|  | 

Шоу-бизнис

Назарбаевқа түнгі бір жарымда 50 млн доллар не үшін қажет болды?

Қазақстанның бұрынғы Қаржы министрі Александр Павлов “Хабар” арнасындағы арнайы бағдарламада Назарбаев оған түнгі бір жарымда хабарласып, 50 млн доллар сұрағанын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Назарбаевқа түнгі бір жарымда 50 млн доллар не үшін қажет болды?

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ. “ХАБАР” АРНАСЫНАН КАДР

“Сенің жақсы министр болғаның есімде. Бүгінде Қаржы министрінің ғимараты долларға ұқсайды… Астанада құрылыс тоқтап қалған сәтте, түнгі бір жарымда мен сені оятып “маған 50 млн доллар тауып бер, құрылысшыларға төлеуім керек” деген едім”, – деп есіне алды Назарбаев.

Павлов президенттің сөзін растап, әрі қарай не болғанын баяндады.

“Расымен солай болды. Сіз түнгі бір жарымда хабарластыңыз… Жұмыста отырған едік, қоңырау келіп түсті. “Сіз президентпен сөйлесетін боласыз” дегенде қалжың шығар деп ойладым. Сәтсіз қалжың болар дедім. Кейін Нұрсұлтан Әбішұлының дауысын естідім. “Ұйықтап жатырсың ба” деп сұрады. “Жоқ, жұмыста отырмын” дедім. “Таңертеңге дейін 50 млн доллар табу керек” деді… Таптық, есеп бердік. Сол кезде президенттің ешуақытта ұйықтамайтынын ұқтым. Бұл мәселелерді уақытында шешіп отырған дұрыс екен”, – дейді Павлов.

Nur.kz

Related Articles

  • Этно туризм. Балхашта этно туризімді қаладй дамытуға болады?

    Бейсен Ахметұлы  Әлемде біз естіменген елді мекендер, ғажайып салт-саналар мен ғұрып-әдеттер, ойлап көрменген тіршілік тәсілдері бар. Сонай ғажап өңірдің бірі Балқаш. Қарны тойып, қалтасы қалыңдаған әр пенде өмірден ләззат алғысы келеді. Өзі аңсаған жерді көріп, қызыққан өмірді қызықтайды. Дем алады және өмірдің мәнін салыстарды. Өмір теңіз бойында жасаған адам сусыз жапан даланы елестете алмайды. Бірақ естісе барып көруді аңсайды. Қазқастан да сол ғажайып әлемнің бір бұрышы. Онда елді таң қалдырар ғажайыптар өте көп. Ендеше сол мүмкіндікті қалай ашуға болады? Біз сөзді Балхаш көлі маңынан бастайық. Балқаштың қандай кереметтері бар? • Балқаш әлемдегі ең үлкен тұйық көлдердің бірі. Аумағы 19 мың шаршы шақырымға жетеді. Су тұнық таза және тұздылығы төмен. Қысы

  • Талдықорған-Өскемен тас жолы «тасбақаға» арналған ба?

    Республикалық маңызы бар автомобиль жолының  313,5 шақырымы  Алматы облысына тиесілі. «Қазавтожол» ҰК» АҚ» облыстық филиалы басшылығы жол үстінде жылдамдықты сағатына 40 километрден асырмау керек деп отыр. Талдықорған-Өскемен тас жолы шығыста Алакөлмен шектеседі. Осы бағытта  «Қазавтожол» ҰК» АҚ» Алматы облыстық филиалының тапсырысымен  уақытша жол салынған. Уақытша деген аты болмаса, ойдым-ойдым жолмен жолаушылар бес жыл жүре тұруы тиіс. Былтыр төселген жаңа жол арқылы күніне орташа есеппен 3 жарым мың көлік өтеді екен. Сапарға шыққандар діттеген жеріне діңкесі құрып әрең жетеді. Көпшілігі Алакөлдің шипалы суына шомылуға асыққан туристер. «Қазавтожол» ҰК» АҚ» Алматы облыстық филиалының директоры Жанабай Қобыландиннің сөзіне сенсек, көлік жүргізушілері жол бойына қойылған белгілерді ескеруі тиіс. «Сіздер біріншіден журналист болсаңыз өзіңіздің машинаңызға отырыңыз

  • Жанашыр азамат Молдияр Нұрбаев Мамания мектебін қайта жаңалады

      Еліміздің әр аймағындағы ауылдарда тозығы жетіп қаңырап қалған нысандар жетерлік. Содан ба кезінде тіршіліктің қыз-қыз қайнаған ордасына айналған өлкелер бұл күнде сұрқай тартып, суықтанып бара жатыр. Әрине, оны қайта тірілту, өңі қашқан өлкенің шырайын кіргізу – біз бен сіздің, ел азаматтарының міндеті. «Елім маған не береді емес, мен еліме не беремін» де­­ген ұстаным, осы жолы да ал­дан шығады. Мемлекет қам­­қорлығы жетпей жатқан шал­ғай ауылдарға сол жерден шық­қан, бүгінде кәсібі мен нәсібі тасыған азаматтар кө­мек қолын созып жатса, бұл әл­бетте, құптарлық іс. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында «қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Пат­рио­тизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген

  • Түркістан облысының Түлкібас ауданында жаңа спорт кешені ашылды.

    «Ер Жәнібек» атындағы 240 адамға арналған шынықтыру-сауықтыру орталығы  Састөбе кентінде пайдалануға берілді.  Нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асты. Құны 454 млн теңге болатын спорт кешенінде бокс, дзюдо, үстел теннисі, баскетбол, еркін күрес және тағы да басқа спорт түрлерімен айналысуға болады. Келушілерге ыңғайлы болуы үшін киім ауыстырып, душ қабылдауға болады. Бұдан бөлек, бапкерлер мен медбикелерге арналған бөлмелермен де қамтылған. Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Састөбе елдімекенінде өткен “Ер Жәнібек” атындағы спорт кешенінің ашылу мерей тойына “Tuǵurul han” Halyqaralyq Qoǵamdyq Birlestıgınıń атынан: Қаржаубай Сартқожа – Президиум Басқармасының Төрағасы (құрылтайшы); Мамырбаев Рахимбек – Президиум Басқармасының мүшесі (құрылтайшы); Игбаев Нұржан – “Tuǵurul han” Halyqaralyq Qoǵamdyq Birlestıgınıń Президенті қатарлы азаматтар арнайы қатысып қайтты.   Салтанатты жиынның ашылуына

  • Қазақ патриот құрылысшысы

    11 тамыз күні, бұрынғы Кеңес Одағының аумағында құрылысшылардың кәсіби мерекесі атап өтілді. Еріксіз, менің досым Александр Владимирович Рязановты (1958-2009) еске алдым. Иә, биылғы тамыздың басында Одесса қаласына қысқа сапар шектім. Осы аймақта өмір сүретін Алекеңнің туысқандарымен қауыштым: бөле ағасы Александр Браилов, бөле қарындасы Оксана Позняк, бөле інісі Андрей Барбакар. Одесса аймағының құрамасындағы Измаил қаласында тұратын оның досы, журналис Александр Ободовскиймен сөйлестім. Зымырап өтетін уақыттың қарқыны соншама: биыл А.В. Рязановтың мезгілсіз қазасына дардай он жыл толды. Қайран Александр Владимирович әйгілі американдық эстрадалық әнші Майкл Джексондей (1958-2009) жарқыраған жұлдыздай өтті. Еліміздің құрылыс саласында Алекең де біртуар жұлдыз емей немене? Алайда, кең-байтақ мемлекетімізде күні бүгінгі дейін оның құрметіне бірде-бір көше, алаң, даңғыл аталмады.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: