|  |  |  | 

Көз қарас Спорт Шоу-бизнис

“Қазақ спортының дамуы үшiн үлесiн қосты”

7 желтоқсанда Ақтөбе қаласында жүргiзiлген арнайы iрi операция кезiнде мұнай ұрлады деген күдiкпен қылмыстық топтың бiрнеше мүшесi құрықталған едi. Сондай-ақ Алматыда да арнайы iс-шара ұйымдастырылып,  Еркiн Iзбасар, көлiк жүргiзушiсi ұсталған болатын.  Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң арнайы ұшағымен Ақтөбеге жеткiзiлген күдiктiлердi тергеу, тағыл­ған айыптың қаншалықты дәлелдi, дәлелсiз екенiн анықтау тиiстi органдардың құзыретiндегi шаруа. Редакциямызға бiлiктi бапкер Бауыржан Нұрмаханов келiп, Еркiн Iзбасарды ұзақ жылдан берi танитынын айтып, оның спортқа қосқан еңбегi жайлы жазған мақаласын ұсынды.  
Мен   Еркiн Iзбасар­мен 1980 жылдардан берi таныспын. Екеумiз күрес залында танысып, таныстығымыз достыққа, жолдастыққа ұлас­ты. Ол Ақтөбе өңi­рiнде еркiн күрестiң дамуына ерекше көңiл бөлдi. Өзi де жастайынан күресiп, жол апатына ұшырағанға дейiн спортпен шұғылданғандығынан болар.
Еркiн Ақтөбе өңiрiнiң еркiн күресi дамуы үшiн, жастар өсiп шы­ғуы үшiн көп күш салды. Жастар өсiп шығуы үшiн Ресейдiң Хасавюрт қапласындағы бапкер­лердi шақыртып, бiздiң балуандарды сол жаққа жiберiп, Хасавюрттың, Ресейдiң ұлттық құрамасына енген спортшыларын Ақтөбеге шақыртып, бiрлескен оқу-жаттығу жиынын өткiздi. Күнi кеше Алматыда аяқталған Конфедерация кубогы үшiн өткен додаға әзiрлiктi Ақтө­бенiң еркiн күрес бал­уандары Хасавюртта өткiздi. Хасавюрттағы жаттығу жиынына жүре­тiн балуандардың жолына қысылтаяң уақытта қаражат табылмай, Еркiн балуандарды жi­беру үшiн ақша iздеп қиналғанын бiлемiн.
Бiрде Ақтөбеге бар­ғанда Еркiн менi бал­уандардың әзiрлiк өткi­зе­тiн залына ертiп барды. Өзiнiң болашақта атқаратын шаруасымен бөлiскен едi сонда. “Бауыржан, неге бiздiң Ақтөбе қаласында да Хасавюрттағыдай балуандар мектебi болмайды? Хасавюртта Магомед Гусейнов ашқан   мектеп-интернатта 200 балуан бар. Солардың бәрi интернатта жатады, сол жерде жаттығады. Бәрi iшiнде. Осы мектептiң түлек­терi арасынан әлем чемпионы,Олимпиада ойындарының жеңiм­пазы мен жүлдегерлерi шықты. Неге бiз де сондай жүйемен жұмыс iстемеймiз? Еркiн күрес елiмiзге келгелi алпыс жылға жуықтады, әлi бiрде-бiр әлем чемпио­ны жоқ. Жарайды, ке­зiнде КСРО-ның шетқақпайлауымен   Әбiл­сейiт Айханов, Аманжол Бұғыбаев, Амангелдi Ғабсаттаровтың жарқырап көрiнуiне мүмкiндiк болған жоқ дедiк. Тәуелсiз­дiгiмiздi алғанымызға да 25 жыл толды, еркiн күрестен есе­мiздiң кетiп жүр­генiне қарным ашады” деген едi. Және өзi балуандар мектебiн саламын деген жерге ағаш көшеттерiн де отырғызып, алғашқы қадамын бастаған да болатын. Еркiн күрестен биылғы Рио Олимпиадасында 57 келi салмақта елi­мiз­дiң намысын Нұр­ислам Санаев қорғады. Рас, бұл да легионер. Ресейден алдырған балуан, бiрақ бұл балуан Қазақстанға келгенге дейiн Ресей­дiң iшкi бiрiншiлiгiнде топ жарып, құрамасына iлiнген жоқ. Күрес жолында ендi-ендi көрiнiп келе жатқан Санаевтан тамаша балуан шығатынын бiлiп елiмiзге алдырды. Былтырғы АҚШ-та өткен әлем бiрiншiлiгiнде жолдаманы иеленiп, Рио Олимпиадасында бел­дестi. Нұрислам Санаев Бразилияда өткен жаз­ғы Олимпиада ойындарында әзiр­байжан балуаны Гаджи Алиевпен күрескенде Са­наев­тың алты ұпайын төрешiлер көпе-көрнеу бермей қойды. Сонда Еркiн Iз­басар белдесуге тө­релiк еткен қа­зылардың бәрiн жиып алып сiл­кiлеп-сiлкiлеп ұрысқан болатын. “Бұларды осылай тойтарып қоймаса, қазақ балуандарына тiзесiн батыра бередi” деп күйiнген едi сонда.   Бразилия жерiнде кү­реске тө­релiк еткен қазыларды жиып қойып ұрысқан Еркiннiң қасында тұрып Дәулет Тұр­лыхановтың балуандарымыз үшiн күйген, ара түскен кезi есiме түстi.
Мен бапкер ретiнде төрт жазғы Олимпиада ойындарына балуан баптап қостым. Даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановтың бiздiң бал­уандардың есесi кеткен жерде тiкелей өзi араласып, төрешiлер­дiң бұра тартуына жол бермегенiн көргенмiн. Еркiн де қазақ спортының, балуандардың намысы үшiн деп жүрген азаматтың бiрi мен үшiн.Қазақ спортының дамуы үшiн үлесiн қосты.
 Бауыржан Нұрмаханов,
Қазақстанның еңбек сiңiрген бапкерi,
Алматы қаласы
zhasalash.kz

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: