|  | 

Саясат

«Олар дайындалуда». Саясаттанушы Ресейдің арам пиғылын әшкере етті

Ресей Қазақстандағы билік алмасқан жағдайда не істеу керек екендерін алдын ала ойластырып, оның сценарилерін әзірлеуде. Бұған Қазақстан территориясын Ресейге қосып алғысы келетін кейбір орыс саясаткерлерінің мәлімдемесі айғақ-деп жазды 365info.kz.

Өткен аптада жарық көрген ресейлік тарих ғылымдарының кандидаты Григорий Мироновтың «Егер Қазақстан біздің бір федерация болмаса, оны Украинаның тағдыры күтіп тұр» атты мақаласына қатысты Forbes.kz-да жарияланған мақаласында саясаттанушы Досым Сәтпаев осылай деді.

Бірінші — Грузия, одан соң — Украина…

Оның пікірінше, бар шындықты, Қазақстан тарихын қасақана бұрмалауда автор өзінің тек ақымақтығын паш етті. Алайда мұндай мақалаға мән бермеу — күнә. Өйткені Ресей тарапынан күйе жағылып, ел қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін, күш көрсететін бұл мақала біріншісі емес.

— Бірінші рет болса, бұл жәй орын алған бір жағдай, екінші рет орын алса, оны кездейсоқтық дейміз, ал үшіншісі — енді қалыпты құбылыс болып саналады. Ең қорқыныштысы да осы. Ресейде осындай мақаланың жарық көруі — болашығымызға балта шабатын қауіптің басты индикаторы.

2008 жылы орыс-гүржі дағдарысы кезінен бастап осындай патриоттық ұранмен желпінтіп, сырттан және іштен жау іздеуде ресейлік қоғамды жұмылдырушы құралдар пайдаланыла бастаған. 2014 жылы Қырымды аннексиялап алған соң Батыстың алдында геосаяси бедел жинау үшін Кремль „кеңестік жерлерді қайтарып алып жатырмыз„ деген мағынада насихатты күшейтті.

Осындай жалаң ұран, өтірік дақпырттың салдарынан ресейлік қоғамның басым бөлігімен қатар, көптеген саясаткер мен өзін сарапшы атаушы адамдар да „зомби-жәшіктің„ құрбанына айналды.

Эдуард Лимоновтың немесе Владимир Жириновскидің Қазақстан территориясына таласы туралы мәлімдемелері де осыдан келіп туды. Олар ресейлік қоғамның белгілі бір бөлігін оған сендіріп жатыр. Мұның бәрі бүкіл әлем алдында Ресейдің аяғынан тік тұрып, бұрынғы ұлы держава мәртебесін қайтарып жатқаны секілді көріністі елестету үшін керек болды, — дейді саясаттанушы.

Ресей көрші мемлекеттерге баса-көктеп кіруге болатын құжатты әзірлеп қойыпты

Досым Сәтпаев РФ Мемлекеттік думасындағы ЛДПР партиясының мүшесі Павел Шперовтың, Хакасия парламентінің төрағасы Владимир Штыгашевтің де Қазақстан территориясының бірқатар аумағын ресейге қосып алу туралы мәлімдемелерін де мысал ете отырып, оның астарында не жатқанына үңіледі.

— Мұның бәрін жәй қытыққа тию деп мән бермей қоя салуға болар еді. Бірақ біздегі биліктің алмасуына алдын ала дайындалып, өз сценарилерін құрып жатқан Ресейдегілердің не ойы бар деп бір сәтке ойланып көрейікші. Мәселен,

Украинамен арадағы шиеленістен соң Ресей қабылдаған жаңа әскери доктринада жаңа қауіп-қатердің бір түрі ретінде көрші мемлекеттердегі биліктің алмасып, жауласушы режимнің пайда болуы деп көрсетілген.

Әрине, мұндай тезистің қолданылуына украин факторы әсер еткен шығар, бірақ „жауласушы режим„ дегенді әрқалай талқылауға болады.

Сондықтан да Селигерде 2014 жылы өткен жастар форумында Владимир Путинге рсеми сұрақ қойылғандығы да кездейсоқтық емес. Ресей президентінің де жауабы төбе шашымызды тік тұрғызды.

Ол қазақтарда 1991 жылға дейін ешқандай мемлекетшілдік болған емес деп салды. Ақорда дипломатиялық тілмен, Путинге қателескенін еске салуға мәжбүр болды. Біздікілердің айтқаны: 2015 жылы қазақтар мемлекеттік деңгейде Қазақ хандығының 550-жылдығын тойлағалы жатыр, Сіз не деп тұрсыз дегенге сайды.

Қалай дегенмен де бұл мәлімдемелер тек Ресей қоғамын желпінту үшін жасалып жатыр десек қателесеміз, ол — сырттағылар үшін де ескерту. Ресей ақпаратының Қазақстандағы ықпалын ескерсек, мұндай мәлімдемелер мен насихат жұмыстары өз ішімізде Троя аттарының пайда болуына әкеліп соғары сөзсіз. Бірқатар қазақстандықтар сотталды да емес пе? Украинадағы әскери шиеленісте сепаратистер қатарынан төбе көрсетті. Мұның бәрі — көршінің осындай мәлімдемесі мен үгіт-насихатының „жемісі„.

Көпвекторлы саясатты келмеске кетіре алады дей ме?

Тағы бір мәселе бар. Қазақстанның көпвекторлық саясаты істен шығып қалу қаупі бар. „Бөтенсің бе„, әлде „бізбенсің бе„ деп көрпені тарта бастаса, береке кетпегенде қайтеді?

Кремльдегілер Қазақстандағы көпвекторлы саясатты посткеңестік саясаттағы жалғыз патриарх үшін ғана мойындап отыр, онда да осы өңірдегі ұйымдарға — ҰҚШҰ мен ЕАЭО қосылған еңбегі үшін.

Саясаттанушының пікірінше, осы одақтар Қазақстанды ақыры тығырыққа әкеп тіреуі әбден мүмкін.

— Бұл ұйымдарға мүше болғандықтан Ресей Қазақстанға терезесі тең одақтас емес, өз меншігі секілді қарайды. Осыдан келіп көптеген түсінбестік орын алуда. Осы негізде Ресейде Қазақстан туралы негатив мақалалар да жарық көріп жатады…
Негізінен, кезінде Өзбекстан президенті, марқұм Ислам Кәрімов осы жағдайды дұрыс бажайлап, ҰҚШҰ-дағы мүшелігін бірнеше жыл бұрын кілт тоқтатып, Еуразиялық экономикалық одаққа кіруден бас тартқан. Қазіргі жаңа биліктің де мұндай ойы жоқ. Қалай дегенмен де Орталық Азия елдері ішінде Қазақстан Ресеймен қарым-қатынасында мүлде кілт өзгерістер жасай алмайды. Кейбір жерде біз өз-өзімізді ұстап беріп отырмыз. Кей жерде географиялық факторлар үлкен рөл атқарып кеткен.

Шекараны қайта қарау керек дегенді ұстанатындар үшін, бұл арада баса айта кетейін, кеңестік және посткеңестік кезең баяғыда ақырына жеткен. Қазақстанда тәуелсіздіктің жаңа буыны өсіп келеді. Бұл — өзін ана тілі мен тарихымен байланыстыратын өскелең ұрпақ. Ал осыдан қауіп көретіндер, бұл процесті тоқтатқысы келетіндер болса, онда тарихты кері айналдырсын!

Билік транзиті кезіндегі біздің мақсатымыз да — тұралау үшін емес, даму үшін тұрақтылықты сақтау. Ішкі және сыртқы жаулардың тәуелсіздігімізден айырылып қалатындай арандатуларына түспеу.

Алда қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейе түседі

Сәтбаев Қазақстанның ішкі саясатында екі нәрсеге аса көңіл бөлу керектігін айтады.

— Біріншісі — Қазақстанда тұратын көпэтностың мүмкіндігін бағалау. Тарихқа қарасаңыз, жауласу, арандату ұлтаралық, конфессияаралық қақтығыстан туындайды. Сондықтан осы бағытта Қазақстан дұрыс саясат ұстанып отыр, оны дамыта беру керек.

Екіншіден, өзге этнос өкілдеріне қарағанда қазақтардың саны артып келе жатқанын айғақтайтын демографиялық трендпен санасу керек.

Алда қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейіп, тереңдей түседі. Бұл — объективті әрі бұлтартпас процесс. Осыны біздегі барлық этнос өкілдері дұрыс қабылдап, уақтылы түсінуі тиіс.

Біз қазақ деп аталамыз ба, әлде қазақстандық боламыз ба, ол маңызды емес. Бастысы, биліктегі және қоғамдағы патриоттар мен мемлекеттік қызметкерлер уақтыша жүргендерден көбірек болса. Сонда ғана біз Қазақстанды мықты әрі бәсекеге қабілетті ете аламыз.

 

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: