Ресейдің ғарыш проблемасы және Байқоңыр
Анна КЛЕВЦОВА “Союз” ғарыш кемесін ұшыру алаңына апара жатыр. Байқоңыр, 25 наурыз 2015 жыл. Батыс басылымдары Ресейдің ғарыш бағдарламасын дамыту қиындықтары жайлы комментарийлер жариялады. Ал Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Байқоңырдағы экологиялық қауіпсіздік мәселесін қозғаған. РЕСЕЙДІҢ ҒАРЫШ САЛАСЫНДАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАРЫ АҚШ-тың Вашингтон штатының Columbian газеті “Алғашқы спутниктен кейінгі 60 жылдан соң Ресейдің ғарыш бағдарламасы қиындықтарға тап болып жатыр” деген мақаласында Ресейдің ғарыштық зерттеулер саласындағы ахуалға қатысты комментарий берген. “Ресейдің ғарыш бағдарламасы 60 жылдан кейін де алғашқы жасанды спутникті орбитаға шығарған зымыранның жетілдірілген нұсқасына сүйеніп отыр. Бұл – елдің технологиялық шеберлігіне деген құрметі ғана емес, өз жетістіктерін ары қарай дамыта алмауының да белгісі” деп жазған Columbian. Газет ғарышты игеру – АҚШ пен СССР арасындағы бәсекелестіктің