|  | 

Саясат

ОЛАР – ҚАЗАҚСТАНДЫ РЕСЕЙГЕ ҚОСҚЫСЫ КЕЛЕТІН “ҚАЗАҚТАР”

 

Ресейге қосылуы тиіс», «қазақ орысқа қосылса ғана адам болады» немесе «Мен 1991 жылдан бері Олимпиада көрмеймін. Себебі, КСРО құлады. Қазақстан Ресейге қосылғанда ғана көретін боламын» дейтін Ермек Тәйшібеков жоқ. Бірақ, ол сияқтылар аз емес. Арамызда жүр. Және аты-жөніне қарасақ бәрі де қазақ…

Олар «орыс әлемін» жарнамалайды. Олар «қазақ орыссыз күн көре алмайды» дейді. Олар Путинге табынады. Олар әлеуметтік желі арқылы жұмыс жасайды. Олардың жазбалары қауіпті, уытты. Сіз, мұны біліп жүруіңіз керек.

Қазақ ұлтшылдарын балағаттап, мемлекеттік тілді мазақтап, «орыс әлемін» ұлықтап жүрген әлеуметтік желідегі «қазақтардың» бір тобының ой-пікірін қаз-қалпында бергенді жөн көрдік.

Олардың мақсаты не? Олар нені көздейді, нені аңсайды және неден қорқады?..Абай болыңыз! Сеніп қалмаңыз…Пікірлердің адамды арбап алатын «құдіреті» бар.

Руслан ИБРАЕВ:

«МЕНІҢ ОТАНЫМ – КСРО»

«Маған біздің ұлтшылдар: «Егер біздің жерімізде дәл Украинадағы жағдай қайталанатын болса қайтесің? Қазіргі «ДНР», «ЛНР» сияқты ұйымдар құрылып жатса солардың қатарында қазақтарға қарсы соғыспақсың ба?» деген сауал қояды. Мен оларға былай деп жауап беремін: «Соғыс басталмай тұрып, алдымен майдан болады…Міне, сол кезде мен біздің полицейлерге, омондарға шай ысытып беремін, тамағын жасаймын, палаткілерін құрамын. Оларға барынша қолдау көрсетемін, көмектесемін. Мұның барлығын сендердей ұлтшылдарды билікке жібермеу үшін жасаймын…».

«Қазақстан менің – кіші Отаным. Менің үлкен Отаным – КСРО. Бір кезгі Кеңес Одағынан тарап кеткен, республикалар, бірігіңдер!».

«Алма-Атаның бұрынғы атауы – Верный. Аты айтып тұр, біз қазақтар сенімді одақтаспыз. Батысшылардың аузына құм құйылсын. Біз Ресеймен біргеміз».

«Қазақ тілі дейсіз бе? Күлкімді келтірмеңіз. Тарихта ұлы ұлттар шағын елдерді жұтып қойған мысалдар аз емес…Орыс тілін жоғалтқан ұлт әлеммен арадағы байланысын үзеді. Ғылым, медицина, инженерия -біз барлығын орыс тілі арқылы меңгердік».

«Батысшылдар мен ұлтшылдар жүрген жерде – ылғи төңкеріс, атыс-шабыс, соғыс. Дәл осындайлардың кесірінен 1917 жылғы революция болды. Дәл осындайлардың кесірінен азаматтық соғыста қаншама адамнан айырылдық. Қазір де араға от салмақсыңдар. Тарихымыз ортақ бауырлас елмен (Ресеймен) араздастырғыларың келеді. Армандапсыңдар, болашаққа Еуразиялық Одақпен бірге барамыз».

Нариман ЕСИМБЕКОВ:

«ЕҢ ҰЛЫ КӨСЕМ – СТАЛИН!»

«КСРО-да туған әрбір адам өзінің әлемдегі ең керемет мемлекеттен айырылып қалғанын жақсы түсінеді. Ал бұл мемлекеттің қабырғасын қалаған әлемдегі ең ұлы көсем – Сталин!»

«Америка Ресейге күллі әлемді қарсы қойғысы келді, бірақ жақын арада күллі әлем АҚШ-қа қарсы шығады».

«ЕҚЫҰ-ға таңым бар. Украинаның шығысындағы хунта мыңдаған адамды өлтіріп жатыр. Малайзиялық «Боинг» ұшағын да атып құлатқан солар. Әлде мен қателесем бе? Анығы, орыс әлемін неғұрлым жеккөрген сайын, соғырлым бауырлас орыстар күшейе түседі. Ал жақын уақытта олар әлемді билейтін болады. Сонда ғана әділдік орнайды».

«Ұлтшылдар елдің санасын улап жатыр. Әсіресе, жастардың…Орысты жексұрын қылып көрсету үшін насихат жүргізуде. Ұлтшылдарға АҚШ жетекшілік етеді. Аштық тақырыбын жақсы пайдаланып отыр. Айталық, сол кезгдегі жүйе, орыстар қазақтарды қырған дейді…Мұның бәрі өтірік. Өтірік! Тарихты бұрмалау».

Ерлан ЕСЕНАЛИЕВ:

«ОРЫС ТІЛІНІҢ ТӨҢІРЕГІНЕ ТОПТАСУ КЕРЕК»

«5 институттық реформ». «100 қадам», «Қазақстан-2050», «Нұрлы жол». Атауы айғайлап тұрған идеялар мен бағдарламаларды біздің еліміз тек «орыс әлемімен» біріккенде ғана жүзеге асыра алады. Ресейсіз бұл бағдарламалардың бірде бірінің мәні жоқ, әншейін лозунг ретінде қалады».

«Егер тұтас ТМД кеңістігінде ресейлік RT спутниктік телеарнасын алдымен 2 айға таратып, артынша бір кезгі КСРО құрамында болған елдерде Ресейдің құрамына өту туралы референдум жүргізер болсақ, нәтижесі мынадай болады: алғашқы екі айда Қазақстан халқының 80 пайызы Ресейге қосылуға келіседі. Ал хабар таратуды 6 айға ұзартар болсақ халықтың 95 пайызы Ресей құрамына қосылуға ниет танытады».

«Айтыңыздаршы, қазақ, қырғыз, өзбек сияқты этностар өз тәуелсіздігінің 25 жылында адамзатқа пайдалы қандай да бір жаңалық ашты ма? Қазақ, өзбек, қырғызға тиесілі жетістіктердің 98 пайызы орыс интеллектісінің жемісі. Орыс интеллектісінің көмегімен қазақтар ХХІ ғасырға енді. Біз орыс өркениеті мұраға қалдырған дүниені пайдаланып келеміз».

«Таң қаламын. Неге Қазақстаннан орыстар көшіп жатыр, ал олардың орнына оралмандар келуде…Неге? Бүгінгі Қазақстанды оның өндірісін тұрғызған орыстар. Олар бар қиындықты бізбен бірге көрді. Қазіргі оралмандардың бабалары қиын сәтте басқа елге көшіп кетті. Орыстар неге қазіргі оралмандардың бабалары сияқты көшіп кетпеді? Қазақстандағы өркениетті жасаған да, құрған да орыстар. Ал оралмандар дайын дүниеге келді».

«Мен қазақ ұлтшылдарын батыс-украиндық Бандеровшыларға ұқсатамын. Қазақ және украин ұлтшылдарын англо-американдық трансұлттық корпорациялар, қорлар, олигархтар қаржыландырады. Олар Қазақстан тәуелсіздік алған тұста пайда болды…».

«Орыс ұлты – күллі Еуразия халықтарын ортақ геоөркениетті кеңістікке біріктіретін ұлт. Орыс дегеніміз бейбітшілік бастаушысы, әділеттілік пен дамудың жолбасшысы».

«Біз алып «орыс әлемін» қалай сақтап қаламыз, білесіздер ме? Ол үшін Ресейдің, орыс тілінің төңірегіне топтасуымыз керек».

Кайрат БАЙГЕРЕЕВ:

«АЛАШОРДАЛЫҚТАР – ҚОРҚАҚТАР»

«Георгий лентасы – «орыс әлемінің» символы. Орыс әлемі дегеніміз не? Біріншіден, бұл этникалық түсінік емес. Бұл тұтас өркениет. Яғни, бұл әлемді орыстың балалайкасы, «березкасы» немесе орыс балетімен шектеуге болмайды».

«Орыс әлемінің идеологиясы бірінші кезекте – православия. Яғни, дін. Кеңес үкіметі православты болатын… Сондықтан да біз – бір кездегі КСРО азаматтары, ұлттық немесе діни ерекшелігімізге қарамастан болмысымыз бір. Біз христиандық құндылықтар жүйесінің өкіліміз».

«1945 жылдың 30 сәуірінде Рақымжан Қошқарбай және орыс солдаты Григорий Булатов Рейхстагқа ту тіккенде қазақ қайта туды. Сол кезден бері біз орыс әлемінің ажырамас бөлігіне айналдық».

«Бүгін кейбіреулер орыс әлемін тықсырғысы келеді. Біздің жерде…Батыс иделогиясы басып барады. Орыс тілі де қысым көруде. Іс-қағаздарды латыншаға көшіру де орыс өркениетін ысырудың бір жолы. Мынаны түсініп алу керек: орыс өркениетін жоғалтып алсақ, қазақ деген ұлттың өзі құриды. Біз әншейін «азаматтық қоғамға» айналамыз».

«Алашордалықтар – бұл большевик Амангелді Имановты сатып кеткен қорқақтар, алаяқтар. Міне, бүгінде олар күллі қазақ халқының арманы мен эталонына айналған. Тарихты бұрмалау жүріп жатыр. Кеңес одағы болмаса,яғни, ұжымдастырудан, тың игеруден және басқа тектоникалық өзгерістер кезеңінен өтпесе, қазақ ұлт ретінде қалыптаспас еді.

Ал, алашордалықтардың біздің ұлтқа еш қатысы жоқ. Қайдағы бір Бөкейхановтың суреті қазір барлық мектепте ілініп тұр…Сонда орыс әлемі қайда?!».

«Қазақ тілін білу туралы талап қою мәдениетсіздік пен білімсіздіктің белгісі. Мұндай талапты көп жағдайда ой-санасы, білім деңгейі шектеулі, тек қана қазақша сөйлей алатын адамдар қояды. Мұса пайғамбар еврей тілін білген жоқ, бірақ өз миссиясын орындап кетті…».

Дайындаған, Думан БЫҚАЙ

facebook әлеуметтік желісінен алынды

orisquldarorisquldari

oris quldar

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: