|  | 

Саясат

Байқоңырдың дамуына Астананың батылдығы қажет

Сарапшылар әлемдегі ең ірі ғарыш айлағын халықаралық ғарыш орталығына айналдыру мәселесі Қазақстанның кешенді бірлесіп пайдалануға қатысты қадамдарына тәуелді екенін айтады. Бұл үшін Астана «талап қоя білуді үйренуі тиіс» дейді олар.

Ресейлік

Ресейлік “Союз” зымыранын ұшыру алаңына апара жатыр. Байқоңыр, Қызылорда облысы. 25 мамыр 2015 жыл.

Маусымның 2-сі күні Байқоңыр ғарыш кешені 60 жылдығын атап өтеді. Адамзат баласы Жерден ғарышқа тұңғыш рет Қазақстанның осы ғарыш айлағынан ұшты. 60 жылда орбитаға түрлі мақсаттағы екі мыңға жуық зымыран ұшырылған.

ЖЫЛЫНА 115 МИЛЛИОН ДОЛЛАР

Байқоңырды 2050 жылға дейін жалдау келісім-шартына Қазақстан мен Ресей 1994 жылы қол қойған. Байқоңырды жалдау ақысы ретінде Мәскеу Астанаға жылына 115 миллион доллар төлейді. Ал ертеректе космодромды жалдау шарттарын қайта қарау мәселесі қозғалған. 2012 жылы «Қазғарыш» агенттігі басшысы Талғат Мұсабаев «Қазақстан мен Ресей Байқоңыр кешені объектілерінің бір бөлігін Ресейден алу мәселесін қарастырып жатыр» деп мәлімдеген.

Ресейлік
Ресейлік “Союз” зымыраны ұшу алаңында тұр. Байқоңыр, 23 қыркүйек 2014 жыл.

Мұсабаевтың бұл мәлімдемесінен кейін Қазақстан сыртқы істер министрлігі (СІМ) ақпарат құралдары «Мұсабаевтың сөздерін бұрмалап жариялады» деген мәлімдеме жасаған. Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов «Әлгі хабарламаларға қатысты комментарийлер Қазақстан Ресеймен ғарыш саласындағы ынтымақтастығын тоқтатады дегенге саяды. Бұл мүлде дұрыс емес» деген мәлімдеме таратты.

Министрдің айтуынша, «Қазғарыш» басшысы «Қазақстан Байқоңырды пайдалануға қатысуды қалайды, ғарышты игерудегі өз әлеуетін сапалы дамытуды көздейді» дегенді меңзеген. «Бірақ біздің ел бұл салада Ресеймен ынтымақтастығын үзгісі келмейді» дейді Ыдырысов.

Оқи отырыңыз: «Ресей кеткен соң Байқоңырдың жайы не болмақ?»

Әлгі комментарийлерден екі жылдан кейін «Қазғарыш» агенттігі басшысы Талғат Мұсабаев «Байқоңырда Ресейдің үнемі қалғанын» қалайтынын мәлімдеген.

«Қазғарыш» комитеті басшысы Талғат Мұсабаев. Мәскеу, 11 сәуір 2011 жыл.
«Қазғарыш» комитеті басшысы Талғат Мұсабаев. Мәскеу, 11 сәуір 2011 жыл.

2014 жылдың қаңтарында ресейлік «Известия» газетіне берген сұхбатында ол «Қазақстанда жағдайды дұрыс түсінетін бірде-бір адам Ресейдің Байқоңырдан кеткенін жөн көрмейді. Біз әріптес әрі одақтас елдерміз, ал мұндай деңгейде мемлекетаралық бірлескен стратегиялық жобалар болғаны жөн» деп мәлімдеген.

Мұсабаев ресейлік журналистке таяу арада Мәскеудің «Протон» зымырандарынан бас тарта алмайтынын түсінетінін айтқан. Ресей газеті «Жақсы, мейлі ұша берсін. Бірақ, құламай ұшсын!» деген сөзін келтірген.

Осы жайында: Қызылорда жұртын «гептилдің бұлты» дүрліктірді

2013 жылы шілдеің 2-сінде «Протон» зымыран тасығышы ұша бере апатқа ұшырап, Байқоңыр іргесіндегі территорияға құлағаннан кейін Қазақстанда гептил отынын пайдаланатын зымырандарды ұшыруға қарсы наразылық акциялары өтіп, бір топ белсенді «Антигептил» тобын құрған. Ресей экологиялық зиян үшін Қазақстан талап еткен 89 миллион долларға қатысты күмәнданып, өз сараптамасын жүргізетінін мәлімдеген.

2014 жылы Талғат Мұсабаев «Известия» газетіне берген сұхбатында Қазақстан ғарыш саласында Ресеймен ынтымақтастығын әлі де жалғастыра беретінін айтқан. Бірақ Астана мен Мәскеудің ғарыш саласындағы бірлескен жобасы – 1994 жылы Байқоңырда салынады деген «Бәйтерек» зымыран кешені әлі іске қосылған жоқ. Биыл жыл басында парламентте Қазақстан инвестиция және даму министрлігіне қарасты аэроғарыш комитеті төрағасы Талғат Мұсабаев «жобаны іске қосу созылып кетті, кешен әлі салынған жоқ, ал несиені қайтаратын мезгіл жетті» деп мәлімдеген. Мұсабаевтың айтуынша, Қазақстан бұл жобаға қазірдің өзінде 80 миллион доллар жұмсаған.

Ақша далаға кеткен жоқ, кейін кешеннің жұмысын жүргізу кезінде пайдалануға болатын техникалық жоба мен өзге де техникалық құжаттарды құрастыруға жұмсалды, – деп мәлімдейді Талғат Мұсабаев.

«ДҰРЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫП, «ДҰРЫС ІСТЕУ КЕРЕК»

«Табиғат» экологиялық одағы президенті Мэлс Елеусізов Байқоңыр айлағына қатысты проблема бар, бірақ оның құндылығы келтіріп жатқан зиянынан әлдеқайда жоғары деп санайды.

– Миллиондаған адам ғарыштың арқасында ұялы байланысты пайдаланып, ауа-райына болжам жасау сияқты талай нәрсенің игілігін көріп отыр. Егер оны дұрыстап пайдалансақ, көп ұтар едік, – дейді эколог.

«Табиғат» экологиялық одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов.
«Табиғат» экологиялық одағының жетекшісі Мэлс Елеусізов.

Ол өзге елдер сияқты ғарышты игеру саласына қатысуға болады, бірақ ғылымға деген көзқарас түзелмейінше, іс алға баспайды деген пікір айтады. Ол кезінде Қазақстанда ғарыштық зерттеу институты, бақылау орталықтары болғанын еске алды.

– Тиімді пайдалануға болатын өзге объектілер сияқты оларды да құртып жіберді. Ал экологияға әлгі «Протондар» да, оны ұшыруға пайдаланылатын гептил отыны да зиянын тигізіп жатыр. Әлгі зымыранды баяғыда ауыстыру керек еді. Енді ғана ойлана бастады. Жақсы зымыран болғанымен, жиі құлайтын болды. Оның орнына оттегі-сутегімен ұшатын зымырандарды пайдаланса болады. Алайда біздікілер ештеңені талап ете алмайды! Еліміз әрі қарай дамысын десек, ғарыш саласынан бас тартпау керек. Бірақ, біз қазір тіпті ғарыш айлағын жалға беруді дұрыс ұйымдастыра алмай отырмыз, – дейді Мэлс Елеусізов.

Қазақстан патриоттар партиясы төрағасы Ғани Қасымов Байқоңырдағы «Қазақстан үлесі ұлғаюы тиіс» деп санайды.

Қазақстанның билікшіл «Патриоттар партиясы» жетекшісі Ғани Қасымов.
Қазақстанның билікшіл «Патриоттар партиясы» жетекшісі Ғани Қасымов.

– Құдай қолдап, қолымызда қалған бүкіл ғылыми-техникалық базадан айырылып қалмау керек. Отандық ғарыш саласын дамыту қажет. Ерте ме, кеш пе, ресейліктер бәрібір кетеді. Бұл – өте үлкен шаруашылық. Қызбалықпен «қымбатқа түсетін космодром қажет емес» деп санайтындар бар, бірақ бұл – дұрыс емес. Байқоңырды халықаралық ғарыш орталығына айналдыруға шамамыз жетеді. Үлестік негізде Үндістан, Канада, Оңтүстік-Шығыс Азия, Латын Америкасы елдерін тартсақ болады ғой. Дұрыс ұйымдастыра білсек, қолдан келетін іс, – дейді Ғани Қасымов.

Байқоңыр 1950 жылы СССР-дың алғашқы құрлықаралық балллистикалық Р-7 зымыранын сынақтан өткізетін полигон ретінде салынған. Совет одағы қорғаныс министрлігі полигонын ашу туралы жарлыққа қол қойылған 1955 жылдың 2 маусымы қала мен ғарыш айлағының ресми түрде құрылған күні саналады. 1950 жылдары СССР территориясында полигонды орналастыратын бірнеше нұсқа қарастырылған. Ақыры сол жылдары құрастырылған зымырандардың «техникалық талаптарына сай» келетін аймақ ретінде таңдау Қызылорда облысына түскен. Байқоңыр ғарыш айлағын салу үшін Қазақстан 6700 шаршы километр шаруашылық жер бөлген.

Алтай САНДЫБАЕВ

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • ОА қорғанысқа қаржыны не себепті арттырды? Каспийден Украинаға зымыран ұшырған Ресей суды ластап жатыр ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан әскері бірігіп өткізген «Бірлестік-2024» жаттығуы. Маңғыстау облысы, шілде 2024 жыл. Қазақстан қорғаныс министрлігі таратқан сурет.  Орталық Азия елдері қорғаныс шығынын арттырды, мұның астарында не жатыр? «Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін екі есе көп өндіруді жоспарлап отыр, алайда үкімет бұл салада жұмыс күшінің азайғанын есепке алмаған». «Каспий теңізінен Украинаға зымыран ұшырып жатқан Ресей теңіздің экологиялық ахуалын ушықтырып жатыр». Батыс басылымдары бұл аптада осы тақырыптарға кеңірек тоқталды. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҚОРҒАНЫС ШЫҒЫНЫН АРТТЫРДЫ. МҰНЫҢ АСТАРЫНДА НЕ ЖАТЫР? АҚШ-тағы «Америка дауысы» сайты Украинадағы соғыс тәрізді аймақтағы қақтығыстар күшейген тұста Орталық Азия елдері қорғаныс саласына жұмсайтын ақшаны арттырғанына назар аударды. Бірақ сарапшылар мұндай шығын тұрақтылыққа септесетініне күмән келтірді. Стокгольмдегі бейбітшілікті

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

  • “Қазақстан дұрыс бағытта”. Деколонизация, Украинадағы соғыс және Қаңтар. Балтық елшілерімен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК Балтық мемлекеттерінің Қазақстандағы елшілері (солдан оңға қарай): Ирина Мангуле (Латвия), Эгидиюс Навикас (Литва ) және Тоомас Тирс. Совет одағы ыдырай бастағанда оның құрамынан бірінші болып Балтық елдері шыққан еді. Өзара ерекшеліктері бар болғанымен, сыртқы саясатта бірлігі мықты Латвия, Литва және Эстония мемлекеттері НАТО-ға да, Еуроодаққа да мүше болып, қазір көптеген өлшем бойынша әлемнің ең дамыған елдерінің қатарында тұр. Ресей Украинаға басып кіргенде Киевті бар күшімен қолдап, табандылық танытқан да осы үш ел. Соғыс басталғанына екі жыл толар қарсаңда Азаттық Балтық елдерінің Қазақстандағы елшілерімен сөйлесіп, екіжақты сауда, ортақ тарих, Ресей саясаты және адам құқығы тақырыбын талқылады. Сұхбат 8 ақпан күні алынды. “БІЗДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫ ДҰРЫС БІЛМЕЙДІ” Азаттық: Сұхбатымызды Балтық елдері мен Қазақстан арасындағы сауда қатынасы

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: