|  | 

Жаһан жаңалықтары

Клинтон мен Трамп дебатта бірін-бірі аямады

Бетпе-бет дауласып жатқан Хиллари Клинтон (алдыңғы қатарда) мен Дональд Трамп. АҚШ, Сент-Луис, 9 қазан 2016 жыл.

Бетпе-бет дауласып жатқан Хиллари Клинтон (алдыңғы қатарда) мен Дональд Трамп. АҚШ, Сент-Луис, 9 қазан 2016 жыл.

АҚШ президент сайлауына демократтар атынан түсіп жатқан Хиллари Клинтон мен оның республикашыл қарсыласы Дональд Трамп бетпе-бет тұрып пікір таластырды. Трамп жеңген жағдайда Демократтар лидерін «түрмеге түсіретінін» айтса, Клинтон Трамптың оғаш қылықтарын меңзеп, «ол президент болуға лайық емес» деп мәлімдеді.

Дебаттың басында екі күн бұрын өзінің 2005 жылы түскен жағымсыз видеосы тарап кеткені туралы айтқан Трамп видеодағы әрекеттерін «оңашада айтылған әңгіме ғана» деп сипаттады. Ол «видеоға аса назар аударудың қажеті шамалы» дейді.

Мұнан соң ол қарсыласы Хиллари Клинтонның күйеуі – кезінде сексуалдық әрекеттері үшін айыпталған АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонның өзінен «асып түскенін», оның «әлдеқайда жаман істер жасағанын» айтты.

Ол видеодағы әрекеттері үшін мақтанбайтынын, бірақ АҚШ-тың алдында одан да гөрі маңызды, ИМ («Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы) содырларының күшеюі, әлемдегі қақтығыстар сияқты мәселелердің тұрғанын баяндады. Трамп видеода айтқан әңгімелерін шын мәнінде іске асырмағанын мәлімдеді.

Ал Хиллари Клинтон дискуссия кезінде «Трамптың әлгі видеосы – оның президент қызметіне лайық емес екенін дәлелдейтін тағы бір айғақ. Трамп видео оның қандай адам екенін «сипаттай алмайды» дейді. Бірақ көрген кез келген адам видеоның Трамптың қандай адам екенін нақты көрсететінін біледі» деді.

Трамп дебатта Клинтонды АҚШ президенті Барак Обаманың алғашқы президенттік мерзімінде мемлекеттік хатшы қызметін атқарған кезінде жеке меншік почта серверін пайдаланды деп айыптады. Дональд Трамп сайлауда жеңген жағдайда бұл істі прокурорларға арнайы тексертетінін мәлімдеді.

Клинтон Трамптың бұл сөзіне «елімізде Дональд Трамптың заң шығармайтыны қандай жақсы» деп жауап берсе, Трамп «ал сен түрмеге отырасың» деп салды.

 

Дебат кезінде Клинтон Ресейдің АҚШ-қа бұрын тарихта болмаған дәрежеде кибершабуыл жасағанын айта келіп, «АҚШ ешқашан қарсылас мемлекеттің шабуылына мұншалықты дәрежеде ұшырамаған. Шетелдік держава (Ресейді айтады – ред.) АҚШ-тағы сайлауға әсер еткісі келеді. Олар мен жеңсін деп отырған жоқ. Ресей мұны сайлауда Дональд Трамп жеңсін деп істеп отыр» деді.

Мұның алдында Барак Обама әкімшілігі Ресейді үкімет серверіне кибершабуыл жасады деп айыптаған еді. Кремль оны теріске шығарады.

ВИДЕОНЫҢ ТАРИХЫ

АҚШ-тың Миссури штатындағы Сент-Луис қаласында, Вашингтон университетінде өткен дебатқа екі күн қалғанда, яғни қазанның 8-і күні Трамптың оғаш әрекеті түсірілген 2005 жылғы видео тарап кеткен еді. Екі саясаткер бетпе-бет пікірталасқа шығар қарсаңда да бұл мәселе туралы дауласқан болатын.

Видеода Трамп жыныстық әрекеттеріне мақтанып, әйелдер туралы анайы сөздер айтқан. Хиллари Клинтон Трамптың видеосын «адам шошырлық» деп бағалаған. Мұнан соң Дональд Трамптың өз партияластары, арасында губернаторлар мен АҚШ конгресінің өкілдері де бар, оған дауыс бермейтіндерін мәлімдеп, сайлаушыларды да дауыс бермеуге шақырған.

АҚШ-тың бұрынғы президенті, Хиллари Клинтонның күйеуі Билл Клинтон Дональд Трамптың әйелі Мелания Трамппен амандасып жатыр. АҚШ, Сент-Луис, 9 қазан 2016 жыл.

АҚШ-тың бұрынғы президенті, Хиллари Клинтонның күйеуі Билл Клинтон Дональд Трамптың әйелі Мелания Трамппен амандасып жатыр. АҚШ, Сент-Луис, 9 қазан 2016 жыл.

 

Миллиардер магнат Дональд Трамп видеодағы сөздері үшін жұрттан кешірім сұрап, оның «сөз ғана» екенін ескертіп, қарашаның 8-іне дейін созылатын сайлау науқанын жалғастыра беретінін мәлімдеген.

Мұнан соң ол Хиллари Клинтонның күйеуін айыптап, «Билл Клинтон әйелдерді шынымен зорлаған, ал оның әйелі Хиллари күйеуінің зорлығына ұшыраған әйелдерге қысым жасап келеді» деген болатын.

Трамп туралы видео шығардан бір күн бұрын (қазанның 7-сі) Reuters-Ipsos жүргізген сауалнамаға қарағанда, Клинтон сайлаушылар қолдауы бойынша Трамптан 5 пайыз озып келеді.

ТРАМПТЫҢ ӘЙЕЛДЕРМЕН КЕЗДЕСУІ

Президеттік дебаттың алдында бір сағат қана бұрын Дональд Трамп қарсыласы Хиллари Клинтонның күйеуі Билл Клинтонды «жыныстық әрекет жасады» деп айыптаған үш әйел – Пола Джонс, Кэтлин Уилли және Хуанита Броудрикпен кездескен. Кейбір сарапшылар Трамп бұл әрекетін өзіне көлеңке түсіретін 2005 жылғы видеодан елдің назарын қарсыласының күйеуіне аударып жіберу үшін жасады деп бағалайды.

Солдан оңға қарай: Пола Джонс, Кэтлин Уилли және Хуанита Броудрик Клинтон мен Трамптың дебатында отыр. АҚШ, Сент-Луис, 9 қазан 2016 жыл.

Солдан оңға қарай: Пола Джонс, Кэтлин Уилли және Хуанита Броудрик Клинтон мен Трамптың дебатында отыр. АҚШ, Сент-Луис, 9 қазан 2016 жыл.

 

Үш әйел де АҚШ президенті сайлауына түсіп жатқан Хиллари Клинтонның күйеуі Билл Клинтонды өздеріне қарсы жыныстық әрекет жасады деп айыптаған еді. Мәселен Броудрик «Билл Клинтон мені 1978 жылы зорлады» деп мәлімдеген. Бірақ оның арызын сот қабылдамай, Клинтонға ешқандай айып тағылмай қалған. Билл Клинтон айыпты жоққа шығарады. Кездесу кезінде Трамп әйелдердің арыз берген әрекетін ерлікке теңегенімен, өзінің жағымсыз видеосы жайлы журналистер сұрақтарына жауап бермей кеткен.

Хиллари Клинтон Дональд Трамптың әйелдермен кездескенін «трюк» деп атап, Трамптың «құлдырауының бір бөлігі» ретінде бағалаған.

Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: