Сарапшылар: Ресей ықпалы мен орыс тілінің аясы тарылады
Мұхтар ЕКЕЙ Украин тілі мен әдебиеті күні наразылық акциясында тұрған адам. Киев, 9 қараша 2016 жыл. Америкалық Stratfor барлау және сараптама орталығы орыс тілінің қолдану аясы тарылып, демографиялық, мәдени, саяси және технологиялық өзгерістер қарқынды жүріп жатқандықтан, Кремльдің көршілерге ықпал ету мүмкіндігі азая береді деп болжайды. Stratfor барлау және сараптама орталығының сарапшылары СССР дәуірінен кейін дүниеге келген адамдар саны артып келе жатқандықтан, Еуразияның постсоветтік аймағында әлі талай саяси және мәдени өзгерістер болады дейді. Совет одағы ыдырап, оның құрамында болған елдер тәуелсіздік алғалы ширек ғасыр өтсе де, Балтық елдерінен басқалары әлі де орталыққа қатаң бағынған саяси жүйе мен жартылай капиталистік экономикалық модель бойынша өмір сүріп жатыр. Ал Ресей 1990 жылдардағы хаостан кейін ес