарға құқықтық негізде (анасымен соттасуына байланысты) жауап беруі, Геройханның диқандар мүддесі үшін қам жегені ұнады.
Бірақ екеуінде де кемшілік бар. Мұхтардың амбициясы, астамсуы (жасы үлкен кісілер мәмілеге шақырғанда естімегенсуі, көрмегенсуі), жеке адамның намысын қорлайтыны (Геморойхан) байқалып тұрды. Көмектесу туралы уәдесіне байланысты сөздеріне (өзім басқа қозғалыс құрып кеттім деуі) шынайылық (искренность) жетіспей жатты.
Геройханда дәлдіктен гөрі эмоция басым екен. Негізгі көзірі «Пияз дауы» мәселесі кейінге шегерілген соң қалған уақытта Мұхтардың «соттасуы», баяғыда көмектесем деп алып, ары қарай сөзінде тұрмағаны (іс жүзінде Мұхтар көмектесу туралы ешқандай қағазға қол қоймаған, тек ішкі ниетін ғана білдірген тәрізді), өзін жаман сөзбен масқаралағаны жайында ауылішілік мәселелерге төмендеп кетті.
Мұхтар соңында қолын ұсынған тұста жасы үлкен ағасынан артық кеткені үшін кешірім сұрағаны жарасар еді. Такаппарлығы жібермей тұрды. Қазақи ұғым-түсініктен алыстау екен.
Екі адамның арасындағы қорланған намысқа байланысты дауды елді араластырмай сот арқылы да шешуге болатын. Ірілік күтіп едік, ол үміт ақталмады. Сиырдың жапасына таласқан ауылдың келіндеріндей екеуі шаптығысып ұрсысып кетті.
Қазақ мемлекеттілігінің болашағына қам жеп жүрген ұлттық мақсаттарымыздың деңгейі бұлардан әлдеқайда биік. Мінберлік жекпе жек «Эксклюзив» үшін керек болар. Ал жалпы қазақ қоғамы үшін, ұлт жолында жанымыз пида деп жүрген жігіттер үшін мұндай «дебаттардың» көк тиынға қажеті жоқтығына көзіміз жетті!
Марат Токашбаевтың facebook парақшасынан алынды
Пікір қалдыру