|  |  |  | 

Спорт Сұхбаттар Шоу-бизнис

Мырзағали Айтжанов, бокстан ұлттық құраманың бас бапкерi: СЕРКЕГЕ ҒАНА СЕНIМ АРТАМЫЗ

Өткен аптада Алматыда спорттың бiрнеше түрi бо­йынша конфедерация кубогы сарапқа салынды. Бокстан конфедерацияның кубогы мен 25 миллион теңге сый­ақысы Маңғыстау облысының балуандарына бұйырды. Одан бұрын Павлодарда ересектер арасындағы ел бiрiншiлiгi мәресiне жеттi. Қараша айында Ресейдiң Санкт-Петербор қаласында жастар арасында әлем чемпионаты дүрiлдеп өттi. Ұлттық құраманың бас бапкерi Мырзағали Айтжанов осындай дүбiрлi додалардан кейiн құрама сапында өзгерiстер болғанын мәлiмдедi. Кей боксшылар салмағын ауырлатып, өзге салмаққа ауысса, құрама намысын он жылдан аса уақыттан берi қорғап келе жатқан тiсқаққан саңлақтар жастарға орнын босатты. “Павлодарда өткен ел чемпионатында бiрнеше боксшымыз өздерiнiң үйреншiктi салмағынан өзгесiне ауысты. Ендi әр салмақта кiм серкелiкке жарайды, сенiм соған артылады” дейдi Мырзағали Айтжанов.
– Әңгiменi жақында ғана аяқталған ел чемпионатынан бастадық қой, бас бапкер ре­тiнде қалай бағалайсыз?
– Ел чемпионатын ұйымдастыру жайында ешқандай мәселе жоқ, Павлодарда көктемде жастар арасындағы Азия чемпионаты өт­кiзiлдi. Сондықтан бұл өңiрде де бокстың қарқынды дамып, жастардың осы спорт түрiне деген қызығушылығы күн санап артып келедi. Ендi ел бiрiншiлiгi жайлы айтсақ, жастар көп қатысты. Бiз Рио Олимпиадасында медаль алған боксшыларды ел чемпионатына қатыстырған жоқпыз, оларға демалыс бердiк. Одан сырт Олимпиада дуына қосылған, алды үш рет жазғы Олимпиаданың сынына түскен тәжiрибелi боксшылар жастарға орнын босатып, ұлттық құрамадан кеттi. Мүмкiн содан да шығар, әр өңiрдiң бапкер­лерi ел бiрiншiлiгiне 18-20 жас аралығындағы жас таланттарды көп­теп қосты. Кейбiреулерi тәжiри­бенiң аздығынан, ересектер додасына алғаш қосылғандықтан тартыншақтап жүлдеге iлiне алмады. Олардың да арасында келешекте тегеурiндi боксшы шығатындары бар. Албырттығына қарамастан тәжiрибелi боксшыларға лайықты қарсылық көрсете бiлдi.
– Рио Олимпиадасының қатысушылары Абылайхан Жү­сiпов 64 келiден 69 келiге, әлем чемпионы Жәнiбек Әлiм­ханұлы 75 келiден 81 келiге ауысты. Бұрын 52 келiде сынға түсiп жүрген Iлияс Сүлейменов 56 келiде бағын сынап көрдi. Ел бiрiншiлiгiнде Жәнiбек пен Абылайхан сенiм үдесiнен шыға бiлдi. Ендi олар осы жаңа салмақ дәржесiнде сынға түседi ғой.
– Жазғы Олимпиада ойындарынан кейiн жеке бапкерлерiмен ақылдасып, бұл боксшылар жаңа салмақ дәрежесiне ауысты. Ендi осы салмақтың мықтысы болу үшiн барын салуы керек. Әрине 56 келiде әлем чемпионатының қола жүлдегерi Қайрат Ералиев бар, 69 келi жазғы Олимпиада ойындарында “қазақтың салмағы” атанып кеткенi әмбеге аян. Әлем чемпионы, Рио Олимпиадасының жеңiм­пазы Данияр Елеусiнов бар мұнда. Одан бөлек 69 келiде жастар арасында әлем чемпионы атанған Садриддин Ахмедовтi де албырттығына қарамай құрама сапына қабылдадық. 81 келi де – қазақ үшiн олжаны көп берген салмақ. Кезiнде Атланта Олимпиадасында Василий Жиров 81 келiде алтын медальмен бiрге Вэл Баркер кубогын иелендi. 81 келiде бiрнеше жылдан берi Әдiлбек Ниязымбетов сынға түсiп жүр. Әлем чемпионаттарында, жаз­ғы Олимпиада ойындарында олжа салды. Келешекте қалай болатынын тек ринг шешедi. Әр салмақтың саңлағын анықтау атағына, жиған абыройына қарап сараланбайды, бiз үшiн кiм тегеурiндi тiзгiндi соған ұстатамыз.
– Ауыр салмақтағы түйткiлдi мәселе шешiлiп келе ме?
 – Жастар бар, бiрақ олар әлi де шикiөкпе. Ауыр салмақтағы бокс­шылардың саны артып келе жатқаны қуантады. Павлодардағы ел чемпионатында жүлдегер атанған Нұрлан Сапарбай деген бозбаланы да құрамаға қабылдадық.
– Бүкiләлемдiк бокс сериясының алдағы маусымының жеребесi тартылды. “Астана арландары” клубының боксшылары топтық кезеңде Ресей, Өзбекстан, Қытай елдерiнiң боксшыларымен жұдырықтасады. Соңғы жылдары ұлттық құраманың белдi боксшылары да “арландыққа” жарап, клубтың намысы үшiн жекпе-жекке түстi. Бұл жолы қалай болады?
– Бүкiләлемдiк бокс сериясының биылғы маусымында клубтың бапкерлерi мен бас менеджерi Серiк Сәпиев жас боксшыларға сенiм артуды жөн санап отыр. Жас­тарға мүмкiндiк берiп, өздерiн дәлелдеуiне орай туғызбақ. Әрине, ұлттық құраманың да боксшылары клубтың атынан сынға түсiп, ел намысы жолында ештеңеден аянбайды. Бiз үшiн келесi жылдың басты додасы – Азия бiрiншiлiгi мен әлем чемпионаты. Осы екi додада бокс­шылар барын салуы керек.
– Өзiңiз баптап өсiрген Бiржан Жақыпов, Берiк Әбдi­рахманов, Олжас Сәттiбаев сынды боксшылар құрамадан кеттi. Бiрақ күнi кеше конфедерация кубогында Берiк Әбдiрахманов Маңғыстау облысының командасында жұдырықтасып, жеңiске жеттi.
– Бұлар өздерi ойланып-толғанып құрамадағы орынды жастарға босату жайлы байламға келдi. Бiржан мен Берiк былтыр АИБА-ның АРВ жобасында бақтарын сынады. Осынау жобамен жасасқан келiсiм­шарттары бар. Егер де жоба биыл да жалғасын тапса, бұл боксшылар сол жерде шеберлiктерiн көр­сетедi.
– Жәнiбек Әлiмханұлы кә­сiпқой боксқа қатысып, өзiн сынап та көрдi. Рио Олимпиадасы кезiнде де бiздiң бокс­шылар­ға кәсiпқой бокстың прмоу­терлерi көз тiгiп, қызығушылық танытып едi.
– Кәсiпқой бокстың терiсiн илеп, сол салада жүрген әрiптес­тер айыптай қоймас, бiрақ кәсiп­қой бокста Жәнiбекке қарсылас атанған боксшының әлеуетi бiздiң оғланмен салыстыруға мүлде келмейдi. Екеуiнде аспан мен жердей айырмашылық бар. Кезiнде өзiмiз де жұдырықтасып, әуесқой бокста 245 жекпе-жек өткiздiк, АҚШ-қа барып, кәсiпқой бокстың майын iшкен майталмандармен де рингтке күш сынасып көрдiк. Жәнiбек – әлем чемпионы, Азия ойын­дарының жеңiмпазы.
АҚШ кәсiпқой боксқа қазақтың, орыстың, украинның боксшыларын тартуға әуес. Неге? Өйткенi олар дайын. Мысалы, Жәнiбекке неге көз тiгiп жүр? Жаңа айттым, әлем чемпионы атағын иелену екiнiң бiрiнiң қолынан келе бермейдi. Жәнiбекте мұндай марапат бар. Әлiмхан­ұлының әлi талайға же­тетiнiн бiл­гендiктен кәсiпқой боксқа қосқысы келетiндер көп.
АИБА Рио Олимпиадасында бокстың мәртебесiн көтеру үшiн кәсiпқойлардың да қатысуына мүмкiндiк бердi. Кәсiпқой боксшылардың қайсысы Олимпиада чемпио­ны атанды? Ешкiм де. Олар кәсiпқой рингтке жылына төрт-бес жекпе-жек өткiзедi. Ал әуесқойлар өздерiнiң салмағын үнемi бақылауда ұстайды, үш күнде үш жекпе-жек өткiзедi.
– Рио Олимпиадасына әзiр­лiк жүргiзгенде өзге елдердiң боксшыларымен бiрлескен оқу-жаттығу жиынын өткiздiңiздер. Келесi жылы Азия құрлығындағы аламан мен әлем бiрiн­шiлiгiне дайындықты қаңтар айынан бастайсыздар. Басқа елдермен тiзе қосып дайындықтан өту жоспарда бар шығар.
– Бiзге келiп тәжiрибе алмас­қысы, үйренгiсi келетiн елдерде қисап жоқ. Бiрақ бiз олардың барлығына мақұл дей алмаймыз. Құраманың әлеуетiне қараймыз, боксшыларын салмақтаймыз. АҚШ-тың ұлттық құрамасы бiздiң елге келуге ынта бiлдiрiп отыр. Кейiнiрек Германияға оқу-жаттығу жиынына баруымыз мүмкiн. Немiстер қолқа салып шақырту жiбердi. Қай елмен бiрлесiп әзiрлiк өткiзсек те, бiздiң мақсат – әлем чемпионатынан қомақты олжамен оралу.
Сұхбаттасқан Қ.Рахмет
zhasalash.kz

Related Articles

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: