|  | 

Әлеумет

ІІМ: Қонақтар мен туыстарға уақытша тіркеу қажет емес

Азаматтарды тұрақты және уақытша тіркеуге қатысты заңға енгізілген өзгерістерге қатысты Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев түсініктеме берді, деп хабарлайды Baq.kz.

ІІМ: Қонақтар мен туыстарға уақытша тіркеу қажет емес

ФОТО: NUR.KZ

«Тұрып жатқан мекенжайға тіркелу бұрыннан бар талап. Қазақстанда азаматтарды тіркеу институты 1993 жылдан бастап жұмыс істейді. Ол азаматардың еркін жүріп-тұру құқығын шектемейді. Бірақ азамат жаңа мекенжай бойынша тұрып жатса, енді ол туралы ақпарат беруге міндетті», – деді ол.

Ерлан Тұрғымбаев заңға мұндай өзгеріс неліктен енгізілгендігін түсіндірді. Оның айтуынша, бұл елдегі ішкі көші-қонды бақылауға, қалаларда немесе басқа елді мекендерде нақты қанша азаматтың тұрып жатқандығын білу үшін қажет. Осы деректердің негізінде алдағы уақытта жаңа жұмыс орындарын ашу, мектеп және аурухана құрылысын жүргізу, инженерлік-техникалық инфрақұрылымды дамыту сынды әлеуметтік маңызды мәселелер шешімін табады.

Заңға енгізілген өзгеріс негізінде тұрақты тіркеумен қатар «уақытша тіркеуге тұру» түсінігі енгізіліп отыр. Уақытша тіркеуге тұру үшін тұрақты тіркеуден шығудың қажеті жоқ. Яғни сіздің тұрақты тұрып жатқан тіркеуіңіз сақталады. Ал уақытша тіркеу белгілі бір мерзімге ғана рәсімделеді. Ол азаматтың келген жерінде қанша күн тұратынына байланысты. Уақыт өткеннен кейін ол (уақытша тіркеу) автоматты түрде заңды күшін жояды. Уақытша тіркеуден шығу үшін азамат ХҚКО-ға баруға міндетті емес.

«Пәтер иелері жалдаған азаматтарға тіркелуге рұқсат бермейді. Салдарынан пәтерді жалға алушылар тұрып жатқан мекенжай бойынша тіркелгісі келсе де тіркеле алмайды. Осылайша, олар мемлекеттік, медициналық және әлеуметтік қызмет түрлерінен қағылады. Сондықтан азаматтар заңды бұзбау үшін жалған мекенжай бойынша тіркеліп жүр. Бірақ онда олар тұрмайды. Осындай мекенжайда ондаған, тіпті жүздеген азамат бар. Бірақ бұл азаматтардың қайда жүргендігін ешкім білмейді», – дейді вице-министр.

Сондықтан алдағы уақытта мұндай олқылықтар болмау үшін пәтерді жалға берушілер онда тұрып жатқан азаматтарды тіркеуге міндетті. Ал пәтерде тұрып жатқан қонақтар мен туыстарға уақытша тіркеу қажет емес.

«Азамат белгілі аумақта 1 айдан аса уақыт тұрса, ол уақытша мекенжайда тіркелуге міндетті. Бірақ «Тұрғын үй қатынастары» заңы бойынша пәтерде уақытша тұрғандар, яғни пәтер иесі уақытша ақысыз тұруға келісімін берген азаматтарға уақытша тіркелу міндетті емес. Ондай санаттағы азаматтарға туысқандар мен қонақтар жатады», – деп түйіндеді сөзін ішкі істер министрінің орынбасары.

Дереккөз: BAQ.KZ

Related Articles

  • Қазақ мектебінде оқитын 7 жасар бала орыс тілі сабағында неге орысша сайрап тұруы керек?

    Қазақ мектебінде оқитын 7 жасар бала орыс тілі сабағында неге орысша сайрап тұруы керек?

    Магнумды өзім мүлде ұнатпайды екенмін. Үнемі барсам, есі дұрыс көкөніс таппайтынмын. Ескірген, шіріген. Азық-түлікті тек базардан аламын. Бірақ магнумге байкотты тоқтатпау керек! Сонымен бірге, орыстілді кино, фильмдерге де байкот жариялау керек. Бірақ, одан күштісі, балаларыңды тек қазақша оқытып, қазақша тәрбиелеу керек. Бірақ, балаңды қазақша тәрбиелейін десең, тағы бір кедергі шығып жатыр. Ғалымдардың айтуынша, баланы 13 жасқа дейін қазақ тілінде оқытып, ұлттық құндылықтарды бойына, ойына сіңіру керек. Енді солай істеп жатсақ, 7-8 жасар қап-қазақша өсіп келе жатқан балаңды мектепте орыс тілін үйретіп миын ашытуға тура келіп отыр. Яғни, 2-сыныптан бастап орыс тілі мектеп бағдарламасында тұр. Бжб, тжб-сында орыс тілі мұғалімдері баланың орысша мазмұндамасын (говорение) тексереді. Талап етеді. Сонда, біз байғұс қазақ,

  • Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде.

    Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде.

    Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде. Бала-бақшадан бастап, мектеп, жоғары оқу орны, еңбек мекемелерінің барлығы негізінен орыс тіліне көшуде. Өз еркімен емес, әділетсіз биліктің ұзақ жылғы солақай саясатының арқасында. Көшеде, кеңседе, дүкенде, көлікте, қоғамдық орында қазаққа қазақ орысша сөйлемесең немесе ұлтты сақтау керек деген жауапкершілік жүгін ұстанып, сенімен орысша сөйлесіп тұрған қазаққа қазақша сөйле деп ескерту жасасаң болды, бітті, бәле-жалаға қаласың. Заң да, оны орындаушы полиция, прокуратура, сот та орысқұлды қолдайды, ұлтқа жаны ашыған қазақты мүлде қорғамайды. Бұл қандай әділеттілік?! Мемлекеттік тілді, мемлекеттік қауіпсіздікті жекелеген адам емес, осыған жауапты мемлекеттік құрылымдар қорғауы керек қой. Жеке адам емес, ең алдымен билік қорғауы керек. Қазақ жеке тәуелсіз мемлекет болып тұрса

  • Енді қазақ тілін елемейтін мекеме байкоттың нысанасына ілігіп, шығынға бата беретін болады

    Енді қазақ тілін елемейтін мекеме байкоттың нысанасына ілігіп, шығынға бата беретін болады

    Кейде қоғамды бір ғана оқиға қозғалысқа түсіріп, іште қатқан шеменді жарып жібереді. Бұл жолы дәл сондай ахуал орын алды. Magnum дүкендер желісінде орыс тілді бір азамат қазақ тілін білмейтін курьерге шағым түсіріп, артынан дүкен әкімшілігі әлгі курьерді жұмыстан шығарып, мәселені жылы жауып қоя салмақ болғанда, жұртшылық оқыстан оянып кетті. Бұл тек бір азаматтың реніші немесе дүкеннің ішкі тәртібі емес. Бұл – тілдік теңсіздікке қарсы ұлттың рефлексі. Қазақтың өзі, өз жерінде, өз тілінде сөйлей алмайтын күнге жеттік пе деген сұрақ сананы сыздатып тұр. Өз елінде тұрып, өз тілінде сөйлемейтін азаматты қоғамнан аластатылуы ақылға симайтын дүние. Ал Magnum дүкендері желісі отты күлмен көміп қойғандай болды. Қазақ тілі – елдің өзегі. Оған жасалған

  • Этникалық қазақтарға 65 «Ата жолы» картасы берілді

    Этникалық қазақтарға 65 «Ата жолы» картасы берілді

    Этникалық қазақтарға – басқа елдердің азаматтарына Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 65 «Ата жолы» картасы берілді. Елімізде өз ісін дамытуға дайын бизнес-иммигранттар 27 карта алды, ал сұранысқа ие мамандар осындай 38 картаның иегері атанды. «Қазақтар қай жерде өмір сүрсе де, олардың жалғыз Отаны – Қазақстан. Сондықтан біз үшін шетелде тұратын отандастарымызды қолдау әрқашан маңызды», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. «Ата жолы» картасын алушылар ішінде инженер-физик, инженер-математик, химиялық технологтар, жақ-бет хирургиясының дәрігерлері, педиатрлар және т.б. мамандар бар, олар Ресей, Германия, Моңғолия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Франция, Нидерланды, Финляндия, Қырғызстан және Өзбекстан секілді шет елдерден келді. «Ата жолы» картасының иегерлері елге кірген кезде 10 жыл

  • Жер сілкінді, ал санамыз сілкіне ме?

    Жер сілкінді, ал санамыз сілкіне ме?

    Бірінші, Алматы жер сілкініс белдеуі аймағына жатады, ол ғылымда әлдеқашан дәлелденген, оған құмалақ ашып жаңалық айтудың керегі жоқ. Орталық Азияның қауіпті сілкініс белдеуінің бір жолағы Қазақстанның біраз аймағын қамтып жатыр. Жер кеше сілкінген, бүгін сілкінді, түптің түбінде ертең де сілкінеді және сілкіне береді. Жер- күнәнің көптігі үшін сілкінді деп аңыраған жұртқа құрғақ ақыл айтатын қаймана уағыз қай қоғамда болсын табылады, жер- атеист пен тәңіршілге “Аллаһты еске салды” дейтін міскін ой, асығыс тұспал қай жамағатта болсын табылады, бірақ табылмай тұрғаны ҒЫЛЫМ, мән берілмей тұрғаны да осы. Екінші, жерді кім сілкісе де мейлі, маңыздысы ол емес, онсыз да сілкініс белдеуінде тұрып жатырмыз, “ұйқыдағы” сілкініс пен жанар тау бізде онсыз да баршылық. Мәселе

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы:

Zero.KZ