|  | 

Жаһан жаңалықтары

Орыс тілінің позициясы әлсіреп, Қытайдың ықпалы күшейді


Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай президенті Си Цзиньпин салтанатты қабылдау кезінде. Пекин, 3 қыркүйек 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай президенті Си Цзиньпин салтанатты қабылдау кезінде. Пекин, 3 қыркүйек 2015 жыл.

Батыс баспасөзі орыс тілінің постсоветтік елдердегі позициясы, Ресейде Яндекстің Google-ден озғаны және Солтүстік Корея төңірегіндегі дағдарыс тұсында Қытайдың Азиядағы ықпалы жайлы комментарийлер жариялаған.

БҰРЫНҒЫ ОДАҚТАС РЕСПУБЛИКАЛАР

Балтық елдерінде шығатын Baltic Times газетіндегі «Орыс тілі бүкіл әлем бойынша позициясынан айырыла бастады» деген мақалада британдық Retirementgenius сайтына сілтеме жасап, кейінгі 20 жыл ішінде «өзге тілдерге қарағанда орыс тілі базасын бәрінен көп жоғалтқанын» жазған. Бұл жаңадан тәуелсіздік алған елдер «өзінің лингвистикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге» тырысып жатқан тұста болып жатыр. Мысалы, Euromonitor International зерттеу тобына сілтеме жасап, 2016 жылы үйінде орыс тілінде сөйлесетінін жұрттың 20,7 пайызы ғана айтқан Қазақстанда орыс тілін пайдалану деңгейі бәрінен шапшаң төмендегені, ал 1994 жылы бұл көрсеткіш 33,7 пайыз болғаны айтылған. Украинада да осындай жағдай байқалады – ол елде 1994 жылғы 33,9 пайыздан 2016 жылы 24,4 пайызға дейін кеміген. Орыс тілінде сөйлейтіндер Әзербайжан, Литва, Түркіменстан және Өзбекстанда да азайған. 2016 жылы Грузияда бұл көрсеткіш 6,4 пайыздан 1,1 пайызға дейін кеміген.

Мәскеуде орналасқан Macro-Advisory консалтинг фирмасының жетекші серіктесі Крис Уифердің пікірінше, «орыс тілін [қолданудың] азаюы мен қазақ, латыш және украин сияқты жергілікті тілдерді қолдану аясының ұлғаюына СССР ыдырағаннан кейін еркіндік алған саяси күштер түрткі болған. Кей елдер орыс тілінен Батыс елдерімен және Азиямен саяси альянс құру және инвестиция тарту стратегиясы кезінде сырт айналды» деп жазады Baltic Times.

Жуырда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ әліпбиінің бірыңғай латын стандартын биылғы жылдың аяғына дейін құрастыру жайлы тапсырма берген болатын. Латын әліпбиіне толық көшуді 2025 жылға қарай аяқтау жоспарланған. Оның айтуынша, 1940 жылдан кейін елде кириллица «саяси» себеппен пайдаланылған. Бақылаушылар Назарбаев Қазақстандағы орыс тілінің әлі де мықты позициясын осылай әлсіретуге тырысып отыр деп санайды. Өзгелердің пікірінше, Назарбаев латын әліпбиіне көшу арқылы елде ұлғайып келе жатқан экономикалық, әлеуметтік және саяси проблемалардан халық назарын аударуға тырысып отыр, латынды енгізу әрекеті қазақ тілін пайдалануға жайсыз әсер етуі мүмкін.

GOOGLE МЕН ЯНДЕКСТІҢ ТАРТЫСЫ

Ұлыбританияның Guardian газеті Google мен Яндекс іздеу жүйелерінің бәсекелестік тартысы туралы жазған. «Орыстардың Google-і» деп жиі аталатын Яндекс Ресейдің федералдық монополияға қарсы қызметіне (ФАС) Android жүйесін пайдаланатын ұялы телефондарға ресейлік іздеу жүйесі мен өзге қосымшаларды орнатуды шектеуге қарсы шағым түсірген. ФАС-тың шешімінде заң талабын бұзу және нарықтағы үстемдігін теріс пайдалану фактілері анықталып, 2016 жылғы тамызда Google компаниясына 438 миллион рубль айыппұл салынды деп жазылған.

Осы аптада екі ірі жүйе Ресейдің арбитраж соты мақұлдаған коммерциялық мәмілеге келді. Оған сәйкес, Google 438 миллион рубль айыппұл төлеп, Android жүйесін пайдаланатын ресейліктерге іздеу жүйесін таңдау еркін беретін болып келісті.

«2016 жылғы сәуірде Еуропалық комиссия Google компаниясын Android жүйесіндегі үстемдігін асыра пайдаланады деп айыптап, бұл әрекеті үшін 5,9 миллиард фунт стерлингке дейін, яғни оның ғаламдық кірісінің 10 пайызына дейінгі айыппұл салуға ұласуы мүмкін деп ескерткен. Google әлгі айыптауды жоққа шығарған, бірақ ресейлік ФАС келісімі Google-дің ЕО-пен шайқасында домино ойыны әсерін туғызуы мүмкін» деп жазады Guardian.

СОЛТҮСТІК КОРЕЯДАҒЫ ДАҒДАРЫС ЖӘНЕ ҚЫТАЙ

Корей түбегіндегі жағдай шиеленіскен тұста Батыстың бірнеше басылымы Қытайдың аймақтағы ықпалын талдаған. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон ядролық бағдарламаға қатысты келіссөз жүргізуге қайта көндіру үшін Солтүстік Корея билігіне қысым жасау тәсілдерін табу қажет деп мәлімдегеннен кейін Солтүстік Корея «алдын ала жойқын соққы береміз» деп АҚШ-қа тағы сес көрсетті. Бұған қоса, Солтүстік Кореямен шекарасына Ресей ауыр әскери техникасын шоғырландырып жатқаны жайлы ақпарат тарады, бірақ Ресей қорғаныс министрлігі әлгі маневрін «жоспарлы» жаттығу деп атайды.

Америкалық New York Times газетіндегі «Пекиннің Солтүстік Кореядағы саясатын күмәнді орыннан – Қытайда отырып сынау» деген мақалада Корей соғысын зерттеген қытайлық тарихшы Шен Зихуаның «Қытай екіге бөлінген Корей түбегінде ұстанатын саясатын әбден бүлдірді» деген сөзіне қатысты комментарий берген.

Қытай ақпанда Солтүстік Кореядан көмір импорттауды уақытша тоқтатып, оны ірі кіріс көзінен айырғаны жайлы хабар тараған. Бірақ Қытай сауда-саттықты мүлде тоқтатуға келіспей отыр, ал Пхеньян, Сеул және Вашингтонмен бұл мәселеге қатысты таластың беті барған сайын өктем болып барады. «Тараптардың бәрімен дос болу әрекеті қауіпті болып шықты» деп жазады New York Times.

Ұлыбританияның Economist журналындағы «Қытайдың азиялық көршілері ұлы державамен бәскелестікте қалай тірішілік етіп отыр?» деген мақалада Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Қытайдың ықпалын талдаған. Бұл мақалада да «бұл елдер бәрімен достасуға шебер, бірақ бұл барған сайын қиындап барады» деген тұжырым жасайды.

«Қытайдан тысқары Солтүстік Кореядан өзге азиялық елдердің бәрі аймақта АҚШ-тың ықпалы болғанын құптайды әрі оның жалғаса бергенін қалайды. Сингапур елшісінің сөзінше, аймақ елдері «таңдағысы келмейді, өйткені бұл маневр жасауға көбірек орын береді» […] Бірақ олардың үміт етуі барған сайын қиындап барады. Елшінің айтуынша, Қытай Азияның екіге жарылуы, яғни қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Америкаға, ал әл-ауқатын жақсарту үшін Қытайға сүйену саясаты енді жалғаса алмайды деген талап қойып отыр» деп жазады Economist.

Қазақстан көрші Қытайды экономикалық әрі саяси ірі серіктес ел деп санайды. Екі ел арасында ондаған миллиард доллардың экономикалық ынтымақтастық келісімі бекітілген.                                                                                                                                                                     Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: