Арман Шораев: «Қазақ ұлтшылдығын құбыжық етіп көрсетудің қажеті жоқ»
Фашистер, ультра радикалдар деген ұғымды қазаққа қолдануға болмайды. Иә, соңғы кездері ұлтшылдығымыз күшейді, бірақ ол кейбіреулер көрсеткісі келетіндей, экстремистік, сепаратистік сипатта емес. Қазақ сол бәз-баяғы толерантты, парасатты қалпында-деп жазды 365info.kz. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ халқы өзінің тегі, ата-бабалары, ақтаңдақ тарихы туралы көбірек біле бастады. Біз өзіміз үшін көп жаңалық аштық. Осы тұрғыдан алғанда, тәуелсіздік алған елдің ұлтшылдығының күшеюі заңды құбылыс. Бұл туралы қоғам белсендісі, танымал журналист Арман Шораев Сentral Asia Monitor басылымына берген сұқбатында айтты. Ұлтшылдар 10-15 жылдан кейін саяси өмірге белсене араласа бастайды „Өкінішке қарай, Кеңес заманында мектепті бітіріп, жоғары оқу орнын тәмамдасам да өз тарихыммен мақтана алмадым, себебі, мен өз тарихымды білмедім. Ал қазір ғалымдар бұл бағытта