«Олар дайындалуда». Саясаттанушы Ресейдің арам пиғылын әшкере етті
Камшат Сатиева Ресей Қазақстандағы билік алмасқан жағдайда не істеу керек екендерін алдын ала ойластырып, оның сценарилерін әзірлеуде. Бұған Қазақстан территориясын Ресейге қосып алғысы келетін кейбір орыс саясаткерлерінің мәлімдемесі айғақ-деп жазды 365info.kz. Өткен аптада жарық көрген ресейлік тарих ғылымдарының кандидаты Григорий Мироновтың «Егер Қазақстан біздің бір федерация болмаса, оны Украинаның тағдыры күтіп тұр» атты мақаласына қатысты Forbes.kz-да жарияланған мақаласында саясаттанушы Досым Сәтпаев осылай деді. Бірінші — Грузия, одан соң — Украина… Оның пікірінше, бар шындықты, Қазақстан тарихын қасақана бұрмалауда автор өзінің тек ақымақтығын паш етті. Алайда мұндай мақалаға мән бермеу — күнә. Өйткені Ресей тарапынан күйе жағылып, ел қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін, күш көрсететін бұл мақала біріншісі емес. — Бірінші рет болса,