|  |  |  | 

Көз қарас Мәдениет Әлеумет

Жыл басы, көктем мерекесі,                      наурыз мейрамын ұлықтауға бағытталған         «Президент көжесі»  іс-шарасын өткізейік!!

 

Naurz koje2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 64 қарарына сәйкес 21 наурыз «Халықаралық Наурыз» күні болып аталып келеді.

Ал, наурыз мейрамының мәнін ашып мағынасын келтіретін маңызды ас- «Наурыз көже». Бұл Ұлыстың ұлы күнінің киелі асы, наурыз мейрамының айшықты белгісі. Сондықтан көне заманнан бері  наурыз мейрамында – өте мұқият дайындалған  наурыз көже жасап, «Жыл басы, көктем мерекесін» тойлайтын жақсы үрдіс жалғасып келеді.

Қазіргі тойланып жүрген жаңа жылды шыршасыз тойлату мүмкін болмайтыны сияқты, наурыз мейрамын наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. «kult.fora» Рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтар» ҚҰ-ы  наурыз мейрамында Ұлыстың ұлы күнін ұлықтауға бағытталған «Президент көжесі» іс-шарасын өткізетін үрдіс қалыптастыру туралы – Нұр Отан патиясы, Ақжол партиясы және Мәдениет министірлігі  т.б. құзырлы органдарға 2010 жылдан бері ұсыныс жасап келеді. Бұл ежелгі жыл басы Наурыз мейрамының  халықаралық мәнін аша түсетін ұлттық құндылықтарымыздың маңыздылығын айшықтайтын  ұстынды жоба. Әлбетте бұл наурыз көжесін «Президент» көжесі деп атау емес – «Жыл басы, көктем мерекесі» – «Наурыз мейрамында» «Президент көжесі» іс-шарасын өткізетін үрдіс қалыптастыру деген сөз.

Рас, қазір әлемдегі барлық елде жаңажыл мейрамында, еңбегі алға басып, абройы асқан ұжымдар,  жеке адамдар және үздік оқушылармен «Президент шыршасын» өткізетін жақсы үрдіс барын білеміз. Ал қазақ елі бірінші болып осы үрдісті-наурыз мейрамында «Президент көжесі» іс-шарасымен өткізсе, онда біз сана тәуелсіздігі, рух тәуелсіздігін сезінуге тағы бір үлкен қадам  жасай отырып,  «Ұлыстың ұлы күні», «Ұлттық рухани жаңару күні», «Жыл басы», «Таңғажайып көктем мерекесі, табиғаттың қайта түлеп, қайта жаңғыру межесін»  әлем елдері «Жыл басы мейрамы» деп тануына себепші болар едік. Бұған азат ойлы, саналы азаматтар, ұлт тұлғалары қолдау көрсетіп бір жеңнен қол шығарып жатса нұр үстіне нұр болары анық. Себебі, бұл – бүгінде кезі келіп, заманы жеткен тарихи   құбылыс! Табиғат заңдылықтарымен мінсіз үйлескен  соны үрдіс!

Біз «Ұлы дала ас-тағамдарының» аса қажетті ас, әрі таптырмайтын дәрі сондай-ақ экономикалық табыс әкелетін әлеуеттілігін өзіміз мойындай алмай жүргенде қазір Германия, Франция, Голландия, Канада, Жапония сияқты елдер қымызды дастарханның сәні, асының нәрі, денсаулығының кепілі етіп, қоймай ақшаның көзінеде айналдырып алды. Себебі, жаһандық жағдай, халықаралық азық-түлік қауіпсіздігі мен мәдениеттер ықпалдастығына тәуелді түрде дамитын жоғарғы технологиялық бірегей феномен. Қазір осы түйткілдің түйінін шешу мақсатында - «kult.fora» Рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтар» ҚҰ-ы, Астана қаласы медицина университеті,  профилактикалық медицина және тағамтану кафедрасымен бірлесе отырып  «АС АРҚАУ+М»инновациялық  жобасы негізінде жұмыстар жасап жатыр.

Сонымен, «Ұлыстың Ұлы күні»,  «Жыл басы, көктем мерекесін»   Ел басының, кие текті абыздармен бірге дәм татып бата тілегімен бастайтын «Наурыз көженің» тарихи философиясы, дәстүрлі технологиясы жөнінде не білеміз!?

Қазақ халқы жеті түрлі дәннен наурыз көже жасайды. Ол жеті түрлі дәнге кіретін: бидай, ет, қатық, су, тұз, бұрыш  және  биязы.

Осы жеті дәнді дайындаған кезде, адамзатының  табиғат заңдылықтарымен үйлесім табу диалектісі мұқият сақталады. Онда, адамзаты табиғаттың бір бөлшегі болғандықтан, табиғатпен және бір-бірімен гормониялық келісімде өмір сүрген жағдайда ғана қоғамда үйлесім болып, жасампаздыққа қол жеткізетіндігі ескерілген. Наурыз көженің құндылығы, оның түпкі мәні және құпия сыры да осында жатыр. Наурыз көжесін жасайтын жеті дән- жеті әлем: бидай-жер ана дәні; қатық-ақ дәні; ет-қызыл дәні; су-тәңір дәні; тұз-ас дәмі; бұрыш-от дәні; көк-жел  (ауа) дәні.

 

1.Жаратушының адамзатына ең алғашқы бұйыртқан дән – бидай көшеті. Ас атасы нан болу себебі де содан. Сондықтан ырыздық несібесінің келер жылы да мол болуын тілеген адам, күзгі бидайды қамбаға салған кезде келер көктемдегі ұлыстың ұлы күніне  бағыштап,  наурыз көженің бидайын  дайындап қояды. Ондағы ниет жер ананың ырыздық несібесін үзбей келер көктемгі Ұлыстың ұлы күнгі киелі асына қосу.

2.Мал тойынған, сүт қойылған күзгі соңғы сүттен сүзбе қатық сүзеді. Бұдан кейін мал суалады. Бұл осы жылдың соңғы сүтінен дайындалған – ас дәмінің падишасы, ас құнарының маңызы және келер жылғы наурыз көженің ас дәмі. Мұндағы ниет, ақ дәннің маңызын келер жыл басындағы аққа қосу. «Ақ дәнің үзілмесін, ақ босағаң бүлінбесін» деген тілек.

3.Қазақ халқы мал әбден тойынған, еті құнарланған кезде қараша айында қыс азығын дайындап соғым сояды. Соғымды үлкен дайындықпен, айдың аты, күннің сәтін ескере отырып ниет етіп, құран бағыштап сояды. Етті бұзып сорғытады да ас дәмдерімен тұздап, ыстап кептіреді. Бірнеше жас малдың етін  бүктеп, жас қалпында сақтап қояды. Оны жазғытұры мал арыған кезде жас сорпа керек болған жағдайда керектенеді. Соғым етін бұзған кезде жөн білетін, бойы таза, ыспар адам үй иесінің талабымен әр кәделі жілікті өз жөн жоралғысына сай дайындайды. Онда: ауыл ақсақалы, ата-жетесі, сыйлы қонағы, құда жекжаты түгел ескеріледі. Келер Наурыз мейрамындағы Ұлыстың ұлы күні Биссмиллаһиын айтып киелі қара қазанға салынатын кәделі жіліктер бағышталып, ерекше дәмделіп тұздалған соң ысталып белгілі мөлшерде кептіріледі де абдыраға салынып сарымайдай сақталады. Міне бар гәп осында жатыр. «Түтінім-өшпесін, дәмім үзілмесін» деп ұрпақ жалғастығына ерекше мән беретін халық табиғатпен және бір-бірімен гормониялық келісімде ырымдарын жасайды, жөн-жоралғыларын істейді. Жалпы қазақтың соғымы үлкен мән, мағыналы, ғылыми негіздегі халал пайымды әрекет. Малды Аллаһуакпар деп соя салғаннан, ол халал тағам бола қалмайды. Әрине міндетті түрде таза жерде дәретімен Аллаһуакпарын айтып ниет етіп бауыздап, қанын әбден шығару шарт. Мәселе ет мүшелегеннен кейін жасалатын алғашқы технологиялық процестерде жатыр. Жаңа сойылған малдың еті тірі ағза, оны маңызды азық-түлікке айналдыратын жаңағы технологиялық процестер болып табылады. Наурыз көженің ерекше дәмін келтіретін де-дұрыс дайындалып жақсы сақталған кәделі жілік еті мен сүзбе қатық қоспасы және жақсы түктеліп сақталған бидай дәні. Бұл жердегі ниет Алланың бергеніне шүкір етіп, мал жаны айдан аман, жылдан есен, бір дәні бір дәніне жетсін деген тілек.

4.Ас тұзы-киелі зат. Шығыс халықтары тұзға жеңіл-желпі қарауға, үстел үстіне, жолға төгуге болмайды деп кие тұтады. Иодталып сақталған ас тұзы тағамның дәмін келтіруші ғана емес, сақтау, түрлі зиянды микроағзалардан қорғауға да пайдасы мол.

5.Қара бұрыш, қалампыр, бұлар дәмдеуші және қасиетті зат болып саналады. Сондықтан сақтайтын етке салады. Наурыз көжеге қасиетті зат ретінде ырыммен қосады.

6.Көк жемісі (пиязы,зәйтүн) сарымсақты біз ас дәмі ретінде қабылдаймыз. Шынтуайтында ол ас дәмдеуші ғана емес, ағзаға өте қажетті, қорғаушы және аурудан сақтаушы зат.

7.Су мен дем-адам жаны. Адам ағзасының 70 пайызын құраушы судың өзі тірі ағза. Барлық ақпаратты сақтаушы өмір өзені. Жаңағы алты дәнді ұлыстың ұлы күніне қалай бағыштап, қандай ниет тілекпен сақтаған ақпараты да осы суда. Бұл жердегі еске алатын жағдай судың табиғи таза тірі су болуы өте маңызды.

Осылай табиғат заңдылықтарымен  үйлесімді дайындалатын Ұлыстың ұлы күнінің маңызды асы Наурыз көже тағамтану ғылымының талаптарына да сай келеді.

 

Наурыз мейрамында қазақтың берекелі дастарханына қойылатын Ұлы күнінің киелі асы «Наурыз көжемен» бірге  ерекше маңызды  жеті түрлі ас-тағамдары дайындалады.

 

1.Қымыз ерекше технологиясымен сақталады. Онда ішкі, сыртқы температура, орын жай, яғни кеңістікпен уақыт межесі мұқият ескеріледі. Ол технологиялық процестері дұрыс сақталған, күзгі бабына келген сары қымыз болады. Жалпы сақталған қымыз дәмді, сіңімді әрі адам ағзасына өте қажетті минералдық заттарға бай болады.

 

2.Ет тағамдары: жоғарыда айтылған технологиялық процестермен дайындалып сақталған қазы-қарта, жал-жая, шұжық, әсіп, кәделі жіліктер, мәнті, тұшпаралар, қарынға салған қуырдақтар.

 

3.Сүт тағамдары: май-сары май, ақ май, жұмсартылған май; құрт-жарма құрт, шақпа құрт, малта құрт, езбе құрт; ірімшік-ақ ірімшік, мәйек ірімшік, үрме ірімшік; қаймақ-бал қаймақ, жал қаймақ, қазан қаймақ, қоспа қаймақ т.б.

 

4.Жарма тағамдары: тары-май сөк, қуырған сөк, бөртпе сөк, сөк көже; жент-май жент, жарма жент, үрме жент, талқан т.б

 

5.Ұн тағамдары: бауырсақ 20-дай түрлі; құймақ-сүт құймақ, май құймақ, жеті шелпек, орамалар.

6.Көк жеміс жидектер: Қазір жеміс жидектердің бәрі бар. Дегенмен де қазақ дастарханында өрік, миіз, жүзім, алма, болуы маңызды.

7.Наурызда алғашқы төлдеген мал уызын бүйенге салып, дәніміз дәнге қосылды деген ырыммен наурыз көжеге салып қатырады.

Осы аталған тағамдар тойдың ажары, дастарханның сәні ғана емес, бұлар адам өмірінің нәрі. Мәселен жоғарыда айтылған  технологиялық процестері  сақталған құнарлы еттің, ас дәмі падишасы сүзбе қатықпен әрленген сүрлем сорпасын және бабы жетіп сақталған сары қымызды жүйелі рецептурамен ішкен адамның қуаты тасып, күші толып, анемия, әлсіздік дегендерден аулақ болады.  Мынадай бір тәмсіл бар; орта жүздің атақты байы Ахметәлінің жылқышы Нағашыбай ер мінезді, қалжыңқой адам болса керек. Бірде оның жылқы отарынан мезгілсіз келіп қалғанын байқап қалған жеңгесі әзілдеп-Көрпең желпілдеп тұр ма? Кеткеніңе бес күн болған жоқ па еді?-дегенде ол:

Ішкенім сүрлем сорпа қатығымен,                                                                                        Жегенім жал мен жая жармасымен,                                                                                        Жеңеше-ау,қаным тасып барады, қуатым мол                                                                       Кетемін бір күн түнеп таң атысымен.

деп үйіне кіріп кеткен екен. Қаһарлы қыста, ақ қардағы қоста энергетикалық құнды, табиғи маңызды, құнарлы тағамға тойып алып, буы бұрқырап, қаны тасып жылқы отарында жүретін, сол бабаларымыз қазіргі анемия, әлсіздік ұсақ –түйек, тұмау-сымау дегендерді білмей өтті ғой. Тағы бірде Нағашыекең сүйек ауруынан тұра алмай жатқан алыстағы нағашысы сауығып қалғанын көріп былай деп қалжың айтқан екен:

Іштіңбе сүрлем сорпасын,

Құрт қатығы мен жармасын.

Дәрі болған көк серкенің еті ме,

Салып піскен қызыл қымыз саумасын.

Мұндағы қызыл қымыз дегені бұрындары халық емінде, сүйек ауруын, құрт ауруын және әлсіздікті емдейтін аса маңызды дәрілік ас-тағамы.  Осы қымызбен, кенеу сорпа және дәрілік шөптермен жоғарыда аталған ауруларды емдеп жазатын болған.  Демек қазіргі сауықтыру санаторияларға да серпіліс жасайтын  уақыт жеткен сияқты.

Наурыз түні жоғарыда айтылған мазмұн мағнасы түгел ойластырылған, сақтау технологиясына дейін қарастырылған жеті дәнді: «Айдан аман, жылдан есен» өтіп, ескі жылдағы дәм тұзын жаңа жылғы дәніне қосуға ырыздық несібе берген Аллаға мың да бір шүкір айтып, жыл басы «Ұлыстың Ұлы күні» жаңа жылда да ырыздық несібесі, құт берекесі мол болуын тілеген ізгі-ниетпен қасиетті қара қазанға салып пісіреді. Бұл жердегі жеті қазынаның бірі қасиетті қара қазанның орны бөлек. Қазақ Ұлыс күні қазан көтеруді жақсы ырымға санайды. Тағы мынадай ырым бар: Қара қазанмен пышақты ұрламайды. Ұрпағың пышақтасып, қазан күйесіне қарап қалады дейді. Ал қайрақты ұрлап алады, бірақ үй иесіне бір нәрсе алғанын білдіреді. Жеті түрлі металл қоспасынан жасалған қазақтың қара қазанын, бүгін европалықтар технологияның сонғы жаңалықтары ретінде жарнамалап тегіс қызатын, тағам біркелкі пісетін бақырлар, кастрюлдер жасап жүр. Ал шығыс халықтарының ежелден керектенетін көне қара қазандары дәл осы қасиетке ие екенін біле бермейміз. Қара қазанда бабымен піскен тамақтың дәмді болатыны осы қасиетіне байланысты болады. Өзбектер палау жасайтын атадан қалған қара қазанын тастамайтыны және палауды басқа ыдысқа жасамайтыны содан.

Міне осылай Ұлыстың ұлы күнінің киелі асы наурыз көже ниеттен басталып, жүйелі іс-әрекеттің нақты пайымдары мен өз мәресіне жетіп, жан біткенге шаттық сыйлап, ырыздық, береке-бірлік әкеледі.

 

ӨНЕРХАН САНСЫЗБАЙҰЛЫ

Астана қаласы медицина университеті,

профилактикалық медицина және

тағамтану кафедрасы, тағамтану технологы

«АС АРҚАУ+М»инновациялық  жобасының жетекшісі

kerey.kz

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: