|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Әлеумет

Ирандағы көрге түнейтіндер елді шошытты

Тегеранның сыртындағы бейітте тұрып жатқан адамдар. Иранда күнделікті шығатын Sharvand газетіндегі сурет.

Тегеранның сыртындағы бейітте тұрып жатқан адамдар. Иранда күнделікті шығатын Sharvand газетіндегі сурет.

Тегеранның сыртындағы зиратта қазулы қабірде тұрып жатқан үй-күйсіз жандардың суреттері қоғамда наразылық тудырып, жұрт бұл шаруаға мемлекеттің араласуын талап етті.

Суреттерден шынымен жан түршігеді – баспанасыз ерлер, әйелдер мен балалар барар жер таппаған соң моланы паналап келген. 50 шақты ирандық азаматтың Тегеранның сыртындағы зиратта тұрып жатқанына бірнеше жыл болған тәрізді.

Қайыршылықтың шегіне жеткен жандардың қазулы көрдегі [Иранда қабірді алдын-ала қазып қояды] тірлігі жайлы қорқынышты суреттер қатардағы азаматтарды да, биліктегі лауазым иелерін де шошытты, жұрт үкіметтің шара қабылдауын талап етті.

Күнделікті шығатын Шахрванд (Shahrvand) газетінің бірінші бетінде желтоқсанның 27-сі күні жарияланған үйсіз-күйсіз жандар туралы мақалада Тегеранның сыртындағы Шахрияр кентінде тұрып жатқандардың көбі нашақорлар деп сипатталған. Олардың ауыр тағдырын бейнелейтін суреттер әлеуметтік желіге лезде тарап, қарапайым тұрғындар мен танымал адамдар бұған бей-жай қалмай, пікір білдірді.

Посмотреть изображение в Твиттере

ҚОҒАМ НАРАЗЫЛЫҒЫ

Иран президенті Хассан Роухани зиратта өмір сүруді “үкімет пен халық үшін өте өрескел жағдай” деп атады.

“Кедейшілік, мұқтаждық пен қиындықтарға үкімет те, халық та жауапты. Батыс елдерінде кедей адамдар көпір астында картон жастанып немесе метро бекетінде ұйықтайды деп естіген едім, бірақ бейітте өмір сүргендер жайлы естімеппін” деген Роухани желтоқсанның 28-і күні.

Президенттің бұл сөзі Оскар сыйлығы иегері, ирандық режиссер Асгар Фархадиге жауап ретінде естілді. Фархади желтоқсанның 27-сі күні Роуханиге жазған хатында “суық түндерін молада өткізіп жатқан ер, әйел және балалар үшін өкініп, ұялатынын” айтқан. “Осы өкінішімді сізбен және елдегі жауапкершілікті сезінетін басқа жандармен бөліссем деймін” деп жазған режиссер.

Көпшілік жұрт ашу-ызасын әлеуметтік желіде білдірді. Facebook қолданушы Кухе Сефид үкіметті “сириялық Алеппо қаласын қалпына келтіру тәрізді шетелдік жобаларға араласқанша елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешпей ме” деп айыптады.

Тегеранның сыртындағы зиратта тұрып жатқан адам. Ирандық Sharvand басылымындағы сурет.

Тегеранның сыртындағы зиратта тұрып жатқан адам. Ирандық Sharvand басылымындағы сурет.

Тағы бір Facebook қолданушы Жавад Сиадат “Құдайым-ау, қандай сұмдыққа куәгер болып жүрміз?” деп жазды.

Мохесен Эб есімді азамат “абырой, ұят пен қорқыныштан жұрдай” деп билікті айыптаған.

Желтоқсанның 28-і күні бейітте тұратын жандар тақырыбын жалғастырған мақаласында Shahrvand басылымы билік шара қабылдауға уәде еткеннен кейін қауіпсіздік күштері үйсіз адамдарды моладан мәжбүрлеп әкеткені жайлы жазған. Газет дерегі бойынша, кейбіреулердің әлгі бейітте тұрып жатқанына он жылдан асқан.

НАШАҚОРЛАР КӨБЕЙІП БАРАДЫ

ISNA жартылай ресми ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Тегеран провинциясының губернаторы Сайед Хосейн Хашеми мола тұрғындарын “есірткі діңкелеткен жандар” деп сипаттаған.

“Бұл адамдардың ішерге асы болмай аштықтан бұралып жүрді деген ақпарат ойланбай, жөнсіз жарияланған, өйткені бұлар есірткіге әбден салынып біткен кілең нашақор” деген губернатор желтоқсанның 28-і күні. Ол сонымен бірге әлгі адамдар зиратқа жақын маңдағы сауықтыру лагеріне орналастырылғаны туралы хабарлаған.

Иран ресми орындарының мәліметі бойынша, Тегеранда 15 мыңға жуық үйсіз адам бар, оның 5 мыңы – әйелдер. Үйсіздердің көбі – нашақорлар. Ресми дерек бойынша, елде емдеу-сауықтыру бағдарламасына 1,4 миллион нашақор тіркелген, бірақ белсенділер 80 миллион тұрғыны бар елде нашақорлар саны 2 миллионнан асады дейді.

Есірткімен ұсталғандарға жазаның ауыр екендігіне қарамастан нашақор саны көбейіп келеді деп саналады. Оның негізгі себептерінің бірі – әлемдегі героин өндіруші басты ел Ауғанстаннан есірткінің Иран арқылы тасымалдануымен байланысты. Қазан айында БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (UNODC) Ауғанстанда апиын өсіру 201 мың гектарға артып, 2015 жылдан бері 10 пайызға көбейгені туралы хабарлаған.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы 

Related Articles

  • АҚШ сенаты Украинаға қаржылай көмек қарастырылған заң жобасын мақұлдады

    АҚШ конгресі.  АҚШ сенаты 13 ақпанда Украина, Израиль және Тайваньға 95 млрд доллар болатын қаржылай көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады. Сенатта демократтар басым орынға ие. Енді заң жобасын Республикалық партия басым Өкілдер палатасы қарайды. Өкілдер палатасында жобаның заң статусын алуға мүмкіндігі аз деген болжам да айталады. Президент-демократ Джо Байден біраз уақыттан бері екі палатаны Украина мен АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхит аумағындағы серіктестеріне көмек беруді жылдамдатуға шақырып келеді. Украина билігі басты одақтасы АҚШ-тан қолдау азайған тұста қару-жарақ жетпей жатқанын бірнеше рет мәлімдеген. Украина президенті Владимир Зеленский бүгін, 13 ақпанда АҚШ сенатының бұл заң жобасын мақұлдағанына алғыс айтты. Құжатта Киевке 61 млр доллар беру қарастырылған. “Американың көмегі Украинаға бейбіт өмірді жақындастырып, әлемдік

  • АҚШ сенаты Украина мен Израильге көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады

    Азат Еуропа / Азаттық радиосы АҚШ сенаты Украина мен Израильге 118 миллиард доллар қосымша қаржы көмегін беру туралы екі партия ұсынған заң жобасын және АҚШ-тың оңтүстік шекарасын нығайту туралы заң жобасын мақұлдады. Былтыр қазан айынан бері жалғасып келе жатқан “ұлттық қауіпсіздікке байланысты қосымша қаржыландыру туралы” дауға нүкте қоятын компромистік мәтін АҚШ сенатының сайтына шыққан. Заң жобасы бойынша, сенаторлар 60 миллиард долларды Украинаны қолдауға, 14 миллиардты Израильге көмекке, 20 миллиардтан астам долларды АҚШ-тың Мексикамен шекарасын қауіпсіздендіруге, шамамен бес миллиардты АҚШ-тың Тынық мұхит аймағындағы серіктерін қаржыландыруға, екі жарым миллиардқа жуық долларды “Қызыл теңіздегі” операцияны қолдауға, тағы да сондай қаржыны АҚШ-тың Орталық қолбасшылығына бөлуді жоспарлаған. АҚШ президенті Джо Байден конгресстен Украина, Израиль және Тайваньға

  • Жер сілкінді, ал санамыз сілкіне ме?

    Бірінші, Алматы жер сілкініс белдеуі аймағына жатады, ол ғылымда әлдеқашан дәлелденген, оған құмалақ ашып жаңалық айтудың керегі жоқ. Орталық Азияның қауіпті сілкініс белдеуінің бір жолағы Қазақстанның біраз аймағын қамтып жатыр. Жер кеше сілкінген, бүгін сілкінді, түптің түбінде ертең де сілкінеді және сілкіне береді. Жер- күнәнің көптігі үшін сілкінді деп аңыраған жұртқа құрғақ ақыл айтатын қаймана уағыз қай қоғамда болсын табылады, жер- атеист пен тәңіршілге “Аллаһты еске салды” дейтін міскін ой, асығыс тұспал қай жамағатта болсын табылады, бірақ табылмай тұрғаны ҒЫЛЫМ, мән берілмей тұрғаны да осы. Екінші, жерді кім сілкісе де мейлі, маңыздысы ол емес, онсыз да сілкініс белдеуінде тұрып жатырмыз, “ұйқыдағы” сілкініс пен жанар тау бізде онсыз да баршылық. Мәселе

  • Мәскеу Тоқаевтан Пригожиннің бүлігін басуға көмектесуді сұрады ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Ресей басшысы Владимир Путин. Бұл аптада Батыс басылымдары маусым айында «ЧВК Вагнердің» жетекшісі Евгений Пригожиннің әскери бүлігі кезінде Ресей Қазақстаннан көмек сұрағанын, бірақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев одан бас тартқанын жазды. Сонымен қатар Астана мен Анкара әскери саладағы серіктестікті күшейтіп, 2024 жылы елде дрон шығара бастайтынына тоқталды. Бұдан бөлек Орталық Азия Батыс елдері үшін не себепті маңызды аймаққа айналғанын талдады. ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ ANKA ДРОНЫН ШЫҒАРА БАСТАЙДЫ АҚШ-тағы Jamestown қоры Қазақстан мен Түркия әскери серіктестікті күшейтіп жатқанына назар аударады. Қазақстан 2024 жылдан бастап елде Түркияның Anka дрондарын шығара бастайды. 28 қараша күні қорғаныс министрлігі дрон өндіретін отандық компанияны таңдап жатқанын хабарлады. Мәлімдемеде Түркияның Anka дроны елде

  • Әзербайжан Қарабаққа шабуыл бастады. Қазірге дейін не белгілі?

    Азаттық радиосы Әзербайжан қорғаныс министрлігінің Таулы Қарабақта “армениялық әскерилердің позициясын жойдық” деп таратқан фотосы. 19 қыркүйек 2019 жыл.  19 қыркүйекте Әзербайжан Таулы Қарабақта “антитеррористік операция” бастағанын мәлімдеді. Бакудың бұл мәлімдемесінен соң Қарабақта тұратын армяндар артиллериядан шабуыл басталғанын айтады. “Степанакертте жарылыс естіліп жатыр. Балалар мен ата-аналар жертөлелерге түсті. Балконымнан әр жақтан жарылыс дауысы естіліп жатыр, тоқтар емес. Артиллерия қатты атқылап жатыр, атыс дауысы да толастар емес” деді Таулы Қарабақтағы тәуелсіз журналист Марут Ванян. Азаттықтың Армян қызметінің хабарлауынша, 19 қыркүйек 11:10-да Әзербайжан күштері Қарабақтағы Аскеран ауданын атқылаған. “Эхо Кавказ” сайты Степанакерт қаласында әуе дабылы қағылғаны хабарланды. Степанакерт қаласында қашып бара жатқан адамдар. 19 қыркүйек 2023 жыл. Таулы Қарабақтағы армяндардың бақылауындағы аймақтың омбудсмені

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: