|  |  |  | 

Көз қарас Тарих Қазақ шежіресі

АЛАШ АТАУЫНЫҢ ШЫҒУ МӘНІ

ҰЛҰС  – АЛАШ БОЛҒАНДА  немесе АЛАШТАЙ АТ –  ҰЛҰСҚА ҰРАН БОЛҒАН

Мұхан Исахан «Алаш» атауының шығу төркіні туралы ой – тұжырымдар» – деген мақаласында: а) «Алаш» атауы жөніндегі шежірелік деректер. ә) «Алаш» атауына қатысты мифтік аңыз – әңгімелер. б) «Алаш» атауы туралы тарихи шындыққа жақын аңыз – әпсаналар. в) «Алаш» атауы жөніндегі ориенталистердің көзқарасы. д) «Алаш» атауы туралы қазақ тарихшыларының пайымдаулары – деп Алаш атауына байланысты барлық деректерге мейлінше терең тоқталып, жан – жақты қарастыра, тәптіштеп жазыпты. Осындағы жазылған ой – тұжырымдарды саралай келіп, мен де «Алаш» атауының шығуына байланысты бүгінге дейін айтылмаған тың пікірімді ортаға салсам деймін. Ол үшін, есте жоқ ескі заманнан, ел аузына тараған:

«Алаш, Алаш болғанда,

Ала тай ат болғанда

Таңбасыз тай,

Енсіз қой болғанда

Алаш хан болғанда – деген сөздерді талдаудан бастауды жөн санаймын.

Осынау ауыздан – ауызға жетіп, көнеден келе жатқан қазақтың қария сөздері бізге нені жеткізбекші? Жалпы осы  сөздерден біз не түсіндік? Оқып отырғанда білгеніміз бірақ нәрсе, ол Алаштың тайға таңба басылмаған, қойға ен салынбаған ерте заманда хан болғандығы ғана. Ал бірінші және екінші жолдағы сөздерден не ұқтық? Осы сөздерге  қаншалықты зер салып, мән беріп жүрміз? Мысалы бірінші жол неге Алаш, Алаш болғанда  -  деп басталып тұр? Егер Алаштың Алаш екендігі әу бастан белгілі болса, онда «Алаш, Алаш болғанда» – деп басталмаса керек еді ғой. Ал екінші жолда айтылып тұрған қайдағы бір «ала тайдың ат болғаны» кімге керек еді? Міне бұл ойланатын жәйт. Сондықтан мен бұл сөздердің астарында тікелей  Алаш атауының шығуына  қатысты  деректер сыр бүгіп жатыр демекпін. Әрі осы бес шумақ өлеңнің бірінші жолын «Ұлұш, Алаш болғанда» – деп бастап, екінші жолын «Алаштай ат болғанда» – деп оқуды ұсынамын.

Оқып   көрейік:  «Ұлұш, Алаш болғанда,

Алаштай ат болғанда.

Таңбасыз тай,

Енсіз қой болғанда.

Алаш хан болғанда» – деп оқысақ, ел аузына тарап көнеден жеткен қария сөздің мазмұны ашылып шыға келеді. Сөйтіп біз, Ұлұштың Алаш атанғанына, сол себептен өмірге Алаштай аттың келуіне һәм Алаштың тайға таңба басылмаған, қойға ен салынбаған заманда хан болғанына көз жеткізіп, толықтай мағұлымат аламыз.

ТАРИХТА ҰЛҰШ АТТЫ ХАН БОЛҒАН БА?

Қазақ тарихын терең зерттеген Шәкәрім атамыз: «Қазақтың түп атасы» – деген өлеңінде «Болады арап жұрты Самның ұлы,

Біледі шежіренің бәрі мұны.

Түріктің шын аты екен Нәдұлұше

Түрік деп неге атады тыңда соны» – дей келіп «Түрік деп хан көтерген патша қылып» – деп Нәдұлұшке Түрік деген атақ, титул беріп хан көтергені хақында айтады. Осы «Түрік» атанған Нәдұлұше кім? Дұрысы Нәд Ұлұш. (біздің арагідік Алаш-Алаша дегеніміз сияқты Нәдұлұш-Нәдұлұше делініп те айтыла береді)  Осы арада сәл шегініс жасап Алаш  атауының шығуына себепші болған Ұлұс/Ұлұш сөзіне тоқталып өтейін. ҰЛҰС/ҰЛҰШ сөзі әу баста «Ұл» және «Ұс» деген екі сөздің қосарлануынан шыққан. Бүгінгі ұлы, ұлық, ұлғаю, үлкею, үлкен сөздері осы «ұл» түбірінен бастау алса, «Ұс» сөзі көне төркі тілінде «құс» сөзімен астасады. Яғни Ұл Ұс/ Ұл Ұш  (Ұлұ Ұс/ Ұлұ Ұш) сөзінің түпкі мағынасы бүгінгі тілмен айтқанда «Ұлы Құс», «Алып Құс», «Қыран Құс» дегенге саяды. Ұлұ Ұс/Ұлұ Ұш демекші қазақ пен қырғыздың рухты күші «Алып қара құс» – «Алып қара күш» болып келетінін де есте ұстайық. Ал атақты ғалым, көне төркі тілінің маманы Алтай Аманжоловтың «Ұс», «Ас», «Аз» – қиялғажайып құс, тәңірі құсы, бүркіт, ол – көне династиялық әулеттің аты және түркілер табынған көк тәңірінің бейнесі (кейіптану) – дегенін де ескерусіз қалдырмайық. Ал Нәдұлұш атауына келер болсақ, ол қос сөзден бірігіп тұтас бір атауға айналған Ұлұш сөзін ұлықтаудан шыққан яғни Ұлұш атауын ұлылау үшін өз кезегінде төркі жұртының бір бөлігі «Нәд» сөзін қосып «Нәдұлұш (Нәд Ұлұш) атауын өмірге әкелген. Алыс Мажарстандағы қыпшақ қандастарымыз әлі күнге дейін осы «Нәд» сөзін қолданып «Ұлы Шеркеш» дегенді «Нәдчеркеш», «Ұлы Құмандық» дегенді «Нәдкүншақ» деп атайды екен. Олай болса Нәдұлұш деп отырғанымыз Ұлы Ұлұш. Ол әрине қазақ үшін Алаш атанған Ұлұш екендігі күмән тудырмас деймін.

«Аталған сөйтіп Түрік Нәдұлұше

Ол кезде жылдар өтті мыңдап неше.

Түріктен шыққан талай сайыпқыран,

Жер жүзі тітіренген Түрік десе» – дейді Шәкәрім ата.

АЛАШ ХАН, ОҒҰЗ ХАН БОЛУЫ МҮМКІН БЕ?

Түріктен  өрбіген елді тоғыз дейді

Тартатын күй аспабын қобыз дейді

Башқұрт пен қазақ ноғай қарақалпақ

Төртеуін шежірешілер оғыз дейді.                                                                   

«Қазақтың түп атасы Оғұз – Түрік, Құт қонған ұйтқы болып орнап бірлік» -деп Қожаберген жырау «Ата тек» атты дастан жазғанын білеміз.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    О. Сүлейменов “Слово вовлеченное русскую граматическую эволюцию переразложилось торки так называют летописи кочевое племя самоназванием которого было – узы. Вероятно одно из Огузских племен в источниках принят написание этнонима – “огуз” “оуз” “уз”2- деп жазған. Бізге төркі жұртының бірнеше диалектіде сөйлегендігі мәлім. Осынау көшпелі төркілердің тілінде тәңірі құсы, бүркіт мағынасындағы көне династиялық әулеттің аты “Ұс” “Ас” “Ұз” “Аз” немесе “Хас” “Қас” “Қаз” “Ғұз” түрлерінде айтылғанын есте ұстағанымыз жөн. Әйгілі Махмұт Қашқаридың “Біздің ата – бабаларымыз – бектер,  “хәмір” дейді. Өйткені оғыздар әмір деп айта алмайды”1дегені бар. Осы ретте төркі жұртының бір бөлігі өздеріне тән диалектіде ақты-хақ, Ақназарды-Хақназар, Асанды-Хасан, Қасан, Ұсманды-Ғұсман, Құсман, Айдарды- Ғайдар, Қайдар, Абдолланы- Ғабдолла, Алиханды- Ғалихан, Әкімді-Хакім, деп жазатыны сияқты “X”, “Ғ”, “Қ” әрпінің қосарлануы арқылы Ұзды-Ғұз деп, әрі осы атауларды ұлылап Ұлы Ұз, һәм Ұлы Ғұз деп жазу үшін Ұз, Ғұз сөздерінің алдында парсы немесе төркі тілі диалектикасының біріне тән “О” “У” әріпі жалғанып “Оуз” «Ууз» “Оғуз” делініп жазылған. Парсы, өзбек тілдерінде “О” “У”- ол, ул деген мағынада қолданылады. Біз өзіміз де қазіргі кезге дейін “ол не”, “ол не дегенің”, “ол не қылғаның” “ол кім екен”, “ол не қылған адам” дегенді “о не”, “о не дегенің”, “о не қылғаның”, «о кім екен», «о не қылған адам» деп айта береміз. Демек, “О+уз” “У+уз” “О+ғуз” деп жүргеніміз Улус, Ұлұс яғни Ұлұ Ұс елі, ал Ууз хан, Оғуз хан деп жүргеніміз Ұлұ Ұс (Ұлұ Ұш) хан яғни Алаш хан деген тұжырым жасауымызға әбден болады.

 

 

Ұс         -          Ұз              -              Ғұз

↓                      ↓                             ↓

Ұл Ұс       -      Уус / Оуз        -        Оғұз

↓                       ↓                            ↓

Ұл Ұс хан    -    Уус хан/Оуз хан  -  Оғұз хан

\                          ↓                       /

АЛАШ ХАН

С.П. Толстов: «Оғыздардың тайпалық одағы Оксқа дейінгі заманда басқа жақтан көшіп келген тайпалар емес, одақ аты да, өзен аты да ертеден бері жалпыға ортақ тотем атынан, жергілікті ел тілінен туған сөз. Ендеше Орта Азия оғыздарын ерте замандарда сол  жерді мекен тұтқан сақ тайпаларының заңды мұрагері (ұрпағы) деп қарау керек. Оғыз тотемінің аты ертедегі сақтар ортасында да болуға тиіс»1 - деп жазса. Е.Шаймерденов “Рашид-ад-диннің куәлік етуіне қарағанда Оғұз хан Ұлыс үлестіргенде ұшы-қиыры жоқ киелі кең      дала тиген үшінші ұлына елтаңба ретінде қанатты қыран бейнесін ұсынған екен”2 - деп жазады. Қарап отырсақ бәрі тәңірі құсы, бүркіт, көктің құсы қыранға келіп тіреледі. Осының бәрін жай ғана сәйкестік деп қарауға болмайды. Бұнда тарихи шындық бар. “Оғұзнамада” Оғұз ханның алты баласы болғаны айтылса бұл қазақ арасындағы “алты Алаштың баласымыз”,  деп келетін сөздерін еріксіз еске түсіреді. Осының бәрін ескере отырып Оғұз бен Алаштың бір адам екені яғни бір хан жайында айтылып тұрғаны күдік тудырмаса керек деймін, әрі екеуі де бір ауыздан төркі халықтарының басын біріктіруші өз алдына ел етуші болып халық арасында ауыздан – ауызға аңыз боп таралған. «Ер қанаты – ат» -демекші ат жалын тартып атқа қонғаннан құстай ұшқан Ұлы дала ұландары – ҚЫРАНДАР ЕЛІ өздерінің төл тарихының  тамыры тереңде екеніне осылайша көз жеткізеді.

ТІЛ  ТАРИХ  КІЛТІ

Тамырынан таратылып текті сөз,

Ал арманшыл асыл халқым көкті кез.

Көк байрақты, қыран текті қазаққа,

Күн астында қанат жаяр келді кез.

Маралтай 

«Ұлұш,  Алаш болғанда

Алаштай ат болғанда

Таңбасыз тай,

Енсіз қой болғанда

Алаш хан болғанда.»

Иә, Ұлұш, Алаш атанып, Алаштай аттың өмірге келуі мен сол Алаштың хан болуына қарағанда, Ұлұш пен Алаш сөзі, о баста, белгілі бір адамды бірнеше тайпа бірлесіп, қалың қол боп, ұлықтап, хан көтеруден шыққан атау деуге негіз бар. Жалпы дүниеде ешбір атау, мейлі кісінің аты, мейлі елдің аты болсын, ешқашан да сөздің этимологиясына қарай зерттеліп қойылмайтыны анық. Атау әрқашан логикалық яғни ойдың ұғыми мәнісіне қарай орайластырып қойылатынын есте ұстайық. Құс – еркіндік пен көктің символы. Кең байтақ дала төсінде көшпелі өмір салтын ұстанып, тұрмыс – тіршілігін қалыптастырған, еркіндік сүйгіш көшпелілерге, құстан артық тотем – киетек болмаса керек. Осы себептен көшпелі тайпалар бас қосып, баталасып, бірлесе көтерген алғашқы хандарын, көктің құсы, қыранға балап, «Ұл(ұ) Ұс», «Ұл(ұ) Ұс» (дауысты созып, айқайлап ұрандағанда ҰЛҰС, ҰЛҰС  боп айтылып, естіледі, әрі екі «ұ» қатар келіп, біреуінің түсіп қалуы да заңды.) деп ұлылап хан көтерген деген қортындыға тоқталамын.

 

Сол ұлы жиында жер қайысқан қалың қолдың айқай шуынан Ұл(ұ)Ұш, Ұл(ұ)Ұш деген шу басым естіліп, (бұл жерде төркі халықтарының ішінде қазақтан басқа басым көпшілігі “с”-ның орнына “ш”- деп сөйлейтінін ескеруіміз керек. Мысалы: басты-баш, тасты-таш, қасты-қаш, құсты-құш, Алпамысты-Алпамыш, Манасты-Манаш, дүйсенбіні-дүйшенбі, т.с.с.) қол астындағы қара халықтың құлағына ҰлҰш”, “ҰлҰш” деген айқай Алаш Алаш боп естілгендіктен күллі халық Ұл(ұ)Ұшты яғни “Ұл(ұ)Ұсты” – Алаш деп атап кетіпті. Әрі батыр, әрі ақылды данагөй Ұл(ұ)Ұс хан осыдан бастап өзін халық берген атпен Алаш деп атап, өзіне қараған елін “Ұлұс”  деп атаған деген тұжырымға келдім. Ұл(ұ)Ұс хан өзін халық берген атпен Алаш атағандықтан халық арасында осы бір үрдіс дәстүрге айналғанын көреміз. Әрі бұл дәстүр осы күнге дейін өзінің төл ұрпақтарының арасында жалғасын тауып келеді. Әбілмансұрдың-Абылай, Ибраһимнің-Абай, Мұхамедқанапияның-Шоқан, Ерасылдың – Қабанбай, менің өз атам Сүгірдің – Сақал т.т. аталуы соның айғағы, бұл оларға халықтың берген аты.

Ұлықтап Ұлұ Ұс атап пір тұтудың да сонау көне заманнан бастау алып үзіліссіз ұрпағымен жалғасын тауып келе жатқанын аңғару қиын емес, ол үшін біз Абайды – Ұлы Абай, Жамбылды – Ұлы Жамбыл, Мұхтарды – Ұлы Мұхтар, Шоқанды – Ұлы Шоқан, Мағжанды – Ұлы Мағжан деуімізді көлденең тартсақ та болады. Демек мұның да Алаштан бастау алғанына куә боламыз. Алаш хан өз елін Ұлы Ұс/Ұлұс деп атап қана қоймай, оны “оң қанат”, “орта”, “сол қанат” деп үшке бөліп билік жүргізген. Дәл осы арада адамдардың дене мүшесіне қарай оң қол, сол қол, болмаса оң көз, сол көз демей құсқа байланысты “қанат” сөзінің ел билеу мен әскер билеу тәсіліне енуінің астарын сезген боларсыздар. Иә, қазақтың «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп ер балаларын қыранға, қыз балаларын аққуға теңеуі мен «Ұлым ұяда, қызым қияда», «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай», «қанатының астына алды», «атқа қонды», «үйге қон», «қонып кет», «қанаты қатайды», «топшысы бекіді», «бақ құсым»,  «балапаным»,  «қанатым»,  -  деп қана  қоймай, мектеп бітіріп үлкен өмірге аяқ басқалы тұрған ұл-қыздарын, еліміздің «жас түлектері» деп сөз саптауы да кездейсоқ айтыла салған сөз емес екен, “түлек” деп бүркіттің, яғни тәңірі құсы, қыранның балапанын ғана айтатынын еске алсақ та жеткілікті-ау деймін, тіпті келін түсіргеңде “аққуыңды аяла”, “құсың құтты болсын”, деп қыздарына “құс етек”  көйлек кидіретін де осы біздің қазақ. Кішкентай үл, қыздарын «қарғам сол», «қарғам менің» – деп еркелетіп, шежіре шерткенде «қарға тамырлы қазақпыз», «қарға тамырлы ел едік қашаннан-ақ» деп сөз саптайтынымыз және бар. Ол ол ма домбыра мен найзасына, тақия, бөрік, һәм тымақ пен сәукелеге үкі тағып дұлығасына қыран құстың қауырсынын тағып құстың кеуде жүні мен балақ жүніне ұқсатып ұрыс-соғысқа ыңғайлы етіп сауыт киетін де біздің батыр бабаларымыз.  Тіпті хан көтергенде де ханды ақ кигізге (ақ кигіз биік шың басындағы қардың бейнесі С.С.) отырғызып ұлылап Ұлы Ұс (Ұлұғ Ұс/Ұлұ Құс), (Шынғ Ұс/ Шың Құс) деп көктің құсы, биіктің құсы,  тәңірі құсына балап “қыран аласаға қонбайды” – деген ниетпен биікке шығарып хан көтерген.

Күлтегін қаған баскиімінің маңдайында бүркіт бейнеленген болса, Білге қағанның алтын тәжінің үстінде қыран бейнеленгені тегін болмаса керек. Ал, Шыңғыс ханның (Шынғ Ұс хан /Шың Құс хан С.С.)  отыратын тағы мен туында да қыран бейнесі, бейнеленген.   Бұл   ту   наным – сенім бойынша, Шыңғысхан әулетінің желеп-жебеушісі, киелі белгісі болып есептелген.

Рашид-ад-диннің куәлік етуіне қарағанда Шыңғыс ханның   өсиеттерінің   бірі былайша берілген   екен: “Момын халықтың   арасында жүргенде  қошақандай момын  бол,  ал шайқасқа шыққанда аш бүркіттей шүйлік” деген екен. Мен жоғарыда Алаш ханның өз елін «Ұлұс» деп атағаны жайында айтқан едім. Шоқан Уалиханов “Ұлыс” сөзі о баста белгілі бір территорияда құрылған тайпалар одағы” – десе, Қазақ совет энциклопедиясында” “Алаш” “Алаш мыңы”- ежелгі  қазақ тайпаларының алғашқы қауым болып біріккен одағы “қазақ” деген бұрынғы елдің жалпы аты” деп жазады.Р. Сыздықова мен М. Қойгелдиев «Белгілі бір территорияда құрылған тайпалар одағы» деген ұғымды беретін «улус» сөзін Қадырғали «халық», «хандық» деген терминдік мәнде жұмсаған» -дейді. Ал Абай атамыз “Сонымен бұлар өзін-өзі де өзге жұрттар да “қазақ” атап кетіпті. Бұрын өздерін “Ұлұс” дейді екен де жүре береді   екен»  - деп тарих қойнауына терең бойлап қазақтардың «Ұлұспыз» деп жүретінін айтады. Құрбанғали Халид: “Ұлұс” сөзі моңғолша “тайпа”, жамағат: есе, үлес мағынасын береді.Мұны қазақтар бірлік, жиналу кейде: заң ереже орнына пайдаланады. Мысалы, “Елдің ұлтынан шығайын ба” дейді. Мұнда бірлік, жиналу мәні көрініп тұр, яғни жұрттың бірлігінен шығайын ба көптен айырылайын ба болмаса елдің ұлты солай деседі “Бұл елдің өткені солай болып келген” деген мағынада, мұнда ереже, әдет болып аударылып тұр” деп жазады. Демек “Ұлұс” сөзі қазақтар үшін бірігу, жиналу, ұлт болып ұйып, бірлесіп бас қосу екен. Бұдан аңғаратынымыз қазақтардың “Өз елімнің, ұлтымның атынан шығайын ба, ұлттығымнан, елдігімнен айырылайын ба” болмаса “Елім солай аталады, ұлтым солай, елімнің ғасырлар бойына аталып келгені солай еді”-дегеніне көз жеткіземіз.Сонымен тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсақ  біз ең біріншіден Ұлы Ұс (Ұлы құс) яғни Алаш ханның ұрпағымыз соның еліміз деп, хан елі ретінде қыран бейнеленген ту көтеріп ҰЛҰС атанған «Қырандар Еліміз».

Еркіндік пен аспан символы құсты ұлттық тотеміміз – киетегіміз етіп өскен тәңірі текті, тәңірі болмысты түз түлегіміз. Атақты ғалым, көне төркі тілінің маманы Алтай Аманжоловтың «Ұс», «Ас», «Аз» – қиялғажайып құс, тәңірі құсы, бүркіт, ол-көне династиялық әулеттің аты және түркілер табынған көк тәңірінің бейнесі (кейіптану) – дегені шығар күндей шындық екенін мойындауымыз керек. Тіл – тарих кілті демекші, біз осылайша Алаш пен Ұлұс, атауларының мән – мағынасы мен шығу негізіне көз жеткіземіз.

Самат Сыпатайұлы 

Abai.kz

Related Articles

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    Мәми би Жұртбайұлының шежіресінде айтылуынша Керей ұлысының арғы тегі – Шеп, Сеп, Байлау, Қойлау, Елдей, Көлдей, Изен, Жусан секілді тайпалардан таралады екен. Аталған тайпалардың біразы ескі тарих беттерінен кездессе, енді бір бөлімі қазірге дейін Керей руындағы аталардың есімі ретінде аталып келеді. Мұның бір себебін арғы тарихтағы аталардың аты өшпесін деп кейінгі ұрпақтарының аталар атын қайта жаңғыртып қойған дәстүрінен қарау керек. Абақ атауына келсек, арыда Керей ханзадалары мен ханышаларының арасында Абақ, Абақберді, Абахан, Абақтай, Абақай, Абақ бике сынды есімдер болған. Сол ата-апаларының жолын жалғаған, тозып кеткен Керей елінің басын қосып, оған әз ана болған Абақ есімді қасиетті ана өмірде болған адам. Қазақ тарихында ру атына айналған әз аналар аз болмаған. Көрнекті жазушы,

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

    ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

         Шығыстанушы-тарихшы Өмір Тұяқбайдың бұрында да «Қазаққа қандай тарих керек? Тәуелсіздік кезеңінде жасалған тарихи мистификациялар хроникасы» деп аталатын мақаласын  (22.05. 2025. Zhasalash.kz) оқып ем. Риза болғам. Жақында Ө. Тұяқбайдың «Қазақстанда тарихи бұрмалаулар мен мифтерге тосқауыл қоюдың жолдары» (02.10. 2025. Zhasalash.kz) атты тағы бір мақаласымен және таныстық. Өте өзекті мәселені көтеріпті. Тарихта орын алып жүрген жағымсыз жайттар турасында ой толғапты. Журналистерді, блогерлерді айыптапты. Тарихтан арнайы кәсіби дайындығы жоқ, бәрін бүлдіріп болды деп.  Келеңсіздікті тоқтатудың нақты жолдарын ұсыныпты. Бұған да көңіліміз бек толды. Әйтсе де тарихты бұрмалауға, өз өтіріктерін насихаттауға тек журналистер мен блогерлер ғана емес, «арнайы кәсіби дайындығы бар» «тарихшылардың» да «зор үлес» қосып жатқанын баяндап, айтылған пікірді одан әрі өрбітіп, жалғастырайық.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: